Өңірлер

Ақмола облысында жоғалған жасөспірімнің 9 жыл бойы қайда жүргені белгілі болды

© Photo : pixabay.comПарень в капюшоне, иллюстративное фото
Парень в капюшоне, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жасөспірім 16 жасында үйінен кетіп қалған. Қазір ол 25 жаста, тоғыз жыл бойы таныстарының үйінде жасырынып, анасымен байланысқа шығудан бас тартқан

АЛМАТЫ, 27 мамыр – Sputnik. Ақмола облысы Қосшы ауылының тұрғыны ұлын тоғыз жылдан кейін тапты.

Гүлдариға Нұрбаева 16 жастағы ұлы Мұхтарды соңғы рет 2011 жылдың қазан айында көрген. Әйел полицияға оның жоғалғаны туралы арызданған. Айтуынша, жасөспірім оның алдында да үйінен кетіп қалып жүрген, деп хабарлады Polisia.kz порталы.  

Тәртіп сақшыларының айтуынша, Мұхтардың жоғалғаны туралы алғашқы арыз Целиноград полиция бөліміне 2011 жылдың 29 қыркүйегінде келіп түскен. Анасының айтуынша, 13 қыркүйекте оның 16 жастағы ұлы ұялы телефонын алып, үйден кетіп қалған. Алайда мұндай жағдайлар бұрын болып тұрғанын ескерген анасы 10 күн бойы өз бетінше іздеген. Одан кейін барып полицияға жүгінген. Іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер жасөспірімді елорда базарларының бірінен тауып, отбасына қайтарды.

Оқи отырыңыз: Солтүстік Қазақстанда із-түзсіз жоғалған әжей табылды 

Бұл жағдай бір айдан кейін тағы қайталанды. 2011 жылдың 22 қазанында отбасының тұңғышы барлық затын жинап, үйден кетіп қалған. Гүлдариға Нұрбаева өз бетінше іздеп таппаған соң, 10 қарашада полициядан көмек сұрады. Тергеу барысында жедел уәкілдер жасөспірімнің үйден кетуіне жанжал себеп болуы мүмкін екенін анықтады. Себебі бала үйінен кетерден бұрын отбасында кикілжің болған.

Мұхтардың қайда екенін анықтау үшін оның таныстарының тізімі жасалды, достары мен ауылдастарынан сұралды. Сонымен қатар автобус жүргізушілері мен такси қызметі арқылы да іздестірілді. Сол уақытта баланы көруі мүмкін деген адамдар анықталды. Арнайы топ астана мен көрші облыстарда іздеу жұмыстарын жүргізді, алайда нәтиже болмады.

9 жыл бойы полиция Мұхтарды іздестіруді тоқтатпады, 2020 жылдың мамырында 25 жастағы жас жігіт Түркістан облысы Түлкібас ауданының бір ауылынан табылды.

Осы уақыт аралығында Мұхтар өз таныстарының үйінде болған, алайда анасымен байланысқа шығудан бас тартты.

Гүлдариға Нұрбаева "жоғалған ұлының тірі екеніне және дені сау табылғанына өте қуанышты" екенін атап өтті полиция.

Айта кетейік, 2020 жылы Ақмола облысының полицейлері із-түзсіз жоғалып кеткен 23 адамның мекенжайын анықтады.

Жаңалықтар
0