Өңірлер

Арнайы операция: ҰҚК қылмыстық топты ұстады  

© Sputnik / Кирилл Каллиников / Медиабанкке өтуКісен, архивтегі сурет
Кісен, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Үш адам уақытша ұстау изоляторына қамалды, қазір оларға қатысты бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі шешілуде

НҰР-СҰЛТАН, 5 маусым – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитеті Атырау облысында арнайы операция жүргізіп, қылмыстық топты ұстады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

3 маусымда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Атырау облысында арнайы операция жүргізіп, қылмыстық топтың жолын кесті. Болжам бойынша, қылмыстық топ спорттық орта мен деструктивті діни ағымдардың өкілдерінен құралған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ҚР ҰҚК (@knbgovkz)

"Олардың өңір кәсіпкерлерін қорқытып ақша талап ету, қарыз "өндіру" және дене жарақатын келтіру сияқты қылмыстарға қатысы бар. Операция нәтижесінде топтың 5 белсенді мүшесі ұсталды, олардың кейбіреуі "ұрылар" идеологиясын ұстанып, трансұлттық қоғамдастықтармен байланыста болған",- делінген хабарламада.

Тағы оқыңыз: ҰҚК 20 лауазымды тұлғаны ұстау сәтінің видеосын жариялады

Фигуранттардың тұрғылықты жерін тінту кезінде үш дана әртүрлі қару мен оқ-дәрі табылып, тәркіленді.

Ұсталған үш адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір оларға қатысты бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі шешілуде. Екеуінен қорғауға құқығы бар куәгер ретінде жауап алынды.

Жедел-тергеу шаралары жалғасуда.

Жаңалықтар
0