Өңірлер

Қазақстан мен Ресей экологтары Жайық және Ертіс өзендерін бірге құтқармақ

© Sputnik / Александр Лыскин / Медиабанкке өтуВ верховье реки Урал, архивное фото
В верховье реки Урал, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан мен Ресей Жайық және Ертіс өзендері бассейндерінің экологиялық қалпына келтіру бағдарламасын талқылады

АЛМАТЫ, 16 сәуір — Sputnik. Қазақстан мен Ресей экологтары Жайық өзені бассейнінің жағдайын жақсарту үшін сарапшылық кеңес құрады. Бұл туралы экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев айтты. 

Сәрсенбі күні министр ресейлік әріптесі Дмитрий Кобылкинмен онлайн-отырыс өткізді. Тараптар трансшекаралық су нысандары бойынша әріптестік мәселесін талқылады.

"Жайық өзені бассейнінің жағдайын жақсарту үшін сарапшылық кеңес құру туралы шешім қабылданды. Оған екі бағыт бойынша ғалымдар тартылады: өзеннің экожүйесін сауықтандыру және судың ағуына болжам жасау", - деді қазақстандық министр Twitter-де.

Кеңес құрамы 20 сәуірге дейін анықталады.

Бұдан бөлек, тараптар 17-ші Қазақстан-Ресей өңіраралық форумында қол қойылатын екіжақты құжаттарды да талқылады.

Форум 2020 жылы Көкшетау қаласында өтпек. Негізінен, экология саласындағы әріптестік мәселесі талқыланады.

Жаңалықтар
0