Өңірлер

Алматыда жас жігіт қоқыс шығаратын көлікпен жасырын қаладан шықпақ болды

© Sputnik / Тимур БатыршинМусоросортировочный завод
Мусоросортировочный завод - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жүргізуші мен жолаушының үстінен әкімшілік іс қозғалды. Олар кем дегенде 10 АЕК мөлшерінде айыппұл төлеуі немесе 15 тәулікке дейін қамауға алынуы мүмкін

АЛМАТЫ, 27 наурыз – Sputnik. Алматыда қоқыс шығаратын көліктің жүргізушісі блок бекеттен бір адамды ақшаға өткізбек болған, деп хабарлады Polisia.kz порталы.

"Түнгі сағат екі шамасында Ақын Сара мен Ақсай көшелерінің қиылысында орналасқан №7 бақылау-өткізу бекетінде қоқыс таситын көлік тексерілді. Рөлде 1994 жылы туған Л. есімді азамат болған. Қасында жолаушы ретінде Алматы облысының 19 жастағы тұрғыны отырғаны анықталды",- делінген ақпаратта.

Алатау ауданы полиция басқармасы жүргізуші мен жолаушының үстінен әкімшілік іс қозғалғанын хабарлады.

"Жүргізуші бұл қадамға ақша үшін барғаны түсінікті. Бірақ дегеніне жете алмады, екеуі де ұсталды. Жүргізуші мен жолаушының үстінен Қазақстан Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабы (төтенше жағдай режимiн бұзу) бойынша іс қозғалды", - деді Алатау ауданы полиция басқармасының басшысы Ұлан Әбілқайыр.

Төтенше жағдай ережелерін сақтамаған азаматтарға кем дегенде 10 АЕК мөлшерінде айыппұл белгіленеді немесе 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынуы мүмкін.

Коронавирус эпидемиясы

16 наурыздан бастап Қазақстанда коронавирусқа байланысты төтенше жағдай режимі жарияланды. Ал 19 наурыздан астана мен Алматы карантинге жабылды.

19 наурыздан бастап енгізілген карантинге және санитарлық шаралардың күшейтілуіне байланысты Алматы қаласына көліктердің кіріп-шығуын шектейтін 27 блок бекет қойылған. 22 наурыздан бастап блок бекеттердің жұмысы қатаң режимге көшті. Яғни, Алматыдан ешкім шыға алмайды, сәйкесінше қалаға ешкім кірмейді.

Оқи отырыңыз: Абаев карантинде жатқан әйелдің бұрынғы күйеуі не істегенін айтып берді

Соңғы мәлімет бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 121 адамға жетті. Нұр-Сұлтан қаласында – 60, Алматы қаласында – 48, Қарағанды қаласында – 4, Шымкент қаласында – 2, Алматы облысында – 1, Ақтөбе облысында –1, Жамбыл облысында –3, Солтүстік Қазақстан облысында – 1, Ақмола облысында – 1адам тіркелді.

26 наурызда ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Қазақстанда коронавирустан бір адам қайтыс болғанын хабарлады.

Жаңалықтар
0