Өңірлер

"Осы жолы басқаша": алматылықтар демалыста табиғатқа шыға ала ма?

© Sputnik / Анатолий УстиненкоОзеро Иссык
Озеро Иссык - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қала басшысының орынбасары егде жастағы адамдарға үйде отыруға кеңес берді. Жалпы, инфекцияның таралуына жол бермеу үшін тығыз қарым-қатынасты барынша азайту керек

НҰР-СҰЛТАН, 26 маусым – Sputnik. Алматы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев бұған дейінгі және алдағы "карантиндік демалыстың" айырмашылығын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі қала әкімдігіне сілтеме жасап.

"Өткен аптада болған шектеулермен салыстырғанда осы жолы саябақтар жабылмайды. Медеу, Шымбұлақ пен Арбат та ашық болады. Халық таза ауада серуендей алады. Енді, үйде отырған да зиянды. Сондықтан осы жолы ашық аспан астында жүруге шектеу болмайды", - деді Тұяқбаев бүгінгі онлайн брифингте.

Қала басшысының орынбасары егде жастағы адамдарға үйде отыруға кеңес берді. Жалпы, инфекцияның таралуына жол бермеу үшін тығыз қарым-қатынасты барынша азайту керек.

"Халық сауда орталықтарында немесе базарларда жүргенше саябақтарда жүрген дұрыс деп шештік. Осы аптадағы шешімде сондай мүмкіндік беріліп отыр. Қаланың ішіндегі және сыртындағы саябақтар жабылмайды. Бірақ біздің ұсынысымыз, мүмкіндігінде, әсіресе, жасы үлкен азаматтарға үйде отырған дұрыс", - деп атап көрсетті Тұяқбаев.

Жергілікті билік өткен аптаның шектеу шаралары жеткілікті болады деп ойлаған. Алайда инфекцияны жұқтыру көрсеткіші төмендемей отыр. Сол себепті осы жолы қайтадан "карантиндік демалысты" енгізуге шешім қабылданды.

"Өткен аптада қолға алынған шектеулердің нәтижесі енді көрінуі тиіс. Өйткені инкубациялық кезең екі аптаға созылады. Сондықтан алдағы уақытта ондай шараларды қолға алынбайды деп ойлаймыз. Бірақ барлығы қаладағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады", - дейді Тұяқбаев.

Алматыда қандай шектеулер енгізіледі

27-28 маусым күндері Алматыда қосымша шектеу шаралары енгізіледі. Соның аясында коронавирустық инфекцияның таралу қаупі бар нысандар толығымен жабылады. Олар:

азық-түлік сататын және сатпайтын ірі сауда желілері;

  • барлық жабық базарлар, сауда ойын-сауық орталықтары, сауда орталықтары мен сауда үйлері;
  • далада қызмет көрсететін нысандардан бөлек барлық қоғамдық тамақтану орындары;
  • фитнес орталықтар;

Ашық ауада қызмет көрсететін нысандардан басқа қоғамдық тамақтану орындарының барлығы жабылады. Үйдің ауласындағы дүкендер істей береді. Ал қоғамдық көлік қатынасы тоқтатылады.
Көлік жуу орындары, техникалық қызмет көрсету мен жанар-жағармай құю станциялары жұмыс жабылмайды.

Алдағы дүйсенбі, 29 маусымда сауда орталықтары мен базарлар қайтадан ашылады. Қоғамдық көлік те қатынайтын болады.

Жаңалықтар
0