Атырау облысындағы дауыл салдары

Атырау облысында дауыл бірнеше ғимараттың шатырын ұшырды

568
(Жаңартылды 14:52 17.05.2020)
Куәгерлер әлеуметтік желіде Атырау облысындағы дауылдың видеосын жариялады. Ресми мәлімет бойынша құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ

НҰР-СҰЛТАН, 17 мамыр – Sputnik. Дауыл Атырау облысының Құрманғазы ауданында бірқатар ғимараттардың шатырын ұшырған.

16 мамыр күні кешке аймақта қолайсыз ауа райы қалыптасып, желдің екпіні секундына тоғыз метрге жеткен. Куәгерлер суреттер мен видеоларды әлеуметтік желілерде жариялады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @zello.ganyushkino

Төтенше жағдайлар комитеті Құрманғазы мен Сафоновка ауылындағы мектептердің шатыры ұшқанын хабарлады.

Сондай-ақ, Байда ауылының шекара заставасы аумағындағы қазандықтың төбесі бұзылып, тәлімбақ зақымданған.

Последствия урагана в Атырауской области
© Photo : Комитет по ЧС МВД
Атырау облысындағы дауыл салдарынан қираған ғимарат шатыры

Ресми дерек бойынша құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Айта кетейік, бұған дейін Қазгидромет 17 мамыр күні Қазақстанның бірнеше аймағында жаңбыр жауып, қатты жел болады деп хабарлаған.

Последствия урагана в Атырауской области
© Photo : Комитет по ЧС МВД
Қираған ғимарат шатыры

Ал Атырау облысында найзағай ойнап, жел күшейеді. Кей жерлерде бұршақты жаңбыр жауады деп болжанған.

568
Қорғаныш киіміндегі адамдар

Қазақстанның бірқатар өңірлерінде карантин күшейтілді не өзгерді

943
Өңірлердің мемлекеттік бас санитар дәрігерлері қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты жаңа қаулыларды жария етті

НҰР-СҰЛТАН, 24 қазан – Sputnik. Шымкент қаласы мен Ақмола және Қарағанды ​​облысында мемлекеттік бас санитар дәрігер бұйрықтары жарияланды.

Шымкентте карантин мерзімі ұзартылды

Шымкент қаласының мемлекеттік бас санитар дәрігері Әбдіманап Төлебаев карантиндік шектеулерді 2020 жылдың 9 қарашасына дейін ұзарту туралы шешім қабылдады.

Қаулының толық мәтінімен мына жерден танысуға болады.

Ақмола облысында түнде көшеде жүруге болмайды

Ақмола облысының мемлекеттік бас санитар дәрігері Айнагүл Мусина 23:00-ден 6:00-ге дейінгі аралықта облыс аумағындағы елді-мекен тұрғындарының қозғалысын шектеу туралы қаулы шығарды.

Жаңа қаулыдағы бұл ерекшеліктер әкімдік пен полиция, жедел жәрдем мен төтенше жағдайлар қызметі, ауруханалар, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтер, өрт сөндіру, әскери қызметшілер, сондай-ақ стратегиялық нысандар мен тіршілікті қамтамасыз ету нысандарын күтіп-ұстауды қамтамасыз ететін жұмысшыларға қатысты емес.

Ал қаулының толық мәтінін мына сілтемеден таба аласыз.

Қарағанды ​​облысында демалыс күндері қандай нысандар жұмыс істейді 

Қарағанды ​​облысының мемлекеттік бас санитар дәрігері Юрий Залыгиннің жаңа қаулысымен қаладағы сауда үйлері мен сауда орталықтарына демалыс күндері 17:00-ге дейін жұмыс істеуіне рұқсат берілді.

Сондай-ақ, жалпы сыйымдылықтың 30%-тен артық мөлшерде адамдардың  шоғырлануына жол берілмейді.

Оқи отырыңыз: Алматыда карантин күшейтіле ме – бас санитар дәрігердің жауабы

Сонымен қатар, сенбі күндері азық-түлік және азық-түліктік емес жабық базарлардың жұмыс істеуіне де рұқсат етіледі.

Қаулының толық мәтінін мына сілтемеден көруге болады.

943
Кілт сөздер:
шектеу, қозғалысты шектеу, карантин
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин
Тақырып бойынша
Қазақстанның облыстары мен қалаларында карантин күшейтілді: неге тыйым салынды
Алматыда екі күнде карантин талабын бұзған 65 нысан анықталды
Қазақстандағы карантин: комиссия жаңа шешімді жариялады
Маңғыстау облысында карантин жеңілдетілді
Нұр-Сұлтанда карантин күшейтіле ме – әкім астаналықтарға үндеу жасады
Шымкентте вагондар рельстен шығып кетті

Шымкенттегі апаттан кейін пойыз қозғалысы қалпына келтірілді

351
(Жаңартылды 14:31 24.10.2020)
Жолаушылар аударылған вагондарды теміржолдан тазарту жұмыстары аяқталғанша күтті, кейбір пойыздар 8-9 сағатқа дейін кешікті  

НҰР-СҰЛТАН, 24 қазан – Sputnik. Шымкентте вагондардың рельстен шығып кетуіне байланысты уақытша тоқтатылған пойыздар жолға шықты, деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігі.  

Ведомствоның ресми өкілі Талғат Уәлидің айтуынша, қозғалыс сағат 12.49-да қалпына келтірілген. Барлығы 7 жолаушылар пойызы кешікті, атап айтқанда:

  • Шымкент стансасында Ақтөбе – Алматы №34 жолаушылар пойызы 9 сағатқа, Қызылорда – Петропавл №76 пойызы 7 сағатқа;
  • Қорғасын стансасында Қызылорда – Көкшетау № 56 жолаушылар пойызы 5 сағатқа;
  • Қызылсай стансасында Алматы – Ақтөбе №23 жолаушылар пойызы 8 сағатқа;
  • Манкент-2 стансасында Алматы – Шымкент №11 жолаушылар пойызы 5 сағатқа, Нұр-Сұлтан – Сарыағаш №85 пойызы 1,5 сағатқа;
  • Састөбе стансасында Алматы – Ақтөбе № 33 жолаушылар пойызы 1 сағатқа кешікті.

Қозғалысы кешіктірілген пойыздарда 1 393 жолаушы болған. Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдар Шымкент қаласына жолаушыларды тасымалдау үшін 5 шағын автобус пен 2 автобус ұйымдастырды.

Еске сала кетейік, 24 қазан күні түнде 14 вагон жолдан шығып, аударылып кеткен болатын.

351
Кілт сөздер:
пойыз апаты, вагон
Тақырып бойынша
Шығыс Қазақстанда локомотив пен 23 вагон рельстен шығып кетті
Шығыс Қазақстанда он екі вагон рельстен шығып кетті
Павлодарда жүк пойызы электровозбен соқтығысты – видео
Сыртқы істер министрлігінің ғимараты

"Дүрліктіруге ниетті": министрлік атышулы фильмге қатысты түсініктеме берді

80
Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде ел азаматтары ашық нәсілшіл шабуылдарға наразы екені айтылады

НҰР-СҰЛТАН, 24 қазан – Sputnik. Фильм авторлары арандату жолымен Қазақстанның мемлекеттік рәміздерін мазақ етіп, дүрліктіруге ниетті, деп хабарлады сыртқы істер министрлігі.

"Арандатушылық мақсатта Қазақстан халқы да, оның мемлекеттік рәміздері де мазаққа ұшыруда. Наразылық нота жолдау мағынасыз, өйткені оның адресаты жоқ. Неғұрлым дүрліктіре берсек, соғұрлым фильм авторлары пайда табады. Үлкен пайда табу авторларды фильмді жалғастыруға итермелейді. Негізінде, фильмде нәсілшілдік пен ксенофобияның айқын формасы бар. Біздің азаматтарымыз ашық нәсілшіл шабуылдарға әділ наразы", – делінген хабарламада.

Айта кетейік, 23 қазанда бір топ жас АҚШ Бас консулдығына жиналып, "Борат-2" фильмінің шығуына қарсы шықты. Олар фильмге тыйым салуды талап етіп, петициясын ұсынды.
Ұйымдастырушылар бұл петиция арқылы қоғамда теріс реакция тудырған фильмнің көрсетілуіне тыйым салуды сұрайды, олардың пікірінше, ол бүкіл мемлекеттің беделін түсіреді.

Бұған дейін Қазақстанның мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова британдық актер және режиссер Саша Барон Коэннің атышулы "Борат-2" фильмі туралы пікір білдірген еді. 

Министрдің айтуынша, сенсациялық фильмнің Қазақстанда пайда болуы фактісін елемеуге болмайды. 

"Борат" тарихы

"Журналист" Борат Сагдеевтің Америкаға сапары туралы 2006 жылы шыққан фильм хитке айналды. Бұл фильмді шығаруға 18 миллион доллар жұмсап, оны дайындағандар 261,5 миллион доллар пайда тапты. Тіпті, "Алтын глобус" иегері атанды және "Оскарға" ұсынылды.

Ал Қазақстанда фильм қоғам тарапынан наразылық тудырды. Фильм түсірушілерге елді қорлады деген айып тағылды.

Екінші бөлімнің сюжеті бойынша, ойдан шығарылған кейіпкер, қазақстандық журналист Бораттың тағы да АҚШ-қа жолы түседі. Ол америкалықтардың әдеттегі өмір салтын гротеск тәсілімен мазақ ете келе, президенттік сайлау қарсаңындағы елдің саяси өмірін зерттейтін болады.

Оқи отырыңыз: АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі "Борат" фильміне қатысты пікір білдірді

Жаңа трейлер шыққаннан кейін көптеген қазақстандық фильмді теріс бағалады. Осыдан кейін әлеуметтік желіде "Бораттың" жалғасының шығуына қарсы флешмоб ұйымдастырылды. Оған әлемнің түкпір-түкпіріндегі қолданушылар қосылды, олар #СancelBorat хэштегімен фильмге қарсы шығып жатыр.

80
Кілт сөздер:
сыртқы істер министрлігі, Борат