Алматыдағы көктайғақ

Синоптиктер алдағы үш күнде ауа райы қандай болатынын айтты

862
(Жаңартылды 21:07 27.02.2020)
Жұма күні астана көшелерінде көктайғақ болады. Күндіз минус екі, түнде 10 градус салқын. Негізінен, жауын-шашынсыз

НҰР-СҰЛТАН, 27 ақпан — Sputnik. Өңірлердегі ауа райына ығысып бара жатқан циклонмен байланысты фронттар әсер етеді, деп хабарлады "Қазгидромет".

Астанадағы ауа райы

Жұма, 28 ақпан күні астанада көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 9-14 метр. Түнде ауа температурасы минус 8-10 градус, күндіз 0, -2 градус.

Сенбі, 29 ақпан күні, жауын-шашын болмайды. Оңтүстік пен оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні секундына 5-10 метр. Түнде минус 8-10 градус, күндіз 0 және -2 градус.

Жексенбі, 1 наурыз күні түнде 4-6 градус нөлден төмен, күндіз 0, +2 градус жылы.

Алматыдағы ауа райы

Алматыда 28 ақпан күні жауын-шашын болмайды. Түнде тұман, ауа температурасы 0, -2, күндіз плюс 5-7 градус.

Сенбі, 29 ақпанда түнде 2-4 градус, күндіз 7-9 градус жылы.

Наурыздың бірі күні желдің екпіні 0-5 м/с. Түнде 0, минус екі, күндіз 10-12 градус жылы.

Шымкенттегі ауа райы

28 ақпан күні Шымкентте жауын-шашын болмайды. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 8-13 м/с. Түнде 3-5 градус салқын, күндіз 7-9 градус нөлден жоғары.

Сенбі, 29 ақпанда түнде 1-3 градус, күндіз 10-12 градус жылы.

Наурыздың бірі күні  оңтүстік-шығыстан жел соғады. Жылдамдығы – 5-10 м/с. Түнде +2-4 градус, күндіз плюс 13-15 градус шамасында.

Өңірлердегі ауа райы

Маңғыстау облысында жұма күні жел күшейеді. Жылдамдығы секундына 15-20 метр. Кей жерлерде екпіні 23 м/с-ке дейін жетуі мүмкін.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай облысы боран, тұман, көктайғақ болады.

Шығыс Қазақстан облысында жел күшейеді. Жылдамдығы – 15-20 м/с. Боран, көктайғақ болады.

Қарағанды облысында түнде және таңертең тұман.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда наурызда ауа райы қандай болады

Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарында тұман болады. Желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. 

Түнде Алматы облысында тұман, көктайғақ, жел күшейеді.

Атырау облысында түнде, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетеді.

Батыс Қазақстан облысында жел 15-20 м/с-ке дейін көтеріледі. Ақтөбе облысында жылдамдығы 18 м/с. 

 

862
Кілт сөздер:
наурыз, ақпан, синоптиктер, ауа райы
Тақырып бойынша
"Қардан мысықпен қоса алып шықтық": құтқарушылар екі адамды қалай тапқанын айтты
"Бізді жамандай бермеңдер": Татьяна қар тазалаушылардың жанайқайын жеткізді - видео
Фотофакт: елордада 30 градус аязда жейдемен жүрген ер адам жұртты таңғалдырды
Нұр-Сұлтанды қалың тұман басты – фотофакт
Ақмола облысында қатты жел ағаштарды жұлып, үйлердің шатырын ұшырды
қыз, архив

Қостанай облысында анасымен ұрсып қалған қыз өзіне қол салмақ болды

2891
(Жаңартылды 21:20 28.11.2020)
Оқиға Қостанай облысында болды. Қызды құтқару үшін полицейлер гараждың терезесін бұзып кірді

НҰР-СҰЛТАН, 28 қараша— Sputnik. Қостанайлық полицейлер өз-өзіне қол салмақ болған қызды құтқарып қалды, деп хабарлайды өңірлік полиция департаменті.

Қостанай тұрғыны тәртіп сақшыларынан көмек сұраған. Ол қалаға жақын маңдағы Тобыл ауылында қызы гаражды ішінен жауып алып, өзіне қол жұмсамақ ниетте екенін хабарлайды.

Бірнеше минуттан кейін әйел айтқан мекенжайға полиция лейтенанты Амангелді Сыздықов пен Мүслім Исабаев келеді.

Олар гараж ішінен көлік қозғалтқышының дыбысын естиді, ал терезеден көлік ішінде отырған қызды көреді.

Оқи отырыңыз: Батыс Қазақстанда 15 жасар қыз неге күйеуге шыққаны белгілі болды

Полицейлер гараж ішіне кірудің басқа жолы болмағандықтан терезені бұзып кіреді. Олар қызды таза ауаға алып шығады. Осы уақытта анасы да келіп жетеді.

Кейін белгілі болғандай, әйел қызымен ұрсып қалған, сондықтан бойжеткен өзіне қол салмақшы болады. Полицейлер олармен профилактикалық әңгіме өткізіп, екеуін үйге жеткізіп тастайды.

2891
Жүргізуші куәлігі, архивтегі фото

"Кім екенімді білесің бе?": экс-депутаттың ерсі қылығы видеоға түсіп қалды

4358
Полицияның "қауіпсіздік белдігін тағыңыз" деген ескертуі бұрынғы депутатқа жақпаған көрінеді. Ол дөрекілік танытып, блок бекеттен өтіп кетпек болған

НҰР-СҰЛТАН, 28 қараша – Sputnik. "Братишка, кіммен сөйлесіп тұрғаныңды білесің бе?". Павлодар облыстық мәслихатының бұрынғы депутаты тәртіп сақшыларына осылай сес көрсетті. Видеоны облыстық полиция департаменті таратты.

Тәртіп сақшысының "жеті атасын" түгендеген экс-депутат осы күнде белді бизнесмен көрінеді. Бірақ "тергеу құпиялығына байланысты" деген желеумен полиция оның аты-жөнін ашып айтпады, деп хабарлады "Астана" арнасы.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда депутат ұсталды 

Келтірілген деректерге қарағанда, көлік блок-бекетте тоқтатылған. Жүргізушінің қалаға кіріп-шығатын құжаттары түгел көрінеді. "Қауіпсіздік белдігін тағыңыз" деген полиция ескертуі бұрынғы депутатқа жақпаған екен. Ол дөрекілік танытып, блок бекеттен өтіп кетпек болған.

"Аталған факті бойынша ер адамға қатысты әкімшілік іс қозғалды. Тергеу аяқталғанша уақытша ұстау абақтысында қамауда болды. Артынан сот шешіміне сәйкес оған 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды", - деді Павлодар облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Жанна Біләлова.  

4358
Кілт сөздер:
Павлодар облысы, видео, депутат
Тақырып бойынша
Қазақстанда сотталған қырғыздың экс-депутаты бостандыққа шықты
"Кімге керек?": Мәжілісмен бір топ депутаттың қандай проблемаға тап болғанын айтты
Оралда адам өліміне байланысты депутаттың ұлы ұсталды
 Майк Тайсон мен кіші Рой Джонс

Майк Тайсон мен Рой Джонс шаршы алаңда кездесті жекпе-жектің толық видеосы

1033
(Жаңартылды 12:52 29.11.2020)
Аты аңызға айналған боксшылардың жекпе-жегі бүгін қазақстандық уақыт бойынша таңертең АҚШ-та өтті

НҰР-СҰЛТАН, 29 қараша – Sputnik. Атақты америкалық боксшылар Майк Тайсон мен кіші Рой Джонс Лос-Анджелесте Staples Center аренасында жекпе-жек өткізді.

Бұл жекпе-жек "Аңыздар шайқасы" кешінің басты оқиғасы болды. Көптен күткен кездесу ерекше регламент бойынша өтті - әрбірі екі минутқа созылған сегіз раундтан тұрды. Жекпе-жек қорытындысы бойынша екі боксшы тең түсті. Бірақ бұл нәтиже спортшылардың көңілінен шықпады. Майк Тайсон наразылық білдіріп, рингтен кетіп қалды. 

Айта кетсек, Майк Тайсон соңғы рет 2005 жылы жұдырықтасқан болатын. Ол кезде Кевин Макбрайдтан жеңіліп қалған еді. Рой Джонс шаршы алаңға 2018 жылы шығып, Скотт Сигмонды жеңді.

1033
Кілт сөздер:
видео, жекпе-жек