Нұр-Сұлтан автовокзалындағы жағдай, архивтегі фото

Коронавирус жұқтырғандар Қазақстанның өңірлеріне қайдан барғаны белгілі болды  

3384
(Жаңартылды 11:11 25.03.2020)
Шымкент қаласында, Алматы, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында бір-бірден коронавирус жұқтырған адам тіркелді  

НҰР-СҰЛТАН, 25 наурыз – Sputnik. Қазақстан өңірлеріне коронавирус инфекциясын алып барған адамдар туралы мәліметтер жарияланды.  

Қазіргі уақытта Қазақстанда 79 адам коронавирус жұқтырды. Нұр-Сұлтан қаласында – 41, Алматы қаласында – 31, Қарағанды қаласында – 2, Алматы облысында – 1, Ақтөбе облысында – 1, Шымкент қаласында – 1, Жамбыл облысында – 1, Солтүстік Қазақстан облысында – 1 адам. 

Елорда ауруханасында коронавирус жұқтырған 1938 жылы туған науқас жатқаны белгілі болды.

Коронавирус Шымкентте

Шымкентте 1996 жылы туған науқас жұқпалы аурулар ауруханасында жатыр. Ол өңірге елордадан қалааралық автобуспен барған.

"Ер адам жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды, жағдайы тұрақты. Онымен қарым-қатынас жасағандардың барлығы анықталды, қазіргі уақытта оқшауланып жатыр", - деп хабарлады coronavirus2020.kz сайты.

"Қала аумағы бақылауда. Халыққа ешқандай қауіп-қатер жоқ", - деп жазды Шымкент әкімдігі Instagram парақшасында.

Коронавирус Жамбыл облысында

Жамбыл облысында 1979 жылы туған Қырғызстаннан келген азамат ауырып қалды. Ол ауруханаға жатқызылды.

Коронавирус Солтүстік Қазақстан облысында

Коронавирус инфекциясын жұқтырған төртінші адам Солтүстік Қазақстан облысында тіркелді. Ол Ресейден келген 1993 жылы туған әйел адам. Қазір ол ауруханада жатыр.

Науқаспен қарым-қатынаста болғандардың барлығы анықталып, карантинге алынды.

3384
Кілт сөздер:
Жамбыл облысы, Солтүстік Қазақстан облысы, Шымкент, коронавирус
Тақырып бойынша
Коронавирус Жамбыл, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Шымкент қаласына жетті
"Басқа жол жоқ": елорда әкімі қала тұрғындарына өтініш білдірді
"Сақтықта қорлық жоқ" : өнер адамдары карантин кезінде Наурызды қалай атап өтті
Дәрігер COVID-19 ағзаны қалай "алдайтынын" айтты
Алматыда қарияларға зейнетақыны үйге жеткізіп береді
Қызылордада WhatsApp арқылы хабарлама таратқан әйелдердің басы бәлеге қалды
Блок бекет

Қарағанды облысының бір ауылы карантинге жабылды

1
Карантиннің енгізілуіне ауылға инфекция жұқтырған адамның келуі себеп болды. Енді тұрғындарға себепсіз көшеге шығуға болмайды

АЛМАТЫ, 21 қазан – Sputnik. Қарағанды облысының Центральный ауылы карантинге жабылды. Облыс әкімдігі санитарлық шараның қатаңдатылуын ауылға коронавирус инфекциясын жұқтырған адамның келуімен байланыстырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Омбыдан келген қонақ коронавирустың бар-жоғын анықтайтын тест тапсырды. Нәтижесінде инфекцияның бар екені анықталды. Ол кісімен байланыста болғандар да ауырып қалған. Бұхар Жырау ауданының бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, карантинге алынған аймақтың шыға берісіне блок бекеттер қойылды. Енді бұл аймаққа кіріп-шығуға тыйым салынды", - делінген облыс әкімдігі таратқан ақпаратта.

Санитар дәрігердің қаулысына сәйкес, ауыл тұрғындары карантин шараларын сақтауға міндетті. Үйден тек жұмысқа, жақын маңдағы дүкен немесе дәріханаға баруына болады.

Әкімдіктің хабарлауынша, карантин инфекция жұқтырған науқастардың барлығы жазылғанша жалғасады. Шектеулерді алып тастау бойынша ақпарат қосымша хабарланады.

