Өңірлер

Синоптиктер демалыс күндері ауа райы қандай болатынын айтты

© REUTERS / JORGE SILVAДевушка переходит улицу под дождем
Девушка переходит улицу под дождем  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Республиканың солтүстігінде күн салқындайды, оңтүстікте де температураның төмендеуі байқалады. Қазгидромет болжам жариялады

АЛМАТЫ, 4 қыркүйек – Sputnik. Синоптиктер Қазақстанда 5-7 қыркүйекте ауа температурасы төмендейтінін хабарлады. Демалыс күндері солтүстік-батыс антициклон әсерімен салқын, бірақ құрғақ ауа райы келеді. Бұл, әсіресе, елдің батыс және оңтүстік облыстарына байқалады.

Оңтүстік өңірлерде ауа температурасы күндіз 17-25 градусқа дейін төмендейді деп болжанып отыр. Солтүстік және шығыс облыстарына Таