АЛМАТЫ, 15 шілде — Sputnik. Мәжіліс депутаты Снежанна Имашева Facebook-тегі парақшасында Орал қаласындағы мәйітханада марқұмдардың денесі екі ай бойы жатқанын хабарлады. Қала тұрғындары иіске шағымданып, депутаттан көмек сұраған.
Имашева Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Айдар Нұралиев мәйітханадағы жағдай бақылауға алынғанын айтты деп отыр. Бұл мекеме жергілікті билікке қарасты емес.
Жағымсыз иістің себебі анықталды. Мәйітханада тоңазытқыш істен шыққан.
"Мәйітханадан марқұмдардың денесі дер кезінде шығарылмаған. Бұл істі Орал әкімдігі бақылайды. Жақындары алып кетпегендерді жерлеумен "Талап" АҚ айналысуы тиіс. Бірақ олармен келісімшарт мерзімі өтіп кеткен. Сондықтан ешкім әкетпей жатыр", - деп жазды депутат.
Екі мәйіт 16 және 26 маусымда түскен.
"Бүгін жерленді. Жауапты тұлғалардың сылбырлығы осындай жағдайға себеп болды. Қарапайым адамдарға қолайсыздық тудырды", - деді депутат.
НҰР-СҰЛТАН, 18 сәуір – Sputnik. Ақтөбеде төрт жыл бұрын қарақшылық шабуыл жасаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Қылмыс 2017 жылы желтоқсанда жасалды. Шолақ мылтықпен қаруланған ер адам түнде азық-түлік дүкеніне баса-көктеп кіріп, оқ атып, кассадан 165 мың теңгені алып кеткен.
Қарақшылық шабуыл жасаған күдікті төрт жыл бойы табылмады.
Осы жылдың сәуірінде Ақтөбе облысының полицейлері бұрын жасалған ауыр қылмыстарды ашу бойынша жүргізілген жедел шаралар барысында күдіктіні анықтады.
Тағы оқыңыз: Петропавлда 90-жылдары елді дүрліктірген маньяк қайта қылмыс жасады
Ол Қарғалы ауданының 32 жастағы тұрғыны, бұрын ұрлық үшін сотталған. Ұсталған ер адам шабуылды қалай жасағанын айтып, кінәсін мойындады.
Күдікті Қылмыстық-процессуалды кодекстің 128-бабы тәртібінде ұсталып, Ақтөбе қаласы ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды.
НҰР-СҰЛТАН, 18 сәуір – Sputnik. Петропавлда тепловоз теміржолда тоқтаған автокөлікпен соқтығысты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Жол апаты туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарады. Куәгерлер жазғандай, көлік рөлінде отырған әйел ойланып кетіп, теміржолға тоқтаған. Салдарынан апат болды.
Петропавлдың полиция басқармасы бұл фактіні растады.
"17 сәуірде 102 каналына Ғ.Мүсірепов көшесіндегі теміржол өткелінде Citroën C4 маркалы автокөлік пен ТГК-2 тепловозы соқтығысқаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына келген кезде 1970 жылғы жүргізуші жол ережесін, "STOP" белгісінің талаптарын бұзғаны анықталды", - деп мәлімдеді полициядағылар.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жол апаты салдарынан зардап шеккендер жоқ, жүргізуші де, машинист те сау болған.
Бұл факті бойынша анықтау жүргізіліп жатыр. Соның нәтижесінде Citroën C4 жүргізушісіне қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 610-бабы 1-тармағы негізінде әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс бойынша материал жиналады. Кейін процессуалды шешім қабылдау үшін Петропавлдың мамандандырылған әкімшілік сотына тапсырылады.
Бұл бап бойынша айыппұл немесе жарты жылға жүргізуші куәлігінен айыру жазасы көзделген.
НҰР-СҰЛТАН, 18 сәуір – Sputnik. Мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі агенттік жекешелендіру бағдарламасы аясында Ташкент облысында бірнеше нысандарды сатуға шығарды. Жарияланған лоттар қатарында бұрынғы Өзбекстан президентінің үлкен қызы Гүлнәр Кәрімоваға тиесілі "Сиджак" демалыс аймағы да бар.
Курорттық аймақтағы зәулім сарайлар теңіз деңгейінен 959 метр биіктікте орналасқан. Аумағы 5,4 гектар шамасындағы бұл жер халық арасында "Тянь-Шань маржаны" деп аталады.
Sputnik Өзбекстан агенттігінің хабарлауынша, кешен аумағында қонақ үй ғимараты мен бірнеше бассейн, амфитеатр, коттедж бен су мұнарасы және басқа да құрылыстар орналасқан.
Сондай-ақ, шарап субұрқағы мен әйнек күмбезді қысқы бақ та бар.
Аталған кешен Ташкент облысындағы тағы жеті объектімен бірге аукционға қойылды.
Мемлекеттік активтерді басқару агенттігі аукционға қатысуға өтінімдерді ағымдағы жылдың 30 сәуіріне дейін қабылдайды.
Айта кетейік, наурыз айының ортасында интернетте Гүлнәр Кәрімованың өлең түрінде жазылған хабарламасы пайда болды. Оның қызы Иман Кәрімова туыстарының жазған хаты тұтқынға берілмейтінін, адвокаттардың кіруіне тыйым салынғанын, тіпті онымен телефонмен сөйлесуге де тыйым салынғанын айтқан.
Өзбекстанның экс-президенті Ислам Кәрімовтің үлкен қызы жазасын Ташкент маңындағы №21 Зәңгіата әйелдер колониясында өтеп жатыр.
Оқи отырыңыз: Астында қара Mercedes: Қазақстандық депутаттар таңертең жұмысқа қалай келеді
Ол қаржы жымқыру, салық төлеуден жалтару, бопсалау және ақшаны астыртын жолмен жылыстатуға кінәлі деп танылған.
Өзбекстанның Жоғарғы соты Гүлнәр Кәрімованы ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, бопсалау және алаяқтық жасағаны үшін 13 жыл 4 айға бас бостандығынан айырды.