Өңірлер

Жамбыл облысында коронавирусқа қарсы вакцина шығарылады

© AFP 2024 / KOEN VAN WEELСотрудник лаборатории готовит материалы для исследования по разработке вакцины от коронавируса
Сотрудник лаборатории готовит материалы для исследования по разработке вакцины от коронавируса - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Зауыт құрылысын  2020 жылдың желтоқсан айында аяқтап, жыл сайын биофармацевтикалық препараттардың 60 миллион дозасына дейін өндіру жоспарланып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 12 маусым – Sputnik. Жамбыл облысында коронавирусқа қарсы вакцина шығарылады, деп хабарлады премьер-министрдің сайты. 

Қордай ауданының Гвардейский қала үлгісіндегі кентінде зауыттың құрылысы басталды.  

"Премьер-министрі Асқар Мамин білім және ғылым министрлігі ғылым комитетінің Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институты жанындағы вакцина шығаратын биофармацевтикалық зауыттың құрылысын бастап берді", - делінген хабарламада.

Зауыт тиісті өндірістік тәжірибенің (GMP) халықаралық стандарты бойынша иммунобиологиялық дәрі-дәрмектер, оның ішінде коронавирус инфекциясына қарсы вакцина шығарады.

Оқи отырыңыз: Қазақстандықтар коронавирусқа қарсы вакцинадан бас тарта ала ма?

"Қазіргі таңда Қазақстан ҒЗИ-ның COVID-19 індетіне қарсы кандидаттық вакцинасы Дүниежүізлік денсаулық сақтау ұйымының тізіміне енгізілген және клиникаға дейінгі сынақтан сәтті өтіп жатыр", - деп нақтылады үкімет сайты.

Сондай-ақ кәсіпорында пандемиялық тұмауға, туберкулезге, бруцеллезге, нодулярлық дерматитке, ұсақ күйіс қайыратын жануарлар обасына, қой мен ешкінің контагиозды эктимасына, қой шешегіне, құтыруға және басқа да жұқпалы ауруларға қарсы вакциналар шығарылады.

Жаңалықтар
0