Архивтегі фото

Түркістан облысында марихуана сатқан ерлі-зайыпты ұсталды

194
Күдіктілердің үйін тінту кезінде 20-дан астам сіріңке қорабы табылып, тәркіленіп алынды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде

НҰР-СҰЛТАН, 3 наурыз – Sputnik. Түркістан облысында полиция қызметкерлері марихуана сатумен айналысқан ерлі-зайыптыны ұстады, деп хабарлады Polisia.kz.

Облыстық ПД криминалдық полиция басқармасына Түркістан қаласының тұрғындары есірткі сатумен айналысатыны туралы ақпарат келіп түскен. Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері есірткі затын өткізді деген күдікпен Түркістан қаласының тұрғындарын құрықтады.

Оқи отырыңыз: Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ақтау әуежайында үш адамды ұстады 

Белгілі болғандай, ер адам мен оның жұбайы ұзақ уақыт бойы облыс орталығының аумағында марихуана сатумен айналысқан. Күдіктілердің үйін тінту кезінде 20-дан астам сіріңке қорабы табылып, тәркіленіп алынды. Сот-криминалистикалық сараптамасына сәйкес, тәркіленген есірткі заты жалпы салмағы 100 грамм болатын "кептірілген марихуана" болып шықты.

Күдіктілер қамауға алынды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілер 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

194
Кілт сөздер:
есірткі, марихуана
Тақырып бойынша
Петропавл полициясы әйелден 3,5 миллион теңгенің есірткісін тәркіледі - видео
ҰҚК Ақмола облысының төрт тұрғынын ұстады
Нұр-Сұлтанда есірткі жасайтын зертхана табылды
Танымал актриса есірткімен ұсталды – оқиғаның мән-жайы
Енді есірткі сатқандар мен педофилдер өмір бойы түрмеде отыруы мүмкін
"Қылмыс әлемінің серкесі" Серік Жаманаев Алматыда қолға түсті  
Ыстық ауа райы

36 градус ыстық және жел: ертең ауа райы қандай болады

1039
(Жаңартылды 21:17 15.05.2021)
Қазақстанның бес облысында дабылды ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН, 15 мамыр - Sputnik. Синоптиктер республиканың басым бөлігінде ауа райы ашық болады деп болжайды. Бес облыста дабылды ескерту жарияланды.

Дабылды ескерту

Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Түстен кейін 36 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында секундына 25 метрге дейін жел күшейеді.

Павлодар облысында кей жерлерде найзағай ойнап, секундына 20 метрге дейін жел күшейеді.

Қостанай облысында 35 градусқа дейін қатты ыстық болады деп болжануда.

Жексенбіде Қызылорда облысында кей жерлерде шаңды дауыл күтіледі, жел секундына 15-20 метрге жетеді.

Мегаполистегі ауа райы

Нұр-Сұлтанда күн бұлтты, жаңбыр жаууы мүмкін. Ауа температурасы түнде плюс 10-12, күндіз 27-29 градус ыстық. Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрді құрайды.

Алматыда күн бұлтты, жауын-шашын болуы мүмкін. Ауа температурасы түнде 7-9 градус, күндіз 19-21 градус ыстық.

Шымкентте күн ашық. Желдің екпіні секундына 13 метрге дейін жетеді, ауа температурасы түнде плюс 14-16, күндіз 27-29 градус ыстық болады.

1039
Кілт сөздер:
Қазгидромет, ауа райы
Улицы Шымкента

Шымкентте карантин талабы өзгерді жаңа қаулы шықты

114
Мегаполистегі карантин және шектеу шаралары 16 мамырдан бастап эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін ұзартылды

НҰР-СҰЛТАН, 15 мамыр - Sputnik. Шымкент қаласының бас санитар дәрігері Әбдіманап Төлебаев жаңа қаулыға қол қойды. Оған сәйкес мегаполис аумағында коронавирустың таралуына байланысты енгізілген шектеу шаралары ұзартылады.

"Шымкент қаласында карантин режимін және коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу жөніндегі шектеу шаралары 2021 жылдың 21 мамырынан бастап эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін ұзартылсын", ​​- делінген құжатта.

Қала тұрғындары мен қонақтарына адам көп жиналатын кез-келген іс-шараларды өткізуге тыйым салынған.

Оқи отырыңыз: Вакцина салдырмағандарға талап өзгерді – Қызылордада жаңа қаулы жарияланды

65-тен асқан адамдардың жүріп-тұруына шектеу қойылады. Көшеде және қоғамдық орындарда әлеуметтік арақашықтық пен маска режимін сақтау керек.

Құжаттың толық мәтінін мына жерден оқуға болады.

114
Кілт сөздер:
Шымкент, карантин, шектеу
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин