Дәрігер, архивтегі фото

Коронавирус жұқтырғандардың саны 112 адамға жетті  

208
(Жаңартылды 22:39 26.03.2020)
Қазақстанда бір адам коронавирус инфекциясынан көз жұмды.  Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары карантинге жабылды

НҰР-СҰЛТАН, 26 наурыз – Sputnik. Жамбыл облысында бір адамнан коронавирус инфекциясы анықталды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі. 

Осылайша Қазақстанда індетке шалдыққандардың саны 112 адамға жетті.   

"Нұр-Сұлтан қаласында - 61, Алматы қаласында – 40, Қарағанды қаласында - 4, Шымкент қаласында - 2, Алматы облысында - 1, Ақтөбе облысында - 1, Жамбыл облысында -2 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам, жалпы 112 науқас тіркелді", - делінген хабарламада.

Бұған дейін ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Қазақстанда коронавирустан бір адам қайтыс болғанын мәлімдеген болатын. 

Қазақстанда коронавирустан бір адам қайтыс болды 

16 наурыздан бастап Қазақстанда коронавирусқа байланысты төтенше жағдай режимі жарияланды. Ал 19 наурыздан астана мен Алматы карантинге жабылды. 

208
Кілт сөздер:
Жамбыл облысы, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (2032)
Тақырып бойынша
Нұр-Сұлтанға 22 наурыздан бері келгендердің үшеуі коронавирус жұқтырған
Шымкентте тұрғын үй алабы карантинге алынды
Алматыда алты адамның қалай инфекция жұқтырғаны айтылды
Нұр-Сұлтанда карантинде жатқандардың арасында 80 бала бар
Карантин күшейтіледі: Нұр-Сұлтан мен Алматыда тұрғындардың үйден шығуы шектелмек
Қарағандыда тағы 2 адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
жүк тиегіш, фото

Маңғыстауда жүк тиегіш техника айдаған екі баланы полиция тоқтатты - видео

1176
Рөлде болған баланың ата-анасына Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес 145 мың теңге көлемінде айыппұл салынған

НҰР-СҰЛТАН, 27 қаңтар – Sputnik. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде жүк тиегіш техника мінген екі баланың видеосы тарады. Жол-патрульдік полиция қызметкерлері оларды тас жолдың бойында ұстаған. Маңғыстау облыстық полиция департаменті оқиғаның мән-жайын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Видеодан полиция қызметкерінің тас жолдың бойында ауыр жүк тиегішті тоқтатқанын көруге болады. Кабинадан екі бала шықты. Олар техниканы үйге апара жатқанын айтады. Сөйтсе, жас жүргізушінің жасы – 8-де, ал екіншісі – 9 жаста. Екеуі ағасына телефон шалып, жол полициясына ұсталып қалғанын жеткізеді. Полицей "Үйге жаяу барасыңдар" деп техниканың есігін жауып тастайды.

Маңғыстау облыстық полиция департаменті оқиғаның былтыр қазан айында болғанын хабарлады. Рөлде болған баланың ата-анасына Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 612-бабы 5-бөлігі бойынша хаттама рәсімделді. Осы бап бойынша 50 АЕК (145 мың теңге) көлемінде айыппұл қарастырылған.

Бұдан бөлек, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі қызметкерлер Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 127-бабы (кәмелетке толмағанды тәрбиелеу және (немесе) білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау) және 128-бабы (кәмелетке толмағанды әкімшілік құқық бұзушылық жасауға тарту) бойынша әкімшілік хаттама толтырды.

Айта кетейік, 127-бап бойынша 15-20 айлық есептік көрсеткіш (43 755-58 340 теңге) көлемінде айыппұл немесе 5-10 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы көрсетілген. Ал 128-бап бойынша 50 АЕК (145 мың теңге)айыппұл қарастырылған.

1176
Кілт сөздер:
видео, Маңғыстау облысы
мұнайшылар

Мұнайшылар бас көтерді: Ақтөбе облысында не болып жатыр

820
Облыстың еңбек жөніндегі мемлекеттік инспекторы жағдайды жіті бақылауда ұстап отырғанын мәлімдеді

НҰР-СҰЛТАН, 27 қаңтар – Sputnik. Ақтөбе облысында "КМК Мұнай" компаниясының 200-ге жуық жұмысшысы екі күннен бері жұмысқа шықпады. Олар жалақыны 100 процентке көтеруді талап етіп отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Облыстың еңбек жөніндегі мемлекеттік инспекторы Аслан Бахатовтың айтуынша, қазіргі кезде "КМК Мұнай" АҚ-сы мен компанияның директорлар кеңесі осы мәселені пысықтап жатыр. Кеше басшылық мұнайшылардың жалақысын 20 процентке көтеруге келіскен.

"Бірақ мұнайшылар оған келіспей отыр. 100 процентке көтерсін дейді. Қазір олардың орташа жалақысы 200 мың теңгенің төңірегінде. Енді, 100 процентке көтерсін деп жатыр ғой. Сонда 400 мың теңгенің көлеміндегі жалақыны талап етіп отыр. Біз осы мәселені жіті бақылауда ұстап отырмыз", - деді Бахатов Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұқбатында.

Оның сөзіне қарағанда, мұнайшылардың барлығы - вахтамен келіп жүрген жұмысшылар. Олар екі бригадамен ауысып жұмыс істейді. 

Айта кетейік, бүгін мұнайшылар аштық жариялады деген ақпарат шыға бастады. Олар облыс басшысының келгенін қалайды. Ал Ақтөбе облыстық әкімідігі түстен кейін ресми ақпарат береміз дейді.

"КМК Мұнай" АҚ ресми сайтында компанияның екі ірі акционері көрсетілген. Олар - "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ және Yukon Energy Holding S.A. Компания президенті -  Wang Jinbao (Ван Цзиньбао). Ал директорлар кеңесінің төрағасы - Вэй Юйсян (Wei Yuxiang).

Оқи отырыңыз: Ақтөбеде шахтада қаза тапқандардың әріптестері трагедия қалай болғанын айтты

820
Кілт сөздер:
мұнай, Ақтөбе облысы
Вакцина, коронавирус

COVID-19-ке қарсы вакцинаны 5 жағдайда салдыруға болмайды маман кеңесі

107
(Жаңартылды 15:53 27.01.2021)
АҚШ-тың Джордж Мэйсон университетінің жүйелі биология мектебі арнайы зерттеу жүргізген. Мамандар қорытындысын бөлісті

НҰР-СҰЛТАН, 27 қаңтар – Sputnik. Өткір респираторлық вирустық инфекция, коронавирус оң тесті, постковидтік жағдай, IgM антиденелері бар болғанда және ауыр сырқат кезінде вакцина салдыртуға болмайды. АҚШ-тың Джордж Мэйсон университеті жүйелі биология мектебінің мамандары осы бес жағдайда вакцина алуға болмайды деп отыр. 

"Мәселен, біз антиденеге қан тапсырып, М иммуноглобулиндері табылса, ағза вирусқа иммундық жауап беруді жалғастырып жатыр деген сөз. Демек, ПЦР-тест теріс нәтиже көрсетсе де, ағза вируспен байланыста. Вирус жасырын болуы мүмкін. Бұл жағдай персистенция деп аталады", - деді биологтар.

Ал постковидтік жағдай деген ағзада IgG, без IgM антиденелерінің болуы. Олар болса, вакцинациядан өтудің қажеттілігі жоқ, деп жазады Lenta.ru7

"Иммуносупрессия немесе склероз сырқаты барлар екпе салдырмас бұрын дәрігерге қаралуы тиіс. Бірақ дәрігерлер де мұндай жауапкершілік алғысы келмейді. Сондықтан ауыр сырқатқа шалдыққандарға вакцина салдырмаған жөн", - дейді мамандар.

Еске сала кетсек, 1 ақпанда қазақстандықтарға COVID-19-ға қарсы вакцина егу науқаны басталады. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жыл соңына дейін 6 миллион адамға вакцина салу жоспарланып отырғанын айтқан болатын.

107
Кілт сөздер:
вакцина, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (2032)
Тақырып бойынша
Алматылық дәрігер кімдерге вакцина салуға болмайтынын хабарлады
Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина мәжбүрлі түрде салына ма – министрлік жауабы  
Қатерлі ісікке шалдыққан науқастарға коронавирусқа қарсы вакцина салуға бола ма?
Тоқаев қазақстандық вакцина салдырады
"Шешім қабылдаған жоқпын": министрлер мен депутаттар қандай вакцина салдыратынын айтты