Оқиға

Шымкентте көшеде екі баланың анасын кім ұрып кеткені белгілі болды

© Sputnik / Табылды КадырбековДевушка закрывает лицо руками, архивное фото
Девушка закрывает лицо руками, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әйелге жұдырық жұмсады деген күдікпен ер адам ұсталып, қылмыстық іс қозғалды. Ол енді 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 12 маусым – Sputnik. Шымкентте көшеде таяқ жеген екі баланың анасын бөтелкелесі ұрған. Бұл туралы қаланың полиция департаменті мәлімдеді.   

Тергеу басқармасының басшысы Дәулет Абдремановтың айтуынша, К. есімді әйел кешқұрым бөтелкелестерімен спирттік ішімдік ішкен. Оның соңы түсініспеушілікке ұласып, төбелеспен аяқталған, деп жазды Otyrar.kz.

"Пакетпен қылқындырған": Шымкентте әлдекімдер екі баланың анасына шабуыл жасады 

Бүгінде әйелге жұдырық жұмсады деген күдікті тергеу абақтысында. Ал таяқ жеген оның бөтелкелесі ауруханада жатыр.

"Қазір бұл іске байланысты қылмыстық іс қозғалды. Енді бөтелкелесін ұрған азамат 5 жылға дейін қамалуы мүмкін", - дейді Шымкент қаласы ПД тергеу басқармасының бастығы Дәулет Абдреманов.

Еске сала кетейік, 10маусым күні "Не молчи" қоғамдық қорының әлеуметтік желідегі парақшасында екі баланың анасын көшеде зорлап, ұрып кеткені жарияланған еді. Оқиға 26 мамыр күні Шымкент көшелерінің бірінде болғаны айтылған еді.

Жаңалықтар
0