Архивтегі фото

Алматыда он сегіз күнде салынған ауруханада 43 науқас емделіп жатыр

933
(Жаңартылды 11:12 27.04.2020)
Жаңа ауруханадағы ауа палатадан тыс жерге енбейді, ол арнайы зарарсыздандыру жүйелеріне түседі, палаталарға герметикалық есік орнатылған

АЛМАТЫ, 27 сәуір – Sputnik. Алматыда 18 күн ішінде салынған модульді ауруханаға науқастарды орналастыру басталды. Ол жерде қазір 43 науқас ем алып жатыр, деп хабарлады Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.

"Кеше (26 сәуір – Sputnik) И.С.Жекенова атындағы қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының филиалы COVID-19 вирусын жұқтырған науқастарды қабылдай бастады. Қазір мұнда 43 науқас бар. Ауруханадағы ауа палатадан тыс жерге енбейді, ол арнайы зарарсыздандыру жүйелеріне түседі", - делінген ақпаратта.

Тоқаев: Карантин шараларының жаңа тәсілдері енгізіледі

Палаталарға герметикалық есік орнатылған, кәріз жүйесін тазалаудың ерекше жүйесі жұмыс істейді. Аурухана 280 төсек-орынға есептелген.  

Сонымен қатар 26 сәуірде Алматыда бес адамнан коронавирус инфекциясы табылды, төртеуі вирус жұқтырған науқаспен байланыста болған.

"Төрт науқас бұған дейін вирус анықталып, карантинге алынған адаммен байланыста болған. Олар 1989 жылы туған екі ер адам және 1971 жылы, 1958 жылы туған екі әйел. Ал бесінші науқас кеше Атырау-Алматы рейсімен ұшып келген. Ол 1988 жылы туған әйел", - делінген хабарламада.

Атырау-Алматы рейсінің экипажы карантинге алынған.

Сонымен қатар қазір қалада жұқпалы аурулар стационарында коронавирус инфекциясы табылған 744 адам емделіп жатыр, оның бірі Алматы облысының тұрғыны.

Науқастардың ішінде екі адамның жағдайы аса ауыр деп бағаланып отыр. 29 адам ауыр жағдайда, 214 адам орташа ауыр жағдайда жатыр. Қалған науқастың жағдайы қалыпты. Екі науқастың тыныс алуы нашарлап, жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Қалада провизорлық госпитальда 481 адам жатыр, оның ішінде 11 бала бар. 415 адам карантиндік оқшаулауға алынған, оның бесеуі бала.

Қала бойынша 847 адамнан коронавирус анықталды, оның 96-сы сауығып шықты. Емделіп шыққандардың алтауы бала. Қалада сегіз науқас коронавирустан көз жұмды.

933
Кілт сөздер:
науқас, аурухана, Алматы
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1637)
Тақырып бойынша
Шетелде оқитын 145 студент Қазақстанға оралды
Алматыда карантинге жабылған үйде тұрып жатқан бойжеткен сұхбат берді
Алматыда коронавирус жұқтырған әйел дәрігерлер келгенше қайтыс болған
Алматыда індеттен сегізінші адам көз жұмды
Он алты адам коронавирус індетінен жазылып шықты
Қазақстанда әйелдер түрмесінен коронавирус табылды
Блок бекет

Қарағанды облысының бір ауылы карантинге жабылды

1
Карантиннің енгізілуіне ауылға инфекция жұқтырған адамның келуі себеп болды. Енді тұрғындарға себепсіз көшеге шығуға болмайды

АЛМАТЫ, 21 қазан – Sputnik. Қарағанды облысының Центральный ауылы карантинге жабылды. Облыс әкімдігі санитарлық шараның қатаңдатылуын ауылға коронавирус инфекциясын жұқтырған адамның келуімен байланыстырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Омбыдан келген қонақ коронавирустың бар-жоғын анықтайтын тест тапсырды. Нәтижесінде инфекцияның бар екені анықталды. Ол кісімен байланыста болғандар да ауырып қалған. Бұхар Жырау ауданының бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, карантинге алынған аймақтың шыға берісіне блок бекеттер қойылды. Енді бұл аймаққа кіріп-шығуға тыйым салынды", - делінген облыс әкімдігі таратқан ақпаратта.

Санитар дәрігердің қаулысына сәйкес, ауыл тұрғындары карантин шараларын сақтауға міндетті. Үйден тек жұмысқа, жақын маңдағы дүкен немесе дәріханаға баруына болады.

Әкімдіктің хабарлауынша, карантин инфекция жұқтырған науқастардың барлығы жазылғанша жалғасады. Шектеулерді алып тастау бойынша ақпарат қосымша хабарланады.

Айта кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында, Батыс Қазақстан, Павлодар, Маңғыстау, Атырау, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Алматы және Жамбыл облыстарында карантиндік шектеулер енгізілген болатын.

1
Кілт сөздер:
карантин
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1637)
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов тұрғындармен кездесті

Полиция бөліміндегі адам өлімі: Даниал Ахметов ауыл тұрғындарымен кездесті

10
Ахметовтің айтуынша, облыста полиция департаментінің бастығы мен облыс прокуроры бастаған арнайы топ жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ, істің тергелуі үкімет басшысының жіті бақылауында

НҰР-СҰЛТАН, 21 қазан – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов қоғамды дүр сілкіндірген қайғылы оқиға болған Мақаншы ауылының тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бірнеше күн бұрын мал ұрлады деген айыппен тұтқындалған ер адамның қайтыс болуына полиция қызметкерлері кінәлі деп күдіктелуде.

Аймақ басшысы қайтыс болған Азамат Оразалының анасы мен туыстарына көңіл айтты.

"Марқұмның ата-анасы мен барлық туыс, бауырларына және достарына қайғырып көңіл айтамын. Бұл жағдай үкімет басшысының жеке бақылауында екенін ерекше атап өткім келеді", – деді Үржар ауданына жасаған сапарын қорытындылаған Ахметов.
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Danial Akhmetov (@danial.akhmetov.official)

Әкімнің айтуынша, қазір облыста полиция департаментінің бастығы мен облыс прокуроры бастаған арнайы топ жұмыс істеп жатыр.

"Бұл істің сотқа дейінгі тергеуі заң аясында мейлінше ашық және жариялы түрде жүргізілетіндігіне сендіремін. Жақын күндері ауданға тағы да келемін. Қылмыскерлер заңда белгіленген жазасын алады. Бұл менімен кездесуге келген Қаратұма және Мақаншы ауылындағы ақсақалдар мен тұрғындардың басты өтініші, – деп жазды Ахметов әлеуметтік желідегі ресми парақшасында.

Полиция бөліміндегі адам өлімі

Бірнеше күн бұрын мал ұрлады деп күдіктелген ер адам Шығыс Қазақстан облысының Мақаншы ауылындағы полиция бөлімінде қайтыс болды. Көп ұзамай марқұмды азаптау фактісі бойынша тергеу басталды.

Кейіннен оқиға болған жерге жақын туыстарының қатысуымен тексеру жүргізілгені де хабарланды.

Көп ұзамай азаптауға күдіктелген үш адамның ішкі істер органдарынан қуылып, уақытша ұстау изоляторына қамалғаны белгілі болды.

Бұл жағдайға қатысты облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі:

"Өзіндік қауіпсіздік басқармасы тарапынан ішкі қызметтік тергеу жүргізілді", – деп хабарлады.

Сонымен қатар Үржар аудандық полиция бөлімінің екі басшысы қызметінен босатылды.

Азаптау үшін қандай жаза қолданылады?

Қылмыстық кодекстің 146-бабы (азаптау) бойынша тергеуші, анықтама жүргізетін адам немесе басқа да лауазымды адам қасақана физикалық немесе психикалық зиян келтіргені үшін бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі айыппұлмен жазаланады (13 890 000 теңге – Sputnik). Сол сияқты осы мөлшерде түзеу жұмыстарына тартылады немесе бас бостандығы бес жылға дейін шектеледі. Белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейін айыра отырып, сол мерзімге бас бостандығынан айыру көзделеді.

Оқи отырыңыз: "Қорықпауға шақырамын": Даниал Ахметов желіде видео жариялады

Денсаулыққа ауыр зиян келтіру немесе абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан дәл сол әрекет белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, бес жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

10
Кілт сөздер:
қайғылы оқиға, Даниал Ахметов, Шығыс Қазақстан
Тақырып бойынша
"Мақтан тұтамын": Даниал Ахметов соғысқа қатысқан әкесі туралы айтып берді 
Мешіттегі қанды қырғын: желіде оқиға орнында түсірілген видеолар жарияланды
Қарағандыда дүйім жұртты дүр сілкіндірген қанды оқиға бойынша сот басталды
Даниал Ахметов Көктал ауылының тұрғындарына өтемақы берілетінін мәлімдеді
Шымкенттегі қанды оқиға: қылмыскер 4 адамды қалай өлтіргенін айтып берді