Өңірлер

Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме

CC0 / / Свадьба, иллюстративное фото
Свадьба, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
1 маусымнан бастап Алматыда азық-түлік сатпайтын базарлар мен автокөлік жуу орындары, монша мен сауна, спа-салон жұмысқа кірісті

АЛМАТЫ, 1 маусым – Sputnik. Алматыда банкет пен той өткізуге болмайды. Бұл жайында қаланың  бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қазір қоғамдық тамақтану орындарының жұмыс істеуі қажет екенін анықтадық. Қоғамдық тамақтану кәсіпорындарында банкет, үйлену тойы, кездесулер, көңіл көтеру, ұжымдық іс-шаралар өткізуге рұқсат әлі берілген жоқ", -деді ол.

Айта кетейік, 1 маусымнан бастап Алматыда азық-түлік сатпайтын базарлар мен автокөлік жуу нүктелері, монша мен сауна, спа-салон қызметіне рұқсат берілді. 1 маусымда өңірлер арасындағы блок бекет алынып тасталды. 

Қазақстан бойынша науқастардың саны 11 308 адамға жетті, 5 458 адам жазылып шықты, 41 адам қайтыс болды.

Алматыда 2 647 адамнан коронавирус инфекциясы табылды, 1 552 адам аурудан жазылды, 10 адам қайтыс болды.

Жаңалықтар
0