Өңірлер

Алматыда екі қонақүйі бар түрік кәсіпкері Сағынтаевқа тың ұсыныс жасады

© Sputnik / Болат ШайхиновПремьер-министр Бакытжан Сагинтаев
Премьер-министр Бакытжан Сагинтаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Түрік құрылыс компаниясы өз ғимаратын коронавирус жұқтырған науқастарға арналған емханаға ауыстыру туралы ұсыныс айтқан

АЛМАТЫ, 23шілде – Sputnik. Алматыда тағы бір модульді инфекциялық аурухана салынады. Бұл жайында Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Бұған дейін модульді инфекциялық аурухана салдық. Қазір тағы бір емхананы салу туралы шешім қабылданды. Ол да қысқа уақыт арасында салынады. Қажетті қаражат табылды, қазір мамандармен, бас дәрігерлермен жаңа емхананы қай жерге салу қажет екені талқыланып жатыр",- деді Сағынтаев.

Қала әкімінің айтуынша, жаңа емхананы бірінші модульді инфекциялық аурухананың жанына салу туралы да пікір айтылып жатыр.

"Ол жерде 300 төсек-орын болады. Бүгін нақты шешім қабылданады. Шамамен 10-15 қыркүйекте бұл емхананың құрылысын аяқтаймыз деп жоспарлап отырмыз", - деді Сағынтаев.

Сонымен қатар Алматыда екі қонақүйі бар түрік құрылыс компаниясы өз ғимаратын коронавирус инфекциясымен ауыратын науқастарға арналған емханаға ауыстыру туралы ұсыныс айтқан.  

Олар 1 қазанға дейін екі қонақүйді емханаға қайта бейіндеуге дайын. Барлық медициналық жабдық, техникалары болады және түрік дәрігерлерін шақырғалы жатыр. Ол жерде 215 төсек-орын ашылады. Осылайша, қалада қазанға дейін қосымша тағы мың орын қосылады, деп толықтырды қала әкімі.

Оқи отырыңыз: Министр Қазақстанда коронавирустың неліктен күрт өршігенін түсіндірді

Қалада науқастарға арналған 6 096 төсек-орын бар, оның ішінде қазір 3 186 төсек-орын бос. Қала бойынша 4 464 медицина қызметкері жұмылдырылған.  

Айта кетейік, Алматыда 9851 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды, 5796 адам жазылып шықты, 73 адам қайтыс болды.

Жаңалықтар
0