Өңірлер

Біртанов Қостанай облысында коронавирус табылмау себебін түсіндірді

© Sputnik / Айгюзель КадирДворец молодежи в Костанае
Дворец молодежи в Костанае - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Инфекцияның таралу жолдары бар, ол адамдардың қозғалысына, карантиндік шаралардың тиімділігіне байланысты

НҰР-СҰЛТАН, 3 сәуір – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қостанай облысында коронавирус неге тіркелмегенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Наурыз айының басында "бүкіл әлем ауырып жатқанда, Қазақстанда неге жоқ" деп сұрағандар көп болды. Сіз бір нәрсені жасырып, айтпай жүрген шығарсыз дегендер де табылды. Қостанай облысының ешқандай феномені жоқ. Инфекцияның таралу жолдары бар, ол адамдардың қозғалысына, карантиндік шаралардың тиімділігіне байланысты. Менің ойымша, осы факторлар жақсы нәтиже беріп отыр. Оларға сәттілік тілеймін, індеттің таралуына жол бермеуге тырыссын. Егер науқастар анықталса, облыс дәрігерлері емдейді, олар сақадай сай", – деді Біртанов онлайн брифингте.

Оқи отырыңыз: Министр Біртанов коронавирустың тиімді тұсын атады

Айта кетсек, Қазақстанда 453 науқас тіркелген. Коронавирус республиканың барлық дерлік өңірінде анықталды. Тек Қостанай облысында ғана вирус тіркелмеген.

Жаңалықтар
0