Дәрі-дәрмек

Әкімдік вирусқа қарсы препараттар кімдерге тегін берілетінін хабарлады

1454
(Жаңартылды 10:26 16.07.2020)
Әкімдік өкілдерінің мәлімдеуінше, тегін таратылатын дәрі-дәрмекті өңірдің 30 мыңға жуық тұрғыны алады

НҰР-СҰЛТАН, 16 шілде – Sputnik. Алматы облысында сырқаттану қаупі жоғары адамдарға тегін таратылуы үшін вирусқа қарсы препараттарды сатып алуға 50 миллион теңге бөлінді, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

"Қаражат аймақ басшысы Амандық Баталовтың арнайы тапсырмасы бойынша жергілікті бюджеттен бөлінген. Ал дәрі-дәрмектер қарттар мен созылмалы аурулары бар адамдарға және әлеуметтік әлсіз топтарға тегін беріледі",– делінген хабарламада.

Әкімдік өкілдерінің мәлімдеуінше, дәрі-дәрмекті 30 мыңға жуық адам алады.

Айта кетейік, Алматы облысында коронавирус пандемиясымен күресуге 2 миллиард теңге бөлінді. Бұл қаражат медициналық құрал-жабдықтарды сатып алуға бағытталады. Сонымен қатар, түрлі дәрі-дәрмектерді сатып алуға жергілікті бюджеттен қосымша 500 миллион теңге бөлінді.

Оқи отырыңыз: Президент дәрі-дәрмек тапшылығы мәселесі қай кезде шешілетінін айтты

1454
Кілт сөздер:
Алматы облысы, дәрі-дәрмек
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (2434)
Тақырып бойынша
Нұр-Сұлтанда қарт адамдарға дәрі-дәрмек үйге жеткізіліп жатыр
Тоқаев дәрі-дәрмек туралы: импортқа тым тәуелдіміз
Нұр-Сұлтан дәріханаларында дәрі-дәрмек сатуға лимит қойылады
Шымкент әкімі дәрі-дәрмек сатып алуға қатысты кеңес берді 
Ибупрофен, парацетамол және цефтриаксон: елордаға қандай дәрі-дәрмек жеткізілді
Түркістан облысында жоғалған туристерді іздеу жұмыстары

Түркістан облысында тауда тағы бір адамның мәйіті табылды

182
Құтқарушылар мәйітті Айғыржыққан және Өгем өзендерінің тоғысқан жерінен су түбінен тапты. Оқиға орнына тікұшақ бет алды

НҰР-СҰЛТАН, 22 маусым – Sputnik. Түркістан облысы Төлеби ауданына қарасты "Сайрам-Өгем" шатқалында тағы бір адамның мәйіті табылды.

22 маусым сағат 11.50-де Шымкент қаласы ТЖД жедел-құтқару жасағының құтқарушылары мәйітті Айғыржыққан және Өгем өзендерінің тоғысқан жерінен екі шақырым жоғарыда су түбінен тапқан. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді.

Пропажа туристов в Туркестанской области. Найдено еще одно тело
© Photo : МЧС Казахстана
Түркістан облысында тағы бір адамның мәйіті табылды

Мүрдені тасымалдау үшін "Қазавиақұтқару" тікұшағы оқиға орнына бара жатыр. Табылған мәйіт сараптама жасау үшін полицияға тапсырылады.

Тағы оқыңыз: Түркістан облысында жоғалып кеткен жігіттің денесін тас басып қалған

Ведомство ақпаратынша, жоғалған туристерді іздестіру жұмыстары 8 бағыт бойынша жүргізілді. Оған 107 адам, 17 бірлік техника, 3 квадрокоптер, 4 кинологиялық есеп пен 1 тікұшақ жұмылдырылды.

Еске салсақ, 25 мамыр сағат 18.30-да "112" пультіне Түркістан облысында тауда жеті туристің жоғалып кеткені туралы хабарлама түсті. Іздестіру жұмыстары 27 тәулік бойы жалғасты. Үш турист аман-есен отбасымен қауышса, тағы үшеуінің мәйіті табылған болатын.

182
Кілт сөздер:
төтенше жағдай, туристер, тау, Түркістан облысы
Тақырып бойынша
Түркістан облысында тауда жоғалып кеткен туристерді іздеу жұмыстары жалғасып жатыр
Түркістан облысында тауда жоғалған туристердің сөмкесі табылды – видео
Түркістан облысында тауда адасып кеткен адамдар құтқарылды
Құтқарушылар Түркістан облысында тауда жоғалған студенттердің заттарын тапты – видео
Утки

Солтүстік Қазақстанда құс тұмауы анықталды

48
Жергілікті тұрғындар көлдің жағасынан бірнеше құстың өлексесін тапты. Жабайы үйректер құс тұмауымен ауырған

НҰР-СҰЛТАН, 22 маусым – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында жабайы үйректерден құс тұмауы анықталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық ветеринария басқармасына сілтеме жасап.

Айыртау ауданында жабайы үйректер қырылды. Жергілікті тұрғындар Саумалкөл көлінде бірнеше құстың өлексесін тапты. Ветеринарлық қызмет мамандары сынама алып, зерттеу жүргізді.

"Нұр-Сұлтан қаласында жасалған зерттеу хаттамасына сәйкес, қырылған үйректерден құс тұмауы табылды. Ауданда үй құстарының індетті жұқтыру оқиғалары тіркелген жоқ", - дейді мамандар.

Олардың айтуынша, құс тұмауынан қырылған жабайы үйректердің саны көп емес. Сондықтан Айыртау ауданында карантин енгізудің қажеті жоқ. Алайда көл жағасында орналасқан елді мекендерде үй құстарына вакцина салу шаралары қолға алынды.

Айта кетейік, 2020 жылы күзде Солтүстік Қазақстан құс тұмауы таралып кеткен. Сол кезде 200 мыңнан астам құс қырылды. Басым бөлігі – құс фабрикаларының өнімі. Індет өршіген жерде өлген құсты ғана емес, онымен байланыста болған тірі құстарды да жоюға тура келді. Ол үшін аймаққа ең үлкен инсинератор жеткізілді. Ал мамандар инфекцияның жабайы құстармен бірге келгенін мәлімдеді.

Құс тұмауының штаммы алғаш рет адамнан анықталды

Ауыл шаруашылығы саласындағы эпидемияның салдарынан тауық еті мен жұмыртқа өндірісі төмендеді. СҚО-да құстың саны 30 процентке, ал негізгі құс фабрикалары орналасқан Қызылжар ауданында 60 процентке түсіп кетті. Содан жұмыртқа да, құс етінің бағасы да қымбаттады.

48
Тақырып бойынша
Құс тұмауы: қырылған құстың саны миллионға жақындады
Тоқаев құс тұмауы жайлы: жағдай өте күрделі
Ауыл шаруашылығы министрлігі өлген құстарға өтемақы төлеу тәртібін түсіндірді
Құс тұмауы Шығыс Қазақстанға жетті
Ақорда

Тоқаев бірқатар ауыс-түйіс жасады

0
Шайх-Хасан Жазықбаев "Астана" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН, 22 маусым – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар өкімге қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысының өкімімен Қаныш Асанханұлы Әбубәкіров Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің құрлық әскерлері десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды.

Оқи отырыңыз: Тоқаев сыртқы істер саласында ауыс-түйіс жасады

Сондай-ақ, Тоқаевтың өкімімен Мереке Мәтімұлы Күшікбаев Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің құрлық әскерлері десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды, ол "Астана" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды.

Шайх-Хасан Саттарқұлұлы Жазықбаев "Астана" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды.

0
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев, кадрлық тағайындаулар