Автобус жолағы

Алматыда бетперде таққан автобус пайда болды - фото

1728
(Жаңартылды 12:09 21.07.2020)
Желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді. Бірі автобустың маска таққаны көңіл-күйді көтереді десе, енді бірі бұл бастамаға жұмсалған қаржы туралы айтып жатыр

АЛМАТЫ, 21 шілде – Sputnik. Алматыда медициналық маска таққан автобус пайда болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

№45 қоғамдық көліктің маска таққан фотосы Instagram желісінде тарады. Жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын парктің баспасөз қызметі бұл бастамаға ешқандай қаржы жұмсалмағанын мәлімдеді.

"Біз автобусқа бетперде тағу арқылы Алматы тұрғындарының назарын аударғымыз келді. Маска– карантин шараларын сақтауға шақырудың символы. Алматылықтардың бұл бастаманы оң қабылдағанына қуаныштымыз. Себебі қала тұрғындары біздің автобуспен күні бойы фотоға түсіп, әлеуметтік желіге салып жатыр", - деді "Алматыэлектртранс" ЖШС баспасөз қызметі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @kris_p_almaty +21 | 🇰🇿🚔🔝 (@kris.p.online)

Бастамаға қаржы бөлінбегені айтылып отыр.

"Бұл ой күтпеген жерден пайда болды. Фармацевтикалық компаниядан осы бетпердені көріп қалдық. Олар оны жарнамалық мақсатта өздеріне шығарған екен. Содан кейін компанияға өтініш айтып, біздің автобусымызға тағуды сұрадық", - дейді баспасөз қызметі.

Қала бойынша қазір мұндай бір ғана автобус бар. Алайда әлеуметтік желі қолданушыларының белсенділігіне қарап, тағы да қосу мәселесі қаралатынын жеткізді.

"Таңнан бері 400-ден аса адам әлеуметтік желіге салып, бізді белгілеп жатыр. Тұрғындар да автобуспен фотоға түсуде. Барлығына ұнап жатыр, ал бастапқыда біз тек тұрғындарды карантин шараларын сақтауға шақырғымыз келді. Нәтижесі біздің ойлағанымызданда асып түсті", - деді автобус паркінің баспасөз қызметінде.

Ал желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді. Бірі автобустың маска таққаны көңіл-күйді көтереді десе, енді бірі бұл бастамаға жұмсалған қаржы туралы айтып жатыр.

1728
Тақырып бойынша
Алматыда полиция қабіршілерді не үшін қамауға алды - видео
Қарағандыда түнгі клубта болған жағдай видеоға түсіп қалды
Нұр-Сұлтанда компьютерлік томография тәулік бойы жұмыс істейтін болды 
Министр коронавируспен күреске тағы 42 миллиард теңге сұрады
Мамин министрлер мен әкімдерге тапсырма берді
Арест подозреваемого в убийстве женщины, найденной в Битцевском парке

Видеоға түсірген: Қарағандыда балаларға қатысты азғындық әрекет жасаған ер адам ұсталды

481
Ашық ақпарат көздерін зерделеу кезінде бірнеше баланың фотосы табылды, деп атап өтті полицейлер

НҰР-СҰЛТАН, 30 шілде – Sputnik. Қарағанды қаласында жас балаларға қатысты азғындық әрекет жасаған ер адам ұсталды, деп жазды Polisia.kz.

Ресми мәліметке сәйкес, 54 жастағы ер адам азғындық әрекет жасап қана қоймай, бәрін видеоға түсіріп, интернетте таратқан.

Ішкі істер министрлігінің киберқылмыспен күрес орталығы шетелдік әріптестерінен белгісіз біреу Қазақстан аумағынан "TOR" жабық желісі арқылы жас балаларға азғындық жасау видеоларын таратып жатқаны туралы ақпарат алған. Орталық мамандары видеороликті жан-жақты зерттеп, бірнеше баланың фотосын тапқан. Олар видеороликте жүрген балаларға ұқсас болып шықты.

Шұғыл шаралар барысында кәмелеттік жасқа толмаған 2007 жылғы және 2009 жылғы балалар анықталды. Екеуі де Қарағанды облысының тұрғыны. Әкесінің тұратын жері белгісіз. Ал анасы былтыр қайтыс болған. Содан бері екі бала Қарағанды қаласындағы балалар үйінде тәрбиеленіп жатыр.

"Екі баланың анасы тірі кезінде олардың үйіне бір танысы келіп жүрген. Ер адам әйелге үй шаруасына көмектескен. Бір күні балалардың анасы үйде болмағанда ол қыз бен ұлды азғындық әрекет жасауға көндірген. Бұл әрекетті бірнеше рет қайталаған. Соның бәрін смартфонға түсіріп жүріпті. Анасы ештеңе білмеген", - дейді полицейлер.

ІІМ криминалдық полиция департаменті облыстық полициямен бірлесе отырып, жас балаларға қатысты азғындық әрекет жасаған ер адамды тапты. Ол Қарағанды қаласындағы коммуналдық кәсіпорынның жұмысшысы болып шықты. Ол өз кінәсін мойындады. Ал тінту кезінде смартфон тәркіленді. Соның ішінде барлық видео сақталған.

Күдікті қамауға алынып, үстінен қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі кезде зардап шеккен басқа да адамдар анықталып жатыр.

Оқи отырыңыз: Оралда өгей қызын зорлаған педофилдің анасы кінәні келініне жапты

 

481
Кілт сөздер:
педофил, Қарағанды, видео
Тақырып бойынша
32 педофил бостандыққа шығады – депутат алаңдаушылық білдірді
Маңғыстау облысында педофил өмір бойына сотталды
Қарағанды облысында көз жұмған жігіттің әкесі оқиға қалай болғанын айтты
Әлеуметтік желіде жарияланған шағымнан соң Қарағандыдағы түрме тексерілді
Алматы, қала келбеті

Алматыда бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы шықты: не өзгерді

856
(Жаңартылды 19:21 30.07.2021)
Қалада ойын-сауық, спорт, бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салынған. Ashyq жобасына қатыспайтын барлық кәсіпорын мен ұйымдардың қызметі тоқтатылады

АЛМАТЫ, 30 шілде – Sputnik. Алматы қаласы бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Құжатқа сәйкес, орталық мемлекеттік органдар, әкімшілік, құқық қорғау органдары, денсаулық сақтау ұйымдары, БАҚ, азық-түлік дүкендері, дәріхана мен қала өмірін қамтамасыз ететін ұйымдарды қоспағанда Ashyq жобасына қатыспайтын барлық кәсіпорын мен ұйымдардың қызметі тоқтатылады.

Сондай-ақ байланыссыз қызметтер: автожуу, тұрмыстық техника, сағат, телефон, аяқ-киім жөндеу, тігін ательесі, кір жуу, киім тазалау, кілт дайындау, тұрмыстық қызмет көрсету түрі мен гүл дүкендері, фотосалондар, туристік компания мен бизнес орталықтардың қызметіне рұқсат берілген.

Сақтандыру компаниялары, адвокат, нотариус, бухгалтер және консалтинг қызметтері, жылжымайтын мүлік, жарнама агенттіктері, сот орындаушылары, ақша айырбастау орындары, ломбард, банк, "Қазпошта" АҚ бөлімшелері жұмыс істейді.

Осы аталған нысандар мен қызмет түрінен басқа ұйымдар 2021 жылдың 2-16 тамыз аралығында жұмыс істемейді, ал Ashyq жобасына қосылғандар сенбі-жексенбі қызметін тоқтатады.

Қалада ойын-сауық, спорт, бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салынған. Мемлекеттік органдардың, офис, ұлттық компаниялар мен өзге де ұйымдар қызметкерлерінің 80%-ін қашықтан жұмыс істеуге жіберуге тиіс. Бұған вакцина салдырғандар мен кейінгі үш айда коронавируспен ауырғандар кірмейді.

Қалада қоғамдық көлік тоқтаусыз жұмыс істейді.

Қаулы 2021 жылдың 2 тамызынан бастап күшіне енеді.

Қаулының толық мәтінін, Ashyq жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық нысандардың қызметін шектеу туралы шарттарды мына жерден оқуға болады.

856
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин
Сириядағы журналистер. Архивтегі фото

Халед әл-Хатыб атындағы халықаралық сыйлыққа өтінім қабылдау басталды

0
(Жаңартылды 21:39 30.07.2021)
Жүлде 2017 жылы Сирияда қаза тапқан журналист Халед әл-Хатыбты еске алу үшін тағайындалған

НҰР-СҰЛТАН, 30 шілде – Sputnik. RT телеарнасы журналистерге қақтығыс аймағында дайындаған үздік жұмысы үшін берілетін жыл сайынғы Khaled Alkhateb International Memorial Awards халықаралық сыйлығына өтінім қабылдауды бастады. 

Сыйлық 2017 жылы 30 шілдеде Сирияда қаза тапқан журналист Халед әл-Хатыбты еске алу үшін тағайындалған. Биыл бұл жүлде төртінші рет өткізіліп отыр.

Халед әл-Хатыб атындағы Халықаралық сыйлық төмендегі аталымдар бойынша беріледі:

  • "Қақтығыс аймағында дайындалған үздік жұмыс: мәтін";
  • "Қақтығыс аймағында дайындалған үздік жұмыс: видео";
  • "Соғыстан кейін: мәтін/видео" - соғысты бастан өткерген және бейбіт өмірге оралған адамдардың және тұтас халықтың тағдыры туралы. Номинация алғаш рет ұсынылып отыр.   

Khaled Alkhateb International Memorial Awards — 2021 жүлдесінің жеңімпаздары 200 мың рубль көлемінде ақшалай сыйлық алады.

https://award.rt.com сайтында өтінім беруге болады. Жеңімпаздар 30 қарашада анықталады.

Алғашқы жылы Ирак, Ирландия және Сингапурдан қатысқан журналистер марапатталды. Қазылар алқасының құрамында шетелдік және ресейлік журналистер, оның ішінде Ирада Зейналова мен Евгений Поддубный болды.

2019 жылы 25 елден жолданған жұмыстар қаралды.

Сириядағы, Ирактағы және Ливиядағы қақтығыстар туралы айтқан Ресей, АҚШ, Италия және Үндістанның өкілдері лауреат атанды. 2020 жылы RT сыйлығын Ресей, Сирия және Үндістанның әскери корреспонденттері алды.

RT телеарнасы RT Arabic-пен ынтымақтастық орнатқан 25 жастағы журналист Халед әл-Хатыбты еске алуға арналған Khaled Alkhateb International Memorial Awards сыйлығын тағайындады.

Ол 2017 жылы Сирияның Хомс провинциясындағы содырлардың зымыран шабуылы салдарынан қаза тапты. Халед өз репортаждарында Сирияның үкіметтік күштерінің террористермен соғысын көрсетті.

0