Айта кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында, Батыс Қазақстан, Павлодар, Маңғыстау, Атырау, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Алматы және Жамбыл облыстарында карантиндік шектеулер енгізілген болатын.

1
Кілт сөздер:
карантин
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов тұрғындармен кездесті

Полиция бөліміндегі адам өлімі: Даниал Ахметов ауыл тұрғындарымен кездесті

10
Ахметовтің айтуынша, облыста полиция департаментінің бастығы мен облыс прокуроры бастаған арнайы топ жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ, істің тергелуі үкімет басшысының жіті бақылауында

НҰР-СҰЛТАН, 21 қазан – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов қоғамды дүр сілкіндірген қайғылы оқиға болған Мақаншы ауылының тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бірнеше күн бұрын мал ұрлады деген айыппен тұтқындалған ер адамның қайтыс болуына полиция қызметкерлері кінәлі деп күдіктелуде.

Аймақ басшысы қайтыс болған Азамат Оразалының анасы мен туыстарына көңіл айтты.

"Марқұмның ата-анасы мен барлық туыс, бауырларына және достарына қайғырып көңіл айтамын. Бұл жағдай үкімет басшысының жеке бақылауында екенін ерекше атап өткім келеді", – деді Үржар ауданына жасаған сапарын қорытындылаған Ахметов.
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Danial Akhmetov (@danial.akhmetov.official)

Әкімнің айтуынша, қазір облыста полиция департаментінің бастығы мен облыс прокуроры бастаған арнайы топ жұмыс істеп жатыр.

"Бұл істің сотқа дейінгі тергеуі заң аясында мейлінше ашық және жариялы түрде жүргізілетіндігіне сендіремін. Жақын күндері ауданға тағы да келемін. Қылмыскерлер заңда белгіленген жазасын алады. Бұл менімен кездесуге келген Қаратұма және Мақаншы ауылындағы ақсақалдар мен тұрғындардың басты өтініші, – деп жазды Ахметов әлеуметтік желідегі ресми парақшасында.

Полиция бөліміндегі адам өлімі

Бірнеше күн бұрын мал ұрлады деп күдіктелген ер адам Шығыс Қазақстан облысының Мақаншы ауылындағы полиция бөлімінде қайтыс болды. Көп ұзамай марқұмды азаптау фактісі бойынша тергеу басталды.

Кейіннен оқиға болған жерге жақын туыстарының қатысуымен тексеру жүргізілгені де хабарланды.

Көп ұзамай азаптауға күдіктелген үш адамның ішкі істер органдарынан қуылып, уақытша ұстау изоляторына қамалғаны белгілі болды.

Бұл жағдайға қатысты облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі:

"Өзіндік қауіпсіздік басқармасы тарапынан ішкі қызметтік тергеу жүргізілді", – деп хабарлады.

Сонымен қатар Үржар аудандық полиция бөлімінің екі басшысы қызметінен босатылды.

Азаптау үшін қандай жаза қолданылады?

Қылмыстық кодекстің 146-бабы (азаптау) бойынша тергеуші, анықтама жүргізетін адам немесе басқа да лауазымды адам қасақана физикалық немесе психикалық зиян келтіргені үшін бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі айыппұлмен жазаланады (13 890 000 теңге – Sputnik). Сол сияқты осы мөлшерде түзеу жұмыстарына тартылады немесе бас бостандығы бес жылға дейін шектеледі. Белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейін айыра отырып, сол мерзімге бас бостандығынан айыру көзделеді.

Оқи отырыңыз: "Қорықпауға шақырамын": Даниал Ахметов желіде видео жариялады

Денсаулыққа ауыр зиян келтіру немесе абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан дәл сол әрекет белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, бес жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

10
Кілт сөздер:
қайғылы оқиға, Даниал Ахметов, Шығыс Қазақстан
Тақырып бойынша
"Мақтан тұтамын": Даниал Ахметов соғысқа қатысқан әкесі туралы айтып берді 
Мешіттегі қанды қырғын: желіде оқиға орнында түсірілген видеолар жарияланды
Қарағандыда дүйім жұртты дүр сілкіндірген қанды оқиға бойынша сот басталды
Даниал Ахметов Көктал ауылының тұрғындарына өтемақы берілетінін мәлімдеді
Шымкенттегі қанды оқиға: қылмыскер 4 адамды қалай өлтіргенін айтып берді