Өңірлер

Жылап тұрып көмек сұраған қостанайлық мұғалімнің бұрынғы күйеуі видео жариялады

© Photo : Dean MoriartyТелефон ұстаған адамдар
Телефон ұстаған адамдар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мұғалімнің бұрынғы күйеуі видеода әйелге ешқашан қол көтермегенін, оны қорқытпағанын айтып ақталды

АЛМАТЫ, 31 шілде – Sputnik. Қостанай облысында мұғалім болып жұмыс істейтін Айсұлу Бәйтенованың бұрынғы күйеуі әйелдің айыптауларына жауап берді.

Бұған дейін мектеп мұғалімі бұрынғы күйеуінің төрт жылдан бері қыр соңынан қалмай, бетіне қышқыл шашып жіберетінін айтып қорқытып жүргенін мәлімдеген еді. Әйел баласының болып жатқан жағдайлардан психикасы бұзылып жатқанын айтып, көмек сұрады.

Мұғалімнің видеосынан кейін, әйелдің бұрынғы күйеуі Әлібек Байтықов та көпшілікке арнап видео жариялады.

Ер адам бұрынғы әйелінің сөздерінен "шок" алғанын айтты.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Газета "Айна" (@ainanews.kz)

"Мені зұлым адам ретінде көрсеткен қоғамның алдында ақталғым келеді. Мені жазықсыздан жеккөрінішті және жазаға лайық ер адамдардың қатарына қосып қойғаны ауыр тиді. Мен 34 жастамын. Екі жоғары білімім, 15 жылдан бері істеп келе жатқан сүйікті жұмысым бар. Жеке өмірімде де бәрі жақсы. Қызым Диананы жақсы көремін", - деді ер адам Ainanews.kz басылымының желідегі парақшасында жарияланған видеода.

Айтуынша, Айсұлу Бәйтеновамен 2013 жылы шаңырақ көтерген. Бір-бірін жақсы көріп, өмір бойы бірге болуды жоспарлаған.

"Алайда олай болмай шықты. Оған екеуіміз де кінәліміз. Күрделі ажырасу процесі, жазғырулар да болды, ең қиыны біз ортақ қызымыздың тәрбиесіне келгенде екі түрлі көзқараста болдық. Дәл осы мәселе, одан кейінгі жанжалдың бәрі соның кесірінен пайда болды. Бірге тұрған кезде де, ажырасқаннан кейін де мен шектен шыққан емеспін. Егер оған қол көтерген болсам, өзімді ер адам ретінде құрметтеуді қояр едім", - деді ол.

Тағы оқыңыз: Нұр-Сұлтанда полициядан көмек сұраған әйелді үйінің кіреберісінде өлтіріп кетті

Айтуынша, баланы анасынан айыру туралы ойы болмаған. Ал Айсұлудың басқа ауылға көшіп кетуіне басқа ер адаммен көңіл қосқаны себеп болыпты.

"Айсұлу Қарабалық кентінен менің оны жұмыстан шығарғаным немесе қудалағаныма байланысты кетіп қалған жоқ. Ол сол жақта кезекті ер адаммен көңіл жарастырды. Бұған оның толық құқығы бар. Мені бір жайт қынжылтады: менің жанымнан қызым алыстап кетті. Бақытымызға орай, дәл осындай жағдайда да біз кездесіп тұрамыз", - деді мұғалімнің бұрынғы күйеуі.

Мұғалімнің көмек сұраған видеосы "Не Молчи" қоғамдық қорының парақшасында жарияланғаннан кейін, ішкі істер министрлігі іс Қарабалық ауданының полиция бөлімінде тіркелгенін мәлімдеді. Әйелдің видеода айтқанына байланысты тексерулер жүргізіледі, нәтижесі қосымша хабарланады.

Жаңалықтар
0