Өңірлер

"Үлкен ауыртпалық түсіп жатыр": Шөкеев шекарадағы жағдайға алаңдады

© Sputnik / Табылды Кадырбеков / Медиабанкке өтуГраница между Кыргызстаном и Казахстаном
Граница между Кыргызстаном и Казахстаном - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазігі кезде облыс тарапынан шетелдіктерге ыстық тамақ кейде әкімдік, ал кейде демеушілер тарапынан ұйымдастырылады

НҰР-СҰЛТАН, 9 шілде – Sputnik. Түркістан облысының әкімдігі "Жібек жолы" шекара бекетінің маңына жиналған өзбектер мен тәжіктерді еліне өткізу мәселесін үкіметтік деңгейде көтеріп жатыр. Бұл туралы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бұған дейін Түркістан облысындағы "Жібек жолы" бекетінде Өзбекстан мен Тәжікстанның үш мыңға жуық азаматы шекарадан өте алмай жүргені хабарланған еді.

Облыс әкімі бұл наурыз айынан бері жалғасып жатқан мәселе екенін атап өтіп, содан бері "Жібек жолы" арқылы Өзбекстан мен Тәжікстанның 40 мыңдай адамын өткізгенін айтты.

"Өзбекстан тарапы адамдардың бәрін карантинге алу үшін төсек-орын тапшы екенін айтуда. Осыған байланысты кідіріп қалып жатыр. Бұл әрине, бізге үлкен ауыртпашылық түсіріп жатыр", – деді Шөкеев онлайн брифингте.

Айтуынша, облыс тарапынан шетелдіктерге тамақ жеткізіледі. Ыстық тамақ кейде әкімдік, ал кейде демеушілер тарапынан ұйымдастырылады. Бұл жұмысқа облыстағы тәжік және өзбек халқының диаспоралары да тартылуда.

"Кеше екі мыңға жуық адамды өткіздік. Бұл жұмыс жалғасады. Біз қазір бұл мәселені үкіметтік деңгейде көтеріп жатырмыз. Екі ұсынысымыз бар. Біріншісі, олардың жиналатын жерін шекараның ар жағында "Транзиттік аймақ" деген жер бар, сол жерден жасау. Екіншісі, басқа бекетке ауыстыру. Өйткені ана жерде тоғыз мың адам тұратын елді мекен бар. Сондықтан олардың сол жерде жиналуы ауыл тұрғындары үшін шынымен де қауіпті", – деп алаңдады облыс әкімі.

Оқи отырыңыз: Қазақстан-Қытай шекарасы неге жабылатыны белгілі болды

Шөкеев жағдай әрі қарай жалғаса берсе, күн суытқаннан кейін шетелдіктерді далада ұстау қиынға соғатынын айтты.

"Сондықтан бұл үлкен мәселе, онымен қазір айналысып жатырмыз. ­Өкінішке қарай, мәселенің шешімі біздің қолымызда емес", – деді ол.

Жаңалықтар
0