Полиция шевроны, архивтегі сурет

Қостанайда коронавирус туралы әзілдеген полицей жұмыстан қуылды

1683
Полицейдің "осынша спиртпен коронавирус қорқынышты емес" деген пікірі әлеуметтік желі арқылы таралып кеткен

НҰР-СҰЛТАН, 26 наурыз – Sputnik. Қостанай облысында жұмыс істейтін учаскелік полиция инспекторы интернет арқылы таратқан бейнежазбасы үшін қызметінен қуылды, деп хабарлады Polisia.kz.

Ресми мәліметке сәйкес, ол Ұзынкөл ауданына қарасты Ершовка ауылында жұмыс істеген. Достарымен бірге ауылдағы үйлердің бірінен 28 жыл бойы сақталған спирт толы бөшке тауып алған.

"Учаскелік инспектор алдымен ожауды спиртке толтырып, үстінен от жаққан. Содан соң жанындағы адамдармен тапқан "олжаны" талқылап, "осынша спиртпен коронавирус қорқынышты емес" деп пікір білдірген. Бұл бейнежазбаны телефонына түсіріп, WhatsApp мессенджері арқылы танысына жіберген. Көп ұзамай бейнежазба "Одноклассники" әлеуметтік желісінде таралып кетті", – делінген ресми хабарламада.

Осы әрекет бойынша қызметтік тергеу жүргізген мамандар учаскелік инспектордың этикалық нормаларды бұзғанын анықтады. Қызметінен босату туралы шешім қабылданды.

Тағы оқыңыз: Қостанайда полицей 400 мың теңге пара алып жатқан жерінде ұсталды

1683
Кілт сөздер:
полицей, Қостанай
Тақырып бойынша
Президент коронавирусқа байланысты оқшаулаудың күшейтілетінін мәлімдеді
Қазақстан коронавирусқа байланысты транзиттік пойыздарды ел аумағына кіргізбейді
"Бұл әзіл емес": Тоқаев үкіметке тапсырма берді
Талдықорғанда үйдің ауласынан 500 мыңға жуық маска табылды
Оқушылар сабақта отыр

Қостанай облысының бас санитар дәрігері жаңа қаулы шығарды

41
(Жаңартылды 18:18 25.01.2021)
Облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері мектеп оқушылары мен студенттерді оқыту форматына қатысты жаңа қаулыға қол қойды

НҰР-СҰЛТАН, 25 қаңтар – Sputnik. Қостанай облысында бас мемлекеттік санитар дәрігердің жаңа қаулысы жарияланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Жаңа қаулыға сәйкес, сыныптарда бала саны 15-тен аспайтын, контингенті 180 адамға дейінгі мектептерге жұмыс істеуге рұқсат етіледі.

Мектепке дейінгі, 1-4 сынып оқушылары үшін ата-аналардың өтінішімен кезекші сыныптар ұйымдастырылады. Бір сыныпта бала саны 15-тен аспауы керек.

"Қалған оқушылар қашықтан оқыту форматында білім алады", - делінген құжатта.

Бұдан бөлек, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері тек қана қашықтан оқиды.

Тағы оқыңыз: Қазақстандық оқушылар үшін III тоқсаннан бастап не өзгереді

Қаулы 27 қаңтарда күшіне енеді және 2021 жылдың 10 ақпанына дейін қолданыста болады.

Еске салсақ, үшінші тоқсаннан бастап республикада 9,11,12 сынып оқушылары аралас оқу форматына көшкен еді.

Оқушылар пәндердің 70%-ін мектепте және қалған 30%-ін қашықтан оқиды.

41
Кілт сөздер:
оқушылар, карантин, Қостанай облысы
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин
Тақырып бойынша
Облыстардың бірінде карантин күшейтіледі: неге тыйым салынды
"Дене шынықтыру таза ауада өтеді": оқушылар үшінші тоқсанда қалай оқитын болды
Қазақстанның бір облысында санитарлық бекеттер қойылады
Қазақстанның тағы бір қаласында карантин күшейеді
Қарағанды ​​фармацевтикалық кешені

Алматылық дәрігер кімдерге вакцина салуға болмайтынын хабарлады

85
(Жаңартылды 17:37 25.01.2021)
Инфекциялық және инфекциялық емес аурулар, созылмалы аурулар өршіген жағдайда, жүктілік және бала емізу кезеңінде вакцина салынбайды

АЛМАТЫ, 25 қаңтар – Sputnik. Коронавирусқа қарсы вакцина 18 жастан асқан ересек адамдарға өзі келісім берген жағдайда салынады. Бұл туралы Алматы қаласы №4 қалалық емханасы бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Зарина Алтынбекова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Маман Алматы қаласының емханаларында "Спутник V" вакцинасымен иммундау алгоритмін түсіндірді. Айтуынша, кез келген азамат вакцинадан жазбаша түрде бас тарта алады.

"Коронавирусқа қарсы вакцина Қазақстанда тегін, мемлекет есебінен салынады. Әрбір азамат вакцина салудан жазбаша түрде бас тартуға құқылы. Медициналық қарсы көрсеткіші жоқ, өз еркімен келісім берген 18 жастан асқан ересек адамдарға жасалады", - деді маман.

Вакцинация екі кезеңнен тұрады: I компонетімен 0,1 мл дозада, содан кейін 21-ші күні II компонентімен 0,5 мл дозада салынады.

Вакцина алдымен кімдерге егіледі

Бірінші кезеңде 1 ақпаннан бастап екпе алатындар инфекциялық аурулардың, жедел медициналық көмек, реанимация бөлімшесі, қабылдау бөлімшесінің медицина қызметкерлері, санитарлық-эпидемиологиялық бөлім қызметкерлеріне салынады.

Екінші кезеңде екінші наурыздан бастап жалпы білім беретін мектептің, жоғары оқу орындарының мұғалімдері, медициналық қызметкерлерге салынады.

Үшінші кезеңде бірінші сәуірден бастап мектеп-интернат мұғалімдері, мектепке дейінгі мекеме қызметкерлері, студенттер мен созылмалы аурулары бар науқастарға вакцина егіледі.

Кімдерге вакцина салуға болады

СОVID-19-ға қарсы вакцина 18 жастан асқан ересектерге ерікті келісімі арқылы салынады. Ол үшін азаматтың медициналық қарсы көрсетілімі болмауы керек.

Маманның айтуынша, вакцинаның немесе вакцинаның қандай да бір компонентіне аса жоғары сезімталдығы бар адамдар мен анамнездегі ауыр аллергиялық реакциялары бар азаматтарға вакцина салынбайды. Жіті инфекциялық және инфекциялық емес аурулар, созылмалы аурулар өршіген жағдайда, жүктілік және бала емізу кезеңінде вакцина салынбайды.

"Азамат емханада қаралып, пациенттің сауалнамасын толтырып, ерікті мәліметтерге келісім беруі қажет. Кейінгі 14 күн ішінде инфекциялық ауры бар науқаспен байланыста болса, кейінгі 14 күн ішінде ауру белгілері болса, SARS-Соv-2 вирусына ПЦР тест алынады", - деді Зарина Алтынбекова.

СОVID-19 ауырып жазылған адамдар және SARS-Соv-2 вирусына G және М класты иммуноглобулиндердің болуына оң нәтижелері бар адамдарға вакцина салынбайды.

Вакцинацияға дейін азаматты дәрігер тексереді. Дәрігерлер пациентке вакцинациядан кейінгі асқынулар туралы ескертеді.  Вакцинациядан кейін пациент 30 минут бойы медициналық қызметкердің бақылауында болады.

Вакцина салынғаннан кейін келесі үш күнде адамда тұмауға ұқсас белгілері, дене қызуының көтерілуі, бас ауруы болуы мүмкін. Сонымен қатар ине егілген жер ауырсынып, ісінуі, қызаруы мүмкін.

Оқи отырыңыз: Германияда вакцинадан бас тартқандар жұмыстан қуылды 

Екінші кезең алдында қайта тексеру жүргізіледі. Дәрігер  вакцинаның екінші компонетін салу кезінде вакцинаға қарсы көрсетілімнің бар-жоғын анықтайды.

Иммунизациядан кейін жанама әсерлер пайда болған жағдайда медицина қызметкері пациентке көмек көрсетіп, қажет болған жағдайда стационарға емдеуге жатқызады. Сонымен қатар  медициналық ұйымның басшысына хабар береді.

Асқыну анықталған сәттен бастап 2 сағат ішінде денсаулық сақтау басқармасының аумақтық органына және санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының аумақтық органына хабарлайды.

85
Кілт сөздер:
дәрігер, вакцина
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Шектеу шараларын жыл соңына дейін ұзартуға тура келуі мүмкін – облыс әкімі
Тоқаевтың көмекшісі коронавирусқа қарсы вакцинаны екінші рет салдырды
Қазақстанда 1 ақпанда коронавирусқа қарсы вакцинациялау басталады – Цой
Қазақстандық мұнайшылар коронавирусқа қарсы вакцина салдыруды сұрады
Денсаулық министрі Тоқаевқа карантиннің күшейтілуі туралы айтып берді
Ауыз су

Су кодексіне түзету енгізілді: Тоқаев заңға қол қойды

0
Қолданысқа енгізілген заң ауылдық жерлердегі халықты ауыз сумен жабдықтау қызметінің құнын төмендетуді қарастырады

НҰР-СҰЛТАН, 25 қаңтар – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының Су кодексіне жергілікті өкілді, орталық және жергілікті атқарушы органдар арасында ауызсумен жабдықтауды субсидиялау жөніндегі өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды, деп хабарлады Ақорданың сайты.

Оқи отырыңыз: Таза ауыз су әрбір үйде болуы керек – Тоқаев

Жаңа түзетулерге сәйкес, енді жергілікті жерде ауыз сумен жабдықтау қызметінің бағасын мәслихаттар анықтайды. Мысалы, мәслихат республика бойынша ең төменгі тарифтен төмен емес және облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуын ескере отырып, орташа облыстық деңгейден жоғары емес төлемдер мөлшерін бекіте алады.

Заң жобасының негізгі мақсаты:

  • халықты ауыз сумен жабдықтауды қамтамасыз ету рәсімін оңтайландыру;
  • жаңадан салынған ауыз сумен жабдықтау жүйелерін жеңілдікті объектілер тізіміне қосуды жеделдету;
  • ауылдық жерлердегі халықты ауыз сумен жабдықтау қызметінің құнын төмендету.

Айта кетейік, бүгінде халықты ауыз сумен жабдықтау қызметінің құнын төмендету мақсатында мемлекеттен субсидия бөлініп тұрады. 2021 жылда осы мақсатта 16 миллиард теңге қарастырылған.

Ресми мәліметке сәйкес, қазіргі кезде ауыл халқының 87 проценті орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілген. Осы санатқа 4 078 ауыл кіреді. Олардың ішінде 42 проценті субсидия алған.  

0
Кілт сөздер:
ауыз су, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Министрді де алдаған: Павлодар тұрғындары өңірдегі былықты жайып салды
"Бәрі түсінікті": министрден көңілі қалған Нығматулин қолын бір-ақ сілтеді
Ақорда миллиардтаған қаражаттың жымқырылғанын хабарлады
Қызылордада көпқабатты үйдің тұрғындары судың түсінен шошып отыр
Назарбаева сенаттың ұсынысына атүсті қараған үкіметтегі шенеуніктерді сынады  
2025 жылға қарай халық толықтай ауыз сумен қамтылады – Мамин