Архивтегі фото

Сәтбаевтағы халық толқуы: қазіргі сәтте не белгілі

8656
(Жаңартылды 10:37 24.07.2020)
Тәртіпсіздікке қатысушылар жергілікті полиция ғимаратының жанындағы көліктерді өртеп жіберді, деп хабарлады өңір әкімдігі

НҰР-СҰЛТАН, 24 шілде – Sputnik. Сәтбаев қаласындағы жағдай тұрақтанды, деп хабарлады Қарағанды ​​облысы әкімдігінің баспасөз қызметі. Мұнда қызды ұрлады деген күдікпен ер адам қамауға алынғаннан кейін тәртіпсіздік басталған болатын. 

"Қазіргі уақытта қаладағы жағдай тынышталды, күдіктіні полицейлер қамауға алды. Тұрғындар тарады. Сәтбаевқа облыс әкімі кетті. Құқық қорғау органдары бұл жағдайды әділ тергеуге бар күшін салады. Халықтан түрлі арандатушылыққа бой алдырмауды сұраймыз", - деп хабарлады Sputnik Қазақстанға облыс әкімі баспасөз қызметінің басшысы Марина Шаповалова.  

Ол сонымен қатар қалалық полиция ғимаратының жанында автокөліктерге өрт қойылғанын растады. Шығын көлемі әзірге белгісіз.

Еске сала кетейік, 23 шілде күні кешке жоғалып кеткен бес жасар қыз бейтаныс еркектің пәтерінен табылғаннан кейін қалада тәртіпсіздік басталған болатын.    

Оқи отырыңыз: Сәтбаевта жоғалған қыз табылған үйге бір топ адам шабуыл жасады – видео 

Қызды бүкіл қаладан іздеді. Бала табылғаннан кейін күдікті тұрып жатқан үйдің қасына бір топ адам жиналды. Адамдар күдіктіні өздері жазалау үшін оны беруді талап етті. Олар барлық пәтердің есігін қағып шығып, тұрғындардың зәресін ұшырған.

Содан кейін адамдар қала әкімдігінің ғимаратына бет алды. Сәтбаев қаласына Ұлттық ұлан күштері тартылды.

Қала билігі баланың анасының жанында екенін хабарлады және тұрғындарды арандатушылыққа бой алдырмауға шақырды.  

8656
Тақырып бойынша
Қызды зиратқа апарған: Ақтауда азғындық жасамақ болды деген күдікті ұсталды
Шымкентте педофилдің видеосын таратқан адам 7 жылға сотталуы мүмкін
Базардағы адамдар күдіктіні өздері жазалады – видео
Ыстық ауа райы

36 градус ыстық және жел: ертең ауа райы қандай болады

788
(Жаңартылды 21:17 15.05.2021)
Қазақстанның бес облысында дабылды ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН, 15 мамыр - Sputnik. Синоптиктер республиканың басым бөлігінде ауа райы ашық болады деп болжайды. Бес облыста дабылды ескерту жарияланды.

Дабылды ескерту

Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Түстен кейін 36 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында секундына 25 метрге дейін жел күшейеді.

Павлодар облысында кей жерлерде найзағай ойнап, секундына 20 метрге дейін жел күшейеді.

Қостанай облысында 35 градусқа дейін қатты ыстық болады деп болжануда.

Жексенбіде Қызылорда облысында кей жерлерде шаңды дауыл күтіледі, жел секундына 15-20 метрге жетеді.

Мегаполистегі ауа райы

Нұр-Сұлтанда күн бұлтты, жаңбыр жаууы мүмкін. Ауа температурасы түнде плюс 10-12, күндіз 27-29 градус ыстық. Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрді құрайды.

Алматыда күн бұлтты, жауын-шашын болуы мүмкін. Ауа температурасы түнде 7-9 градус, күндіз 19-21 градус ыстық.

Шымкентте күн ашық. Желдің екпіні секундына 13 метрге дейін жетеді, ауа температурасы түнде плюс 14-16, күндіз 27-29 градус ыстық болады.

788
Кілт сөздер:
Қазгидромет, ауа райы
Улицы Шымкента

Шымкентте карантин талабы өзгерді жаңа қаулы шықты

95
Мегаполистегі карантин және шектеу шаралары 16 мамырдан бастап эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін ұзартылды

НҰР-СҰЛТАН, 15 мамыр - Sputnik. Шымкент қаласының бас санитар дәрігері Әбдіманап Төлебаев жаңа қаулыға қол қойды. Оған сәйкес мегаполис аумағында коронавирустың таралуына байланысты енгізілген шектеу шаралары ұзартылады.

"Шымкент қаласында карантин режимін және коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу жөніндегі шектеу шаралары 2021 жылдың 21 мамырынан бастап эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін ұзартылсын", ​​- делінген құжатта.

Қала тұрғындары мен қонақтарына адам көп жиналатын кез-келген іс-шараларды өткізуге тыйым салынған.

Оқи отырыңыз: Вакцина салдырмағандарға талап өзгерді – Қызылордада жаңа қаулы жарияланды

65-тен асқан адамдардың жүріп-тұруына шектеу қойылады. Көшеде және қоғамдық орындарда әлеуметтік арақашықтық пен маска режимін сақтау керек.

Құжаттың толық мәтінін мына жерден оқуға болады.

95
Кілт сөздер:
Шымкент, карантин, шектеу
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин