Өңірлер

Түркістан облысындағы төтенше жағдай: үкіметтік комиссия құрылды

© Photo : Пресс-служба Комитета по чрезвычайным ситуациямПодтоплены два села в Туркестанской области
Подтоплены два села в Туркестанской области - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазіргі кезде Мақтаарал ауданында техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланып, жедел штаб жұмыс жүргізуде

НҰР-СҰЛТАН, 4 мамыр – Sputnik. Үкімет басшысы Асқар Маминнің өкімімен Мақтаарал ауданындағы елді мекендерді су басу салдарын жою жөніндегі үкіметтік комиссия құрылды, деп хабарлайды primeminister.kz сайты. 

Премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр төрағалық ететін комиссия құрамына орталық және жергілікті атқарушы билік органдарының басшылары кірді. 

"Комиссия алдына келтірілген залалды бағалау және су басу салдарын жою, инженерлік, көліктік, әлеуметтік инфрақұрылымды, тұрғын үйлерді қалпына келтіру, сондай-ақ зардап шеккен тұрғындарға әлеуметтік қолдау көрсету міндеттері қойылды", – делінген баспасөз хабарламасында.

Айта кетейік, Өзбекстандағы су қоймасы бөгетінің жарылуы салдарынан Түркістан облысындағы он елді мекенді су басып қалды. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев апат салдарынан 22 мыңнан астам тұрғын эвакуацияланғанын хабарлады.

3,6 мың гектар егіс алқабын су шайды, ал алдын ала есептелген шығын көлемі - шамамен 404 миллион теңге.

Өзбекстанда бөгет бұзылды

Өзбекстанда 1 мамыр күні Сардоба су қоймасында бөгет бұзылды. Негізгі су ағынын азайту үшін өзбек тарапы суару каналдары желісіне шлюзді ашқан. Осыдан соң Түркістан облысы Мақтаарал ауданының шекара коллекторлары толып кетті, бұл судың каналдан шығып, елді мекендерді басып қалуына әкеп соқтырды.

Қазіргі кезде Мақтарал ауданында техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланып, жедел штаб құрылды.

Жаңалықтар
0