Өңірлер

Қостанайда карантин режимін бұзған жолаушы полицейдің құлағын тістеп алды   

© Sputnik / Владислав ВодневПроверка документов на полицейских постах, выставленных на выезде из Нур-Султана
Проверка документов на полицейских постах, выставленных на выезде из Нур-Султана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тәртіп сақшыларына қарсылық көрсеткен ер адам полицейді тістеп алған, енді ол айыппұлмен құтыла алмайды. Ер адамға қарсы қылмыстық іс қозғалады

АЛМАТЫ, 4 тамыз – Sputnik. Қостанай облысында екі ер адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, оның біреуі полиция қызметкерінің құлағын тістеп алды. Оқиға 3 тамызда Әулиекөл ауылында болған, деп хабарлады alau.kz өңірлік порталы.

"Карантин режимін бұзған ВАЗ-2110 автокөлігінің 33 жастағы жүргізушісі мен жанындағы жолаушыны ұстау кезінде олар табанды қарсылық көрсетті. Ал жолаушы учаскелік полиция инспекторына дене жарақатын салып, құлағын тістеп алды", - деп хабарлады полиция департаменті өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығы Жәнібек Қамзенов.

Ер адамдар Қазақстан Қылмыстық кодексінің 380-бабының 1-бөлігі ("билік өкіліне қатысты күш қолдану") бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылады. 

Егер ұсталғандардың кінәсі дәлелденсе, олар үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Оқи отырыңыз: Маска тағудан бас тартқан 22 жастағы алматылық қыз сот алдында жауап береді

Облыстық полиция департаменті кейінгі уақытта полицейлерге қарсылық көрсету жағдайлары жиілеп кеткенін атап өтті. Жыл басынан бері осындай тоғыз дерек тіркелді.   

Жаңалықтар
0