Өңірлер

Басқа өңірлерден келген: Шорнақ ауылының маңында 80 адам ұсталғаны белгілі болды

© Sputnik / Алексей Вовк / Медиабанкке өтуСотрудник правоохранительных органов снимает наручники, архивное фото
Сотрудник правоохранительных органов снимает наручники, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Олар мессенджер мен әлеуметтік желілерде тараған жалған үндеулерге еріп келген. Өңір әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов түні бойы елді мекенді аралап шыққанын хабарлады

НҰР-СҰЛТАН, 24 шілде – Sputnik. Түркістан облысы Шорнақ ауылының маңында 80-нен астам жас ұсталды. Бұл туралы өңір әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов мәлімдеді, хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Жас жігіттер ауылға басқа өңірлерден жиналған.

"Өткен түні құқық қорғау органдары Шорнақ ауылының маңынан басқа аудандар мен өңірлерден келген 80-нен астам жасты ұстады. Олар мессенджер мен әлеуметтік желілерде тараған жалған үндеулерге еріп келген", - деп жазды Қалқаманов фейсбукте.

Айтуынша, ол Кентау әкімімен бірге түні бойы елді мекенді аралап шыққан. Тұрғындар үйлерінде тыныш ұйықтап жатты, деп толықтырды әкім орынбасары.  

Шорнақтағы тәртіпсіздік

21 шілдеге қараған түні Түркістан облысы Шорнақ ауылында жастар арасында тұрмыстық жанжал болған. Екі жақ бір-біріне тас лақтырған.

Тәртіпсіздікті оқиға орнына бірінші болып келген учаскелік инспектор тоқтатқан.

Оқиға салдарынан 1 учаскелік инспектор мен 3 тұрғын жарақат алды. Жедел іздестіру шаралары барысында 4 адам ұсталды.

Бұзақылық фактісіне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Кейін ішкі істер министрі елді мекенде жағдай тұрақталғанын мәлімдеді.

"Төрт адам ұсталды": министр Шорнақ ауылындағы тәртіпсіздік жайлы айтты 

ІІМ арандатушылар Шорнақтағы оқиғаны пайдаланып, әлеуметтік желілер арқылы тәртіпсіздік жасауға шақырып, жалған ақпарат таратқанын хабарлады.

Көп ұзамай мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шорнақ ауылындағы жағдайға байланысты кеңес өткізді.

Президент ел ішіндегі тұрақтылықты бұзуға талпынған арандатушылардың алдын алуды, құқық бұзушыларды заң аясында жауапкершілікке тартуды тапсырды.

Жаңалықтар
0