Өңірлер

Желіде карантин кезіндегі тұрғындардың қылығы қызу талқыланып жатыр - видео

© Sputnik / Владислав ВодневДома, закрытые на карантин по улице Абылайхана
Дома, закрытые на карантин по улице Абылайхана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Видеоның Ақтөбе қаласындағы жаңадан салынған тұрғын үй ауласында түсірілгені айтылып отыр. Қазіргі уақытта бұл бейнеролик түрлі мессенджерлерде тарап кетті

АЛМАТЫ, 20 сәуір – Sputnik. Әлеуметтік желіде тұрғын үй ауласында ойнап жүрген бір топ баланың полиция көлігін көрген бетте жан-жаққа қашқан видеосы тарады.

Желі қолданушыларының айтуынша, видео Ақтөбе қаласында Қонаев көшесіндегі жаңадан салынған тұрғын үй кешенінде түсірілген.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от SPUTNIK|ҚАЗАҚСТАН (@sputnik_kz)

Видеода полиция көлігі қаладағы тұрғын үй ауласының біріне кіріп келе жатқаны көрінеді. Көлік дыбысын естіген балалардың бәрі жан-жаққа тырқырай қаша жөнелді.

Желі қолданушыларының бірі балалардың бұл әрекетіне әзілмен қараса, енді бірі олардың карантин кезінде аулада қыдыруы ата-ана жауапсыздығы деп отыр. 

"Әбден зәрелерін алды ғой", "Құмырсқа сияқты", "Адамдар үйде отырудан жалықтан, бір айдан асты"- деп жазды кейбір қолданушылар.

Ал өзгелері: "Әсіресе, балалар үйде отыруы керек", "Ата-аналары жауапсыз, ертең ауырса дәрігерлерді кінәлайды", - деген пікір білдірген.

Айта кетейік, Ақтөбеде 6 сәуірден бастап карантин режимі енгізілді. Қалада қатаң шектеу шаралары қабылданды. Қала тұрғындарына жұмысқа, жақын жердегі дүкен мен дәріхана баруға ғана рұқсат етілген. Лифтіге екі адамнан артық кіруге болмайды. 65 жастан тұрғындар оқшаулау ережелерін сақтауы қажет. 

Сондай-ақ, қалада жеке автокөлікпен жүруге тыйым салынған. Режимді бұзушылар әкімшілікжәне қылмыстық жауапкершілікке тартылады. 

Соңғы ақпаратқа сәйкес, Ақтөбе облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 27 жағдай тіркелді.

Жаңалықтар
0