Медицина қызметкері

Ақмола облысында әскери дәрігер пневмониядан көз жұмды

433
Медицина қызметінің майоры коронавирус салдарынан болған екіжақты пневмониядан көз жұмғаны хабарланды

НҰР-СҰЛТАН, 13 шілде – Sputnik. Ақмола облысында Ұлттық ұлан медицина қызметінің майоры Маратхан Ардан қайтыс болды.

Ұлттық ұланның баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан тілшісіне әскери қызметші Көкшетауда істегенін айтты. Ол коронавирус салдарынан болған екіжақты пневмониядан көз жұмған. 

"Ұлттық ұлан медицина қызметінің майоры Ардан Маратханның мезгілсіз дүниеден өтуіне байланысты жақындарына көңіл айтады", - деді ведомствоның баспасөз қызметі. 

13 шілдедегі ақпаратқа сәйкес, Қазақстанда 59 899 адам коронавирус жұқтырған. 

8 шілде күні президент Қасым-Жомарт Тоқаев 13 шілде COVID-19 пандемиясынан көз жұмғандарды ұлттық аза тұту күні болатынын жариялады.

12.00-де бүкіл Қазақстанда бір минут үнсіздік жарияланды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен лауазымды тұлғалар Ақорданың алдында коронавирус пандемиясы құрбандарын еске алды.

433
Кілт сөздер:
Ақмола облысы, әскери, дәрігер
Тақырып бойынша
Тоқаев карантин режимі қашанға дейін жалғасатынын айтты
Президент: шілде айына 42 500 теңге төленеді
Үкіметте карантинге қатысты қосымша шаралар қабылданды
Байғабылов Атырау облысының бас санитар дәрігері қызметіне тағайындалды
Коронавирус індеті: Маңғыстауда науқастар үшін аса қажет құрылғы жасалды
Арест подозреваемого в убийстве женщины, найденной в Битцевском парке

Видеоға түсірген: Қарағандыда балаларға қатысты азғындық әрекет жасаған ер адам ұсталды

641
Ашық ақпарат көздерін зерделеу кезінде бірнеше баланың фотосы табылды, деп атап өтті полицейлер

НҰР-СҰЛТАН, 30 шілде – Sputnik. Қарағанды қаласында жас балаларға қатысты азғындық әрекет жасаған ер адам ұсталды, деп жазды Polisia.kz.

Ресми мәліметке сәйкес, 54 жастағы ер адам азғындық әрекет жасап қана қоймай, бәрін видеоға түсіріп, интернетте таратқан.

Ішкі істер министрлігінің киберқылмыспен күрес орталығы шетелдік әріптестерінен белгісіз біреу Қазақстан аумағынан "TOR" жабық желісі арқылы жас балаларға азғындық жасау видеоларын таратып жатқаны туралы ақпарат алған. Орталық мамандары видеороликті жан-жақты зерттеп, бірнеше баланың фотосын тапқан. Олар видеороликте жүрген балаларға ұқсас болып шықты.

Шұғыл шаралар барысында кәмелеттік жасқа толмаған 2007 жылғы және 2009 жылғы балалар анықталды. Екеуі де Қарағанды облысының тұрғыны. Әкесінің тұратын жері белгісіз. Ал анасы былтыр қайтыс болған. Содан бері екі бала Қарағанды қаласындағы балалар үйінде тәрбиеленіп жатыр.

"Екі баланың анасы тірі кезінде олардың үйіне бір танысы келіп жүрген. Ер адам әйелге үй шаруасына көмектескен. Бір күні балалардың анасы үйде болмағанда ол қыз бен ұлды азғындық әрекет жасауға көндірген. Бұл әрекетті бірнеше рет қайталаған. Соның бәрін смартфонға түсіріп жүріпті. Анасы ештеңе білмеген", - дейді полицейлер.

ІІМ криминалдық полиция департаменті облыстық полициямен бірлесе отырып, жас балаларға қатысты азғындық әрекет жасаған ер адамды тапты. Ол Қарағанды қаласындағы коммуналдық кәсіпорынның жұмысшысы болып шықты. Ол өз кінәсін мойындады. Ал тінту кезінде смартфон тәркіленді. Соның ішінде барлық видео сақталған.

Күдікті қамауға алынып, үстінен қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі кезде зардап шеккен басқа да адамдар анықталып жатыр.

Оқи отырыңыз: Оралда өгей қызын зорлаған педофилдің анасы кінәні келініне жапты

 

641
Кілт сөздер:
педофил, Қарағанды, видео
Тақырып бойынша
32 педофил бостандыққа шығады – депутат алаңдаушылық білдірді
Маңғыстау облысында педофил өмір бойына сотталды
Қарағанды облысында көз жұмған жігіттің әкесі оқиға қалай болғанын айтты
Әлеуметтік желіде жарияланған шағымнан соң Қарағандыдағы түрме тексерілді
Алматы, қала келбеті

Алматыда бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы шықты: не өзгерді

979
(Жаңартылды 19:21 30.07.2021)
Қалада ойын-сауық, спорт, бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салынған. Ashyq жобасына қатыспайтын барлық кәсіпорын мен ұйымдардың қызметі тоқтатылады

АЛМАТЫ, 30 шілде – Sputnik. Алматы қаласы бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Құжатқа сәйкес, орталық мемлекеттік органдар, әкімшілік, құқық қорғау органдары, денсаулық сақтау ұйымдары, БАҚ, азық-түлік дүкендері, дәріхана мен қала өмірін қамтамасыз ететін ұйымдарды қоспағанда Ashyq жобасына қатыспайтын барлық кәсіпорын мен ұйымдардың қызметі тоқтатылады.

Сондай-ақ байланыссыз қызметтер: автожуу, тұрмыстық техника, сағат, телефон, аяқ-киім жөндеу, тігін ательесі, кір жуу, киім тазалау, кілт дайындау, тұрмыстық қызмет көрсету түрі мен гүл дүкендері, фотосалондар, туристік компания мен бизнес орталықтардың қызметіне рұқсат берілген.

Сақтандыру компаниялары, адвокат, нотариус, бухгалтер және консалтинг қызметтері, жылжымайтын мүлік, жарнама агенттіктері, сот орындаушылары, ақша айырбастау орындары, ломбард, банк, "Қазпошта" АҚ бөлімшелері жұмыс істейді.

Осы аталған нысандар мен қызмет түрінен басқа ұйымдар 2021 жылдың 2-16 тамыз аралығында жұмыс істемейді, ал Ashyq жобасына қосылғандар сенбі-жексенбі қызметін тоқтатады.

Қалада ойын-сауық, спорт, бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салынған. Мемлекеттік органдардың, офис, ұлттық компаниялар мен өзге де ұйымдар қызметкерлерінің 80%-ін қашықтан жұмыс істеуге жіберуге тиіс. Бұған вакцина салдырғандар мен кейінгі үш айда коронавируспен ауырғандар кірмейді.

Қалада қоғамдық көлік тоқтаусыз жұмыс істейді.

Қаулы 2021 жылдың 2 тамызынан бастап күшіне енеді.

Қаулының толық мәтінін, Ashyq жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық нысандардың қызметін шектеу туралы шарттарды мына жерден оқуға болады.

979
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин
Инфекциялық стационар

Алматы "күңгірт қызыл" аймаққа кірді: әскери госпитальде инфекциялық стационар ашылды

0
150 науқасқа арналған ауруханада орташа ауыр деңгейдегі және ауыр жағдайдағы науқастарды емдейді

НҰР-СҰЛТАН, 30 шілде — Sputnik. Алматы әскерилері коронавирус жұқтырған науқастарды қабылдау үшін инфекциялық стационар жасақтады, деп хабарлады қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

"Коронавирус жұқтырғандар санының артуына байланысты жергілікті атқарушы органның өтініші бойынша Алматыдағы қорғаныс министрлігінің әскери клиникалық госпиталі инфекциялық стационар жасақтады", - деп хабарлады қорғаныс ведомствосы.

Палата в инфекционном стационаре
© Photo : Минобороны РК
Инфекциялық стационардағы палата

Стационар 150 науқасқа арналған. Сонымен қатар медициналық мекемеде 50 орын соматикалық патологиясы бар әскери қызметкерлерді емдеу үшін және әскери-дәрігерлік және әскери-ұшқыштар сараптамасын жүргізу үшін бөлінеді.

"Біздің әскери госпиталь екінші эшелонға жатады. Сондықтан инфекциялық стационарға орташа ауыр және ауыр дәрежедегі науқастар жатқызылады. Жеке құрам мұндай жағдайға дайын", - деді Алматыдағы әскери клиникалық госпитальдің басшысы міндетін атқарушы Әбдіуәли Палтушев.

Кислородный баллон в инфекционном стационаре
© Photo : Минобороны РК
Инфекциялық стационардағы оттегі баллоны

Оның айтуынша, госпиталь мамандарының коронавирус жұқтырғандарды емдеу тәжірибесі бар. Медициналық мекемеде жасанды тыныс алдырту және гемодиализ аппаратымен жабдықталған реанимация бөлімі жұмыс істейді.

Еске сала кетейік, 2020 жылдың сәуірінен бастап әскери госпиталь дәрігерлері халыққа медициналық көмек көрсету жұмыстарына екі рет жұмылдырылды. Нәтижесінде 1 430 адам емделіп шықты, оның шамамен 30%-і – ауыр және асқынған деңгейдегі науқастар.

2021 жылдың шіддесінен бастап Нұр-Сұлтандағы Бас әскери клиникалық госпиталь коронавирус жұқтырғандарды емдеу үшін қайта іске қосылды.

Сондай-ақ Алматы, Талдықорған және Үшаралдағы үш әскери-емдеу мекемесі азаматтарды қабылдауға дайын. Аягөз, Талдықорған, Сарыөзек және Семей әскери госпитальдарында қосымша төрт инфекциялық бөлім жұмыс істеп тұр. ПТР-тестілеу жүргізу үшін Нұр-Сұлтанда және Алматыда екі стационарлық зертхана, сондай-ақ Ақтау мен Семейде мобильді зертханалық кешендер ашылған.

0
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы