Өңірлер

Дәрігер қайтыс болған әріптестерінің тізімін жариялады - басқарма түсініктемесі

© Sputnik / Алексей Майшев / Медиабанкке өтуБольница
Больница - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Дәрігерлер 3 маусым - 7 шілде аралығында қайтыс болған. Өлімге екіжақты пневмония себеп болғаны айтылып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 8 шілде — Sputnik. Желіде коронавирустан көз жұмған дәрігерлерді еске алуға арналған видео жарияланды. 

Роликті шымкенттік гинеколог-дәрігер Әлібек Демеуов жариялаған болатын. Видео әлеуметтік желілерде тарап кетті.

 

Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы видеодағы тоғыз дәрігер қаладағы мемлекеттік мекемелерде жұмыс істегенін мәлімдеді.

"Медицина қызметкерлері 3 маусым  -7 шілде аралығында көз жұмды. Олар хирург, педиатр, гинеколог, лаборант, УЗИ маманы болып қызмет еткен. Өлім себебі - екіжақты пневмония", - деді денсаулық басқармасының баспасөз қызметі.

Желіде кейінірек жарияланған роликтегі тізімге 16 медицина қызметкері енген.

Бұған дейін бас мемлекеттік санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова елде коронавирус жұқтырғандардың 11,5%-і медицина қызметкерлері екенін айтқан болатын. Бұл шамамен 5 мың адам. Олардың 18-і қайтыс болды.

Жаңалықтар
0