жедел жәрдем көлігі

"Екі науқас жедел жәрдем ішінде өлді" елді шулатқан дәрігер кешірім сұрады

11004
Осыдан бірнеше күн бұрын шымкенттік дәрігердің түсірген видеосы желіні біраз шулатқан болатын, ал бүгін ол дүрбелең тудырғаны үшін жұрттан кешірім сұрады

НҰР-СҰЛТАН, 27 маусым – Sputnik. Шымкентте жедел жәрдем көлігінің ішінде екі науқас өлгенін мәлімдеген дәрігер кешірім сұрады.

Айта кетсек, әлеуметтік желіде жедел жәрдем дәрігері түсірген видео тараған еді, ол қаладағы ауруханалар ауыр хәлдегі науқастарды қабылдамай жатқанын айтып шырылдайды. Ал видеодан бірнеше жедел жәрдем көлігінің инфекциялық аурухананың алдында тұрғанын, ал ішінде науқастардың жатқанын көруге болады.

"Құрметті денсаулық сақтау министрлігі, мен Шымкент қаласы жедел жәрдемінің дәрігерімін. Ауыр хәлдегі науқасты әкелдім, ешбір стационар қабылдамай жатыр. Орын жоқ дейді. Енді не істеймін? Кеше біздің бригаданың көлігінде екі науқас көз жұмды, өйткені оларды қабылдамады. Үш сағат тұрдық. Қараңыздар, әнеки көлікте науқас жатыр. Осы жағдайға мән берсеңіздер. Мен енді кімге, қайда барарымды білмеймін", - дейді дәрігер.

Видеоны жедел жәрдем дәрігері Арман Хамзиннің түсіргені белгілі болып отыр. Бүгін ол қала әкімінің брифингісіне келіп, өз әрекеті үшін кешірім сұрады, хабарлайды otyrar.kz.

"Сол сәтте паника басталды деп айта алмаймын, бірақ мен жедел жәрдемдегі науқас үшін қатты қорықтым. Күтіп отырған кезде, оның жағдайы нашарлап жатқанын көрген уақытта моральдық тұрғыда шаршайсың. Осындай уақытта жазылған видео. Біршама уақыттан кейін мәселе шешілді, бізге стационардан хабарласып, науқастың жағдайы ауыр екені, бірақ оған көмек көрсетіліп жатқанын айтты. Мен роликтің желіде тарап кеткенін қалаған жоқпын, оны өзім үшін түсірген едім. Дүрбелең тудырғаным үшін кешірім сұраймын", - деді Хамзин.

Ресми деректерге сүйенсек, Шымкент қаласында коронавирус инфекциясынан 13 адам қайтыс болды.

11004
Кілт сөздер:
видео, коронавирус, науқас
Тауық, архивтегі сурет

Құс тұмауы Шығыс Қазақстанға жетті

22
Қауіпті дерттің таралуына жол бермеу үшін вакцинация жүргізілді. Мұның арқасында құстың қырылуына жол берілмеді

НҰР-СҰЛТАН, 19 қазан — Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында ауылдық округтердің бірінде құс тұмауы анықталды. Ветеринарлық ақпаратына сәйкес, аурудың таралуына жол берілген жоқ.

Қазіргі уақытта жағдай тұрақты, деп хабарлады YK-news.kz.

"Бесқарағай ауданында құс тұмауы анықталды. Ауылдық округ бірден карантинге жабылды. Қазір бәрі тоқтатылды, вакцинация жасалды, жағдай тұрақты. Құс қырылып жатқан жоқ", - деді Шығыс Қазақстан облысы ветеринария басқармасында. 

Мамандар жұмыс істеп жатыр.

Бұған дейін Қазақстанның құс өсірушілер одағының президенті Руслан Шәріпов құс тұмауының таралуы бір ай ішінде тоқтайтынын хабарлаған болатын.

"Бізде құс фабрикалары жабық типті. Мәселен, бір фабрика жетекшісі мен жұмысшылары кәсіпорында тұрады. Оларға азық-түлік терезе арқылы жеткізіледі. Тұмаудың таралуына жол бермеу үшін осындай қатаң шара қолданылды", - деді Шәріпов. 

Ауыл шаруашылығы министрлігі жеті облыста құс тұмауы расталғанын айтты.

22
Кілт сөздер:
Шығыс Қазақстан, тұмау, құс
Тақырып бойынша
Құс тұмауы адам үшін қауіпті ме - ауыл шаруашылығы министрлігі жауап берді
Тоқаев құс тұмауы жайлы: жағдай өте күрделі
Қазақстан құс еті импортынан жыл сайын 77 млрд теңге жоғалтып отыр
Солтүстік Қазақстанда 256 мың құстың қырылуына тұмаудың қатысы жоқ болып шықты
Одақ президенті құс тұмауына қатысты болжам жасады
Оқушы қыз

Атырау облысында оқушы қыз әкесімен болған жанжалды желіде жариялады

2831
(Жаңартылды 20:11 19.10.2020)
Мектепте ата-аналар, педагог, психологтар мен полиция қызметкерлерінің кездесуі өтпек. Құқық қорғау органдары тергеу жүргізіп жатыр

АЛМАТЫ, 19 қазан — Sputnik. Әлеуметтік желіде Атырау облысында жасөспірім қыз жүктеген видео тарап кетті. Кадрда әкесі ыдыс жумағаны үшін қызға ұрсып жатыр. Оқиғаға қатысты облыстық білім басқармасы түсініктеме берді. 

Ведомствода видео авторы анықталғанын хабарлады. Ол қыз 11- сыныпта оқиды. 

Мектептегі шараларға белсенді қатысады, оқуы да жаман емес.

"Ол көпбалалы отбасының тұңғышы. Әкесі арнайы техниканың жүргізушісі. Видео жарияланған соң жасөспірімге психологиялық-педагогикалық көмек көрсетілді. Ата-анасымен де жұмыс жүргізілді", - деді білім басқармасында. 

Қыз болған жағдайды 18 қазан күні видеоға түсіріп, желіде жариялаған. 

"Жасөспірімді соққыға жығу фактісі анықталған жоқ. Мәселе талқыланған соң, қыз мектептің чатында сыныптастарынан кешірім сұрап, видеоны таратпауды сұрады", - деді ведомствода. 

Мектепте ата-аналар, педагог, психологтар мен полиция қызметкерлерінің кездесуі өтпек. Құқық қорғау органдары тергеу жүргізіп жатыр.

2831
Кілт сөздер:
желі, жанжал, әкесі, оқушы қыз, Атырау облысы
Тақырып бойынша
Полицейлер өгей әкесі мен ағасы зәбірлеген қыздың тағдыры туралы әңгімеледі
Мемлекеттік мекемедегі трагедия: марқұмның әкесі Назарбаев пен Тоқаевқа үндеу жолдады
Блок бекеттегі трагедия: күдіктінің әкесі тағы мәлімдеме жасады
Алматы тұрғыны әкесі сыйға берген үйді сатып, зейнеткерді қуып шықты
Телефонмен сөйлесіп тұрғанда ажал құшты: марқұмның әкесі не болғанын айтты