Өңірлер

Теңіздегі карантин 26 маусымға дейін ұзартылды

© Sputnik / Борис Бабанов / Медиабанкке өтуМесторождение Тенгиз
Месторождение Тенгиз - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Кен орнындағы өндіріс процесі тоқтамайды, кенішке кіреберіс пен шығар жолдағы блок бекеттер алынбайды

НҰР-СҰЛТАН, 13 маусым – Sputnik. Теңіз кен орнындағы карантин 26 маусымға дейін ұзартылды.

Өндіріс процесі тоқтамайды, деп жазылған Атырау облысы Жылыой ауданының бас санитар дәрігерінің қаулысында.

Кен орнында кіретін жұмысшылардың тізімі жасалады. Вахта басталардан бес күн бұрын олар тест тапсырып, өзін оқшаулауы тиіс.  

Оқи отырыңыз: Қазақстанның бірнеше өңірінде карантин күшейтілді 

"Олар анализдің нәтижесі теріс нәтиже көрсеткен жағдайда ғана алтыншы күні жұмыс істеуге рұқсат алады", - делінген қаулыда.

Теңізден сыртқа шыққан кезде де осындай алгоритм қолданылады.

Жұмыс берушілер COVID-19 талдауының ақысын төлеуі керек, қызметкерлер бес күндік карантинге жіберіледі.

"Теріс нәтиже алған жағдайда, қызметкер кен орнынан шыға алады,  алайда үйінде 14 күн өзін-өзі оқшаулауы тиіс",- делінген құжатта.

Санитар дәрігер денсаулық сақтау басқармасы мен "Теңізшевройл" компаниясын қызметкерлерді коронавирусқа тексеруді жалғастыруды міндеттеді.

Атырау облысында 1227 адамнан инфекция анықталды, олардың 897-сі сауығып шықты.

Бұған дейін Атыраудағы "Теңіз" кен орнында, Қарағанды ​​облысындағы "Нұрқазған" кенішінде және Маңғыстау облысындағы Қаламқас газ-мұнай кен орнында COVID-19 індеті жаппай тараған болатын.   

Жаңалықтар
0