Өңірлер

Ыдыс-аяқ жетпей қалды: Шатырсыз қалған Көкшетау тұрғындары жауыннан зардап шегуде – видео

© Акимат ЮКОСильный ветер снес крышу здания в ЮКО
Сильный ветер снес крышу здания в ЮКО  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Пәтер иелері нөсер жаңбырдан сорғалаған әр тамшының астына ыдыс-аяғын қойып шыққанымен, жеткіліксіз болған

НҰР-СҰЛТАН, 30 сәуір – Sputnik. Көкшетауда дауылдан кейін шатырсыз қалған көпқабатты тұрғын үйдің пәтер иелері енді нөсер жауыннан зардап шегуде, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

7 сәуір күнгі дауыл қаладағы бірнеше үйдің шатырын ұшырып кеткен. Содан бері Көкшетауда жаңбыр жауған сайын, жоғарғы қабаттардағы тұрғындардың пәтерінен су сорғалайтыны туралы сюжет Хабар 24 телеарнасының эфирінен көрсетілді.

Пушкин көшесінде орналасқан 11-үйдің тұрғындары төменгі қабаттағы көршілерін су баспауы үшін түні бойы "кезекшілік атқаруға" мәжбүр.

"Екі бөлменің төбесінен тұтас су кетті. Әр тамшының астына үйдегі бар ыдыс-аяқты қойғанымызбен, жеткіліксіз болды. Өзім сорғалаған суды төгемін деп түнімен ұйықтаған жоқпын. Ал балаларым көршілерімнің үйінде түнеді. Олардың үшеуі оқушы, біз үй тапсырмасын орындай алмай отырмыз", – дейді Меруерт Ермекова.

Қазіргі кезде жоғарғы қабаттағы пәтерлердің бәрінде осындай көрініс. Көпқабатты тұрғын үйдің шатырсыз қалғанына 20 күннен асты. Баспана иелері осы кезге дейін де үйлерін су басқанын айтады, бірақ бұл жолғы жаңбыр өте қатты болған.

Ал әкімдік өкілдерінің айтуынша, шұғыл жиналыс өкізіліп үйді қалпына келтіруге кірісу туралы шешім қабылданған. Мердігер компания да анықталған. Қаражат республикалық бюджеттен бөлінетін болады.

"Бүгінгі таңда біз ең көп зардап шеккен төрт үйдің жобалық-сметалық құжаттамасын дайындап жатырмыз. Анықталған мердігер компанияға материал сатып алуы үшін бірнеше күн қажет. Содан соң олар шатырларды қалпына келтіре бастайды", – дейді Көкшетау әкімінің орынбасары Ербол Төлеуов.

Оқи отырыңыз: "Ағаштарды тамырымен жұлып алды": Қостанай облысында не болып жатыр – видео

Оның түсіндіруінше, дауыл салдарынан Көкшетауда 162 үй зардап шеккен. Қазірге дейін 30 үйдің алдын-ала шығын мөлшері 22 миллион теңгені құраған, ал қалған үйлер әлі есептеліп жатыр. Билік барлық жұмысты мамыр айының соңында бітіруді жоспарлап отыр.

Жаңалықтар
0