Өңірлер

Түркістан облысында тіркелген алты науқастың қай ауданнан екені айтылды

© Sputnik / Абзал КалиевБольница
Больница - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ордабасы мен Сайрам ауданындағы екі тұрғынның Шымкент қаласында тіркелген науқастың туысы болып шықты

АЛМАТЫ, 2 сәуір – Sputnik. Түркістан облысы басшысының баспасөз қызметі бүгін коронавирус жұқтырғаны анықталған алты науқас жайлы ақпарат таратты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Жетісай ауданында 3 адам, Кентау қаласы, Ордабасы ауданы, Сайрам ауданында бір науқастан тіркелді", - делінген ақпаратта.

Ордабасы мен Сайрам ауданындағы екі тұрғынның бұған дейін Шымкент қаласында тіркелген науқастың туысы екені мәлім болды. Олар қазір оқшауланып, ем алып жатыр.

Оқи отырыңыз: Алматы облысында 22 мыңға жуық адам қатаң карантинге алынды

Сонымен қатар облыста науқастармен байланыста болғандарды анықтау, оқшаулау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Қазір Түркістан облысында коронавирус індетін жұқтырған 11 адам бар.

Жаңалықтар
0