Өңірлер

Видео желіде тарап кетті: алматылық блогер не үшін ұсталды

© REUTERS / MARIYA GORDEYEVAМужчина в защитной маске отражается в боковом зеркале автомобиля в Алматы
Мужчина в защитной маске отражается в боковом зеркале автомобиля в Алматы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ер адам Оралға Ресейден келген. Ол екі апта бойы үйде болуы тиіс еді. Алайда бұл шектеуді орындамаған

НҰР-СҰЛТАН, 6 сәуір — Sputnik. Алматылық блогер Оралда карантин режимін бұзғаны үшін ұсталды. Ол достарымен қаладағы дәмханалардың бірінде отырыс жасаған. 

Полиция қызметкерлері видео желіде тараған соң ер адамды ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция үш адамның карантин режимін бұзғаны туралы ақпарат алған соң жедел-іздестіру шараларын қолға алды.

"Қазіргі уақытта бәрі ұсталды. Әкімшілік кодекстің 476-бабына сәйкес хаттама толтырылды. Сондай-ақ, дәмхана иесіне қатысты да шара қолданылады", - деді Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібеков.

Тәртіп сақшыларының ақпаратына сәйкес, Алматы қаласының тұрғыны Оралға 31 наурыз күні Ресейден келген. Ол кезде қалада карантин енгізілмеген.

Тағы оқыңыз: Танымал әнші COVID-19 індетіне қарсы күреске миллион доллар берді

Белгібековтың айтуынша, ер адам 14 күн үйде болуы тиіс еді. Алайда ол бұл шектеуді орындамаған. 

"Жазаны сот анықтайтын болады", – деді Болатбек Белгібеков.

Жаңалықтар
0