Бердібек Сапарбаев

"Басқаша сөйлесеміз": Сапарбаев жұмысы шикі басқарма басшыларына шүйлікті

1508
(Жаңартылды 08:43 03.03.2020)
Жамбыл облысының әкімі өңірде әлі күнге дейін кепілді әлеуметтік пакеттер берілмей жатқанына қынжылыс білдірді

НҰР-СҰЛТАН, 3 наурыз – Sputnik. Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев облыстық әкімдікте өткен аппараттық кеңесте әлеуметтік салаға жауапты басқармалардың жұмысын сынға алды.

"Абайдың 175 жылдығына арнайы ұйымдастырылған концерт төмен деңгейде өтті. Алғыс айту күнін өткізу кезінде техникалық жапсырма әзірленбеген. Мәдени-көпшілік іс-шаралар өткізу ойдағыдай жолға қойылмаған", - деді аймақ басшысы өз сөзінде.

Әсіресе ауылдық кітапханалардың әлеуетін кеңінен пайдалану, жастар арасында рухани-адамгершілік бағыттағы кітаптарды насихаттап, оқылымын арттыру қажеттігі айтылды.  

"Бұл жағдай сабақ болсын": Сапарбаев жаңа қызметтегі алғашқы тапсырмасын берді 

Сондай-ақ, өңірден шыққан спорт саңлақтары мен чемпиондардың ауыл балаларымен кездесулерін ұйымдастыру, мектептерді спорттық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету жайы сөз болды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Аймақ басшысы спорт басқармасының басшысына білім басқармасымен бірлесіп аудандарды аралап, жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру стратегиясын әзірлеуді, әрбір ауылдағы спортты дамыту жөніндегі инспектордың штатын қарастыруды тапсырды.

Ол ғана емес, жиында АӘК алмайтын отбасылардың жұмыспен қамтылуы, аз қамтылған отбасыларға көмек көрсету үшін оларды кәсіпкерлерге, шаруа қожалықтарына бекіту қажеттілігі туралы да баса айтылды.

Сапарбаев әлі күнге дейін кепілді әлеуметтік пакеттер берілмейтініне қынжылыс танытты.

"Егер осы аптада әлеуметтік пакеттерді беру шарасы нақты қолға алынбаса, басқаша сөйлесетін боламыз", - деді аймақ басшысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысына.

Жұмыспен қамту басқармасымен бірлесе отырып, жастар арасындағы жұмыссыздық мәселесін жою бойынша карта әзірлеу, жұмыс болмаған жағдайда колледждерде тегін оқыту жайы да сөз болды.

"Жастар неге қоғамдық тәртіпті бұзады? Үйі мен күйі болмағандықтан! Егер оларға арналып әр түрлі демалыс шаралары ұйымдастырылып отырса, олардың бұзақылық жасауға уақыты болмайды", - деп есептейді Сапарбаев.

Еріктілер тек көшелерді тазалау және қарияларға көмек көрсету үшін ғана емес, өмірдің барлық салаларына тартылуы тиіс. Бұл шараларды ішкі саясат басқармасы ұйымдастырып, бақылап отыруы міндет.

 

1508
Кілт сөздер:
әлеуметтік көмек, Бердібек Сапарбаев
Тақырып бойынша
"Дұрыс түсінген жоқ": Тоқаев Қордайдағы мәселе туралы айтты
Назарбаев жаңа қызметіне кіріскен Тоғжановқа не деді?
Қордайда дүнгендермен кездескен мәжіліс депутаты эмоциясын ұстай алмады
Сапарбаев Қордай ауданындағы қазіргі жағдай жайлы айтты
Тоқаев билік қандай кемшілік жібергенін айтты
Қырау басқан жапырақтар

Тұман, жаңбыр және қатты жел ертеңге ауа райы болжамы жарияланды

48
Республиканың басым аумағында ауа райы жауын-шашынсыз болады, солтүстікте жаңбыр жауады деп болжануда

НҰР-СҰЛТАН, 31 қазан – Sputnik. Қазақстанда, синоптиктердің болжамынша, 1 қарашада күн ашық болады.

Қазақстанның басым аумағында антициклон әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады. Тек елдің солтүстігінде жаңбыр жауады деп болжануда. Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, оңтүстік және оңтүстік-шығыста жел күшейеді.

Өңірлердегі ауа райы

Алматы облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі, күндіз Жалаңашкөл ауданында секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.

Тағы оқыңыз: Төтенше жағдайлар министрлігі автокөлік иелеріне үндеу жасады

Жамбыл, Ақмола, Батыс Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерді тұман басады, Жамбыл облысында түнде желдің екпіні 15-20 м/c дейін күшейеді.

Дабылды ескерту

Қызылорда облысында күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін барады.

Ақмола облысында 1 қарашада тұман түседі деп болжанып отыр.

Мегаполистерде ауа райы қандай болады

Нұр-Сұлтанда күн ашық болады. 3-5 м/c жел тұрады. Түнде ауа температурасы -3-4 градус, ал күндіз – 5-8 градус жылы.

Алматыда да ауа райы жауын-шашынсыз. Секундына 1-8 метр жылдамдықпен жел соғады. Сынап бағанасы түнде +4... +5 градусты, ал күндіз +9... +10 градусты көрсетеді.

Шымкентте күн жылы әрі ашық,  2-5 м/c жел соғады. Ауа температурасы түнде +3... +5, күндіз +17... +19 градус болады.

48
Кілт сөздер:
ауа райы болжамы
Қалыңдық, архивтегі сурет

Батыс Қазақстанда полиция қалыңдықты "күйеуінің" үйінен әрең шығарды видео

2436
(Жаңартылды 12:30 31.10.2020)
Әйел қызы кешкі алты кезінде үйден шығып, оралмағанын айтқан. Отбасының жағдайы жақсы, бұған дейін мұндай оқиға болмаған

НҰР-СҰЛТАН, 31 қазан – Sputnik. Батыс Қазақстанда жоғалып кеткен 16 жастағы оқушы қыз  "күйеужігіттің" үйінен табылды. Ол үйіне оралғысы келмеген. 

Облыстың полиция департаментінің хабарлауынша, 28 қазан күні сағат 21:00-де Бәйтерек ауданы полиция бөліміне хабар түскен. Кәмелетке толмаған қыздың анасы хабарласты, деп хабарлайды Polisia.kz.

Әйел қызы кешкі алты кезінде үйден шығып, оралмағанын айтқан. Отбасының жағдайы жақсы, бұған дейін мұндай оқиға болмаған. Полиция бөлімінің барлық қызметкері оқушыны іздеуге жұмылдырылды. Мектеп ұжымы мен тұрғындар да атсалысты", - деді БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібеков.

Әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу кезінде жоғалған қыздың орамалмен түскен суреті анықталды. Ол "күйеуге шыққан". Полицейлер оқушыны ата-анасының үйіне жеткізді.

Ол өз еркімен қалыңдық болғанын айтып, үйіне оралғысы келмек, қарсылық білдірген.

2436
Кілт сөздер:
видео, қалыңдық, полиция, Батыс Қазақстан облысы
Тақырып бойынша
Той үстінде күйеу жігіт қалыңдықтың бетінен салып жіберді – видео
Атырау облысында бір апта "тұрмыста" болған 13 жасар қалыңдық үйіне қайтарылды
Қалыңдықтың үйлену тойында жасаған әрекеті қайғылы жағдайға әкеп соқты
Үйлену тойының фотосессиясы кезінде бірнеше адам көз жұмды: арасында қалыңдық та бар
Қалыңдық Оралда, күйеу жігіт Кореяда: Қазақстанда ерекше той өтті