Қатты жел

Қазақстанның алты облысында дабылды ескерту жарияланды

314
Алтыншы мамырда республиканың басым аумағында жел күшейіп, үсік жүреді деп болжанып отыр, бұршақ түсуі мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 5 мамыр – Sputnik. Қазгидромет 6 мамырда бірнеше өңірде дабылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ақмола облысының кей жерлерінде түнде 3 градус, ал Көкшетауда топырақ бетінде 1 градус үсік жүреді.

Нұр-Сұлтан қаласында түнде топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді деп күтілуде.

Павлодар облысында да түнде 1-6 градус үсік жүреді.

Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай ойнап, оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел соғады. Оралда күндіз найзағай, желдің екпіні 18 м/с дейін барады.

Түркістан облысының таулы аудандарында түнде қатты жаңбыр күтіледі. Кей жерлерде найзағай ойнап, дауыл тұрады, бұршақ түседі, жел күшейеді. Түркістан қаласында желдің жылдамдығы 15-20 м/с құрайды.

Тағы оқыңыз: Түркістан облысында 7 ауылды су басу қаупі әлі жоғары – әкім

Шымкентте түнде және таңертең найзағай, дауыл болжанып отыр.

Сонымен қатар, 5-6 мамыр күндері Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады деп күтілуде. Осыған байланысты өзендерде су деңгейі көтерілуі мүмкін.

Алматы облысында кей жерлерде солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с дейін барады. Талдықорғанда да жел күшейеді.

Атырау облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды, желдің жылдамдығы – 15-20 м/с. Атырау қаласында желдің екпіні 15-18 м/с жетеді.

314
Кілт сөздер:
бұршақ, үсік, дабылды ескерту, Қазгидромет
Архивтегі фото

Атырауда бес жыл бұрын сотталған әйел түрмеге қамалды

6
Сот жеңгетайлықпен айналысқан әйелдің кішкентай балалары бар екенін ескеріп, жаза өтеу мерзімін бес жылға кейінге қалдырған

АЛМАТЫ, 29 қазан – Sputnik. Атырауда жеңгетайлық қызмет ұсынып, притон ұстаған әйел түрмеге қамалды. Әйелге қатысты сот үкімі 2015 жылы шыққан, деп хабарлады Polisia.kz.

Келіншек 2015 жылдың қыркүйек айында Атырау облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен Қылмыстық кодекстің 309-бабы бойынша ("жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық") айыпты деп танылған.

"Оған бес жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Алайда сот оның кішкентай балалары бар екенін ескеріп, жаза өтеу мерзімін бес жылға кейінге қалдырған", - дейді Атырау қалалық пробация қызметінің инспекторы Айзере Дәулетбаева.

Оқи отырыңыз: Арқалықтағы "қасапшылар түрмесіне" алғаш рет әйел түсті 

Полицияның хабарлауынша, сотталған әйелдің жазасын өтеу  мерзімін шегеру уақыты аяқталды. Соған байланысты Атырау қалалық пробация қызметі сотталушының негізгі жазасы бойынша шешім қабылдау үшін Атырау қалалық №2 сотына ұсыным жолдады.

Сот шешімімен әйел УГ-157/9 (Атырау әйелдер колониясы) мекемесіне қамалды.

Сотталушының кәмелетке толмаған екі баласын туыстары өз қамқорлығына алды.

6
Кілт сөздер:
түрме, Атырау облысы
Тақырып бойынша
Маңғыстау облысында 500 доллар айырбастауға барған әйел 5 жылға түрмеге қамалды
Түрмедегі коронавирус: жүкті әйелдің сынамасы қате болып шықты 
Шетелде өмір бойына сотталған тағы бір қазақстандық туралы ақпарат шықты  
Установка музыкальных шумовых полос на трассе Нур-Султан - Щучинск

Қазақстанда "әуендететін" жол салынды

95
(Жаңартылды 22:04 28.10.2020)
Музыка автокөліктің дөңгелектері мен суық пластиктен жасалған шу белгісі жанасқанда шығады. Мұндай жолақтар жылдамдықты асыру мен шаршау салдарынан болатын жол апатын азайтады

НҰР-СҰЛТАН, 28 қазан – Sputnik. "Нұр-Сұлтан – Щучинск" автомобиль жолында музыкалық шу жолақтары орнатылды, деп хабарлады "ҚазАвтоЖол" АҚ баспасөз қызметі.

Мұндай технология Қазақстанда алғаш рет қолданылып отыр. Пилоттық жоба жол жүру қауіпсіздігі саласына жаңа технологияларды енгізу аясында іске қосылған.

"Жобаны жүзеге асыру барысында Германия, Корея, АҚШ пен Жапония елдерінің тәжірибесі ескерілді", - делінген хабарламада.

"Әуендететін" жолдар жүргізушілерге төтенше қауіпті учаскелерде жылдамдықты азайтуға көмектеседі. Музыка автокөліктің дөңгелектері мен суық пластиктен жасалған шу белгісі жанасқанда шығады. Көлік шу жолағымен сағатына 90 километр жылдамдықпен жүрген жағдайда, әуен дыбысты өзгертеді. Осылайша жүргізушінің назарын аударып, жүру жылдамдығын азайтуға әсер етеді.

Эксперименттің нәтижесі бойынша "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ алдағы жылы өзге де республикалық жолдарға музыкалық жолақтар орнатпақ.

Оқи отырыңыз: "Нұр-Сұлтан – Щучинск" ақылы жол уческесінде көпір қирағалы тұр – видео 

Айта кетейік, шу жолақтары – бедерлі сызықтар түріндегі арнайы жол белгісі. Мұндай жолақтар жылдамдықты асыру, шаршау мен рөлде ұйықтап қалу салдарынан болатын жол апатын болдырмау мақсатында салынады. Олардың үстімен өткенде діріл пайда болып, жүргізушілердің сергіп алуына көмектеседі.

95
Кілт сөздер:
жол, музыка
Тақырып бойынша
Мамин Қазақстандағы ақылы жолдарға қатысты тапсырма берді
Алматыны қай жолдар арқылы айналып өтуге болады - карта әзірленді
Toyota жүргізушісі жол бойында отырған сатушы әйелдерді қағып кетті - видео
Шымкент – Жібек жолы трассасы ақылы болады