Өңірлер

Қарағанды облысында отыз ғимараттың шатырын жел ұшырды

Жазылу
Қарағанды облысы әкімдігі өңірдегі желдің салдары қандай болғанын айтты. Әкімдік жанынан құрылған комиссия шығынды есептеп жатыр

АЛМАТЫ, 3 маусым — Sputnik. Қарағанды облысы Ақтоғай ауданында 20 тұрғын үй мен 10 әкімшілік ғимараттың шатырын жел ұшырды. Келген шығынды әкімдік жанынан құрылған комиссия анықтайды. 

2 маусым күні болған жел мәденит үйі, автостанция ғимараты, аудандық аурухана, мектеп сынды ғимараттардың шатырын ұшырды. Сондай-ақ, бірқатар дүкен мен мейрамхана шатырсыз қалды. 

"2 маусымда Ақтоғайда желдің екпіні күшейді. Салдарынан әкімшілік ғимараттар мен тұрғын үйлер шатырсыз қалды. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ", - деді Қарағанды облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта төтенше жағдайдан келген шығынды әкімдік жанынан құрылған арнайы комиссия анықтап жатыр. 

1 маусымда қатты жел салдарынан Павлодар облысында да бірқатар ғимарат шатырсыз қалған болатын. Ағаштардың бірі жеке үй ауласында жасөспірімге құлады. Ол жергілікті ауруханаға жеткізілді. Алайда құтқару мүмкін болмады.

Жаңалықтар
0