Нұр-Сұлтан

Қатты жел және назағай: бүгін елімізде ауа райы қандай болады

354
(Жаңартылды 20:17 15.03.2020)
Синоптиктер бірнеше облыста дабылды ескерту жариялады, ауа температурасының жоғарылауына және жауын-шашынға байланысты өзендерде қар еруі мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 14 наурыз – Sputnik. Қазақстан аумағының кей жерінде жаңбыр және жабысқақ қар жауады. Тек еліміздің оңтүстігі, шығысы және орталығында жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады.

Республиканың кей жерінде тұман, көктайғақ, жел күшейіп, оңтүстікте найзағай күтіледі.

Дабылды ескерту

15 наурызда Ақмола облысының кей жерінде тұман сақталады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с-ке жетеді.

Күндіз және түнде ауа температурасының жоғарылауына және жауын-шашынға байланысты 13-16 наурыз аралығында Ақтөбе, Қостанай облыстары және 14–16 наурызда Қарағанды, Ақмола облыстарының өзендерінде қар еріп, мұз жібиді деп болжанып отыр.

Өңірлерде ауа райы қандай болады

Солтүстік Қазақстан облысында жел түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, тұман, көктайғақ күтіледі.

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, күндіз найзағай, таңертең және күндіз жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.

Ақмола, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, желдің күші 15-20 м/с болады.

Қостанай облысының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман түседі, жел 16 м/с-ке дейін күшейеді.

Павлодар облысының кей жерлерінде желдің күші - 15-20 м/с, түнде тұман, көктайғақ болады.

Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түседі, күндіз кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.

Атырау облысының кей жерлерінде желдің күші - 15-20 м/с, түнде және таңертең тұман болады.

Түркістан облысында күндіз кей жерлерде, Алматы облысында таңертең және күндіз Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.

Мегаполистерде ауа райы қандай болады

Нұр-Сұлтанда 15 наурызда күн ашық болады. Ауа температурасы түнде -1 градус, күндіз +4-5 градус.

Алматыда күн ашық, ауа температурасы түнде +6 градус, күндіз 12-14 градус жылы.

Шымкентте де күн ашық, жауын-шашынсыз, ауа температурасы түнде 4-6 градус нөлден жоғары, күндіз +18-20 градус.

354
Кілт сөздер:
ауа райы
Архивтегі фото

Павлодар облысы әкімдігінде қайта ұйымдастыру жұмыстары жүргізілді

6
Мемлекеттік мекемелер құрамына жаңа қызметкерлер тартылмайды. Ведомстволардың штат саны қолда бар қызметкерлер есебінен қалыптасады

НҰР-СҰЛТАН, 18 қаңтар — Sputnik. Павлодар облысында екі басқарма біріктіріліп, жаңа басқармалар құрылды, деп хабарлады өңір әкімінің баспасөз қызметі.

Кәсіпкерлік және сауда басқармасы мен индустриялық-инновациялық даму басқармасы біріктірілді.

"Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы Павлодар облысының бизнес, өнеркәсіп және инновациялар мәселелеріне бақылау жасайды", - делінген хабарламада.

Өңірде цифрландыруды дамытумен айналысатын цифрлық технологиялар басқармасы жеке құрылымға шығарылды.

Ауыл шаруашылығы басқармасында да өзгеріс болды. Бұрын бұл ведомство ветеринарияға да жауапты болса, енді онымен ветеринария басқармасы айналысады. Сонымен қатар Павлодар облысында дін істері басқармасы қайта құрылды. 

Оқи отырыңыз: 2021 жылы Нұр-Сұлтанда не өзгереді 

Басқарма құрылымдары бекітілді. Ведомстволардың штат саны қолда бар қызметкерлер есебінен қалыптасады. Мемлекеттік мекемелер құрамына жаңа қызметкерлер тартылмайды.

6
Дәрігер, архивтегі фото

Атырауда жантүршігерлік қылмыс жасаған дәрігерлерге қатаң жаза кесілді

3718
(Жаңартылды 20:16 18.01.2021)
Қуаныш Нысанбаев 18 жылға, Асқар Қайыржан 16 жылға, Жәмилә Құлбатырова 15 жылға бас бостандығынан айырылды

НҰР-СҰЛТАН, 18 қаңтар — Sputnik. Атырауда жаңа туған баланы алдын ала сөз байласу арқылы өлтірді деп айыпталған облыстық перинаталдық орталықтың дәрігерлеріне сот үкімі шықты.

Сот оларды кінәлі деп танып, перинаталдық орталықтың бұрынғы бас дәрігері Қуаныш Нысанбаевты 18 жылға, акушер-гинеколог Асқар Қайыржанды 16 жылға, акушер Жәмилә Құлбатырованы 15 жылға бас бостандығынан айырды, деп жазды Ақ Жайық.

Неонатолог-дәрігерлер Руслан Нұрмұхамбетов пен Дариға Жұмабаева қылмыс туралы хабарламағаны үшін кінәлі деп танылып, үш жылға бас бостандығы шектелді.

"Құдай бізді кешірсін": Атырауда сәбиді өлтірген дәрігерлердің әңгімесі жарияланды

Естеріңізге сала кетейік,  2019 жылдың 29 қыркүйегінде Атырау перинаталдық орталығында дүниеге келген нәресте қимылсыз жатқандықтан, дәрігерлер сәбиді өлі туды деп тіркеген. Алайда сәбиді тоңазытқыш камераға апарған кезде оның аяғы қимылдай бастаған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің хабарлауынша, дәрігерлер құжатты түзетпеу үшін оны тоңазытқышта қалдыруға шешім қабылдаған.

3718
Кілт сөздер:
сәби, Атырау
Тақырып бойынша
Тоңазытқыштағы бала өлімі: прокурор бас дәрігерді 20 жылға соттауды сұрады
Перзентханадағы сұмдық: Ноғаев ауруханада қазір не болып жатқанын айтты
Тоңазытқыштағы бала өлімі: куәгер тірі нәрестені өз көзімен көргенін айтты
Тоңазытқыштағы бала өлімі: сотталушының адвокаты күтпеген мәлімдеме жасады
"Балаңызды өлтірген жоқпыз": перзентхана экс-басшысының соттағы соңғы сөзі