Өңірлер

Шымкентте дәмханада түсірілген видеоға шенділер түсініктеме берді

© Photo : Рixabay/Marcel Сэндвич
Сэндвич - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сот пен полиция бөлімінің тура қарсы бетінде орналасқан дәмхана келушілерді карантин кезінде де қабылдаған  

НҰР-СҰЛТАН, 23 сәуір – Sputnik. Шымкенттің орталығында орналасқан дәмхана төтенше жағдай талаптарын өрескел бұзған. Әлеуметтік желіде тараған видео бұған дәлел бола алады.

Дәмханада оннан аса адам жайбарақат тамақтанып отыр. Тіпті арасында полиция өкілі де бар. Алаңсыз ас ішіп отырғандардың көбінде медициналық маска жоқ. Тамақтанатын орынға кіріп жатқандардың да қарасы аз емес, деп хабарлады "Астана" арнасы. 

Айта кетейік, аталған дәмхана аудандық сот пен полиция бөлімінің тура қарсы бетінде орналасқан. Ал жазбаны әлеуметтік желіден көре сала, оқиға орнына жергілікті шенділер жылдам жеттік деді.

Оқи отырыңыз: Қызылорда облысында қызын ұзатқан әкеге айыппұл салынды

"Біз келгенше іште отырған адамдар кетіп қалыпты. Ішінде екі-үш адам қалған екен. Олар тамақ алып кетуге келдім деп отыр. Қазіргі қаулыға сәйкес дәмханалар тамақ өнімдерін үйге жеткізіп берумен айналысып жатыр. Заңды бұзса, 476-бап бойынша хаттама толтырылады, айыппұл салу-салмау жағын сот шешеді", - дейді Абай ауданы әкімінің орынбасары Есімжан Заңқоев.

Жаңалықтар
0