Өңірлер

Маңғыстауда әйел туған баласын беріп, кредитін жаппақ болды

© Photo : pixabay.comСәби көтерген ана, иллюстративті сурет
Сәби көтерген ана, иллюстративті сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әйел кредитін өтеу үшін сәбиін асырап алуға берген, алданып қалғанын түсінгеннен кейін полициядан көмек сұраған

НҰР-СҰЛТАН, 18 маусым – Sputnik. Маңғыстау облысында кредитін өтеу үшін сәбиін басқа әйелге берген ана полицияға жүгінді.

Баланың анасы екі банктен алған 907 мың теңге кредитін өтеу үшін жақын танымайтын әйелге сәбиін асырап алуға берген. Алайда ол уәдесін орындамаған, деп хабарлайды Polisia.kz.

"Қылмыстық кодекстің 128-бабы "Адам саудасы" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Қос тараптан да ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды", - деп мәлімдеді полициядан.

Бұл бап бойынша мүлкі тәркіленумен үш жылдан бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Тағы оқыңыз: Қостанайда екі жігіт кредитін жауып, жаңа жыл тойлау үшін қылмысқа барды

Адам саудасымен байланысты қылмыстарды әшкерелеумен ішкі істер органдарының арнайы бөлімшелері айналысады. Олар басқа қызметтерді тарту арқылы тоқсан сайын "STOP трафик" жедел-алдын алу шарасын өткізеді.

Қазақстанда кезекті ауқымды операция маусым айының ортасында жүргізілді. Нәтижесінде полицейлер адам судасына қатысты 50-ден аса қылмысты анықтады.

Жаңалықтар
0