Өңірлер

Алматыда 25 мамырдан бастап қандай сауда орталықтары жұмыс істейді

© Sputnik / Тимур БатыршинВиды Алматы
Виды Алматы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматыда 25 мамырдан бастап алаңы 500 шаршы метрден астам сауда нысандары, қонақ үйлер, қоғамдық тамақтану орындары жұмысын бастайды

АЛМАТЫ, 18 мамыр – Sputnik. 25 мамырдан бастап Алматыда 138 сауда нысанының жұмысына қойылған шектеу шаралары алынады, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

"Алаңы 500 шаршы метрден астам 138 сауданы санының жұмысына қойылған шектеулерді алу жоспарланып отыр. Жекелей алғанда, сауда үйі, сауда орталығы, сауда ойын-сауық орталығы аумағында орналасқан азық-түлік сатпайтын дүкендер, сән салондары, химиялық тазалау және мейрамханалар жұмысын бастайды", - делінген хабарламада.

Сауда нысандары сағат 23:00-ге дейін жұмыс істейді.

Ал сауда үйі, сауда орталығы, сауда ойын-сауық орталығы аумағында орналасқан тамақтану орындары 2-ші кезең шеңберіне ашылады, ал СПА, фитнес-орталықтар және ойын-сауық нысандарын ашу 3-ші кезеңде жүзеге асады.

Олардың ашылу күні қаладағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады.

Мейрамханалар қашан ашылады

25 мамырдан бастап қоғамдық тамақтану нысандарының жазғы алаңдарын қоса алғанда 3 100 кәсіпорын жұмысын бастайды.

Олардың жұмысының негізгі шарты – көрші үстелде отырған келушілердің арақашықтығының кемінде 2 метр болуын қамтамасыз ету. Сонымен қатар 1 үстелге ең көбі 4 адамнан, бір отбасының мүшелерін айтпағанда, отырғызу керек.

Қоғамдық тамақтандыру нысандарына сағат 23:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі. Бірінші кезеңде банкеттер мен салтанатты тойлар өткізуге тыйым салынады. Сондай-ақ, бұл кезеңде қоғамдық тамақтандыру нысандарының аумағында жұмыс істейтін караоке, бильярд және көңіл көтеретін мекемелердің жұмыстарына тыйым салынады. Кальян жұмысына карантиннің барлық кезеңінде тыйым салынады.

Қонақ үйлер қалай жұмыс істейді

25 мамырдан бастап 5 мыңнан астам қызметкері бар 393 қонақ үй (хостелдерді қоспағанда) жұмысын бастау жоспарланып отыр. Оларғақонақ бөлмелерін беруге және өзінің аумағындағы мейрамханаларды ашуға рұқсат беріледі. Қонақ үйдегі мейрамханаларға қоғамдық тамақтандыру нысандарына қойылған талаптар қойылады. 

СПА, бассейн және спорт залдарын ашу қаладағы эпидемиологиялық жағдайларға байланысты болады және қосымша хабарланады.

Осылайша, 25 мамырдан бастап қалада 3 631 кәсіпорын жұмысы жанданады, ол жерде 84,2 мың адам жұмыспен қамтылады.

Ірі сауда нысандары қашан ашылады

Алаңы 2000 шаршы метрден астам ірі сауда нысандары келушілерді қабылдауға дайындығы тексеруден еткеннен кейін ашылады. Қаладамұндай 64 нысан бар.

Айта кетейік, Қазақстанда төтенше жағдай режимі 16 наурыздан 11 мамырға дейін жалғасты. Қалаларда карантин режимі әлі аяқталған жоқ.

Жаңалықтар
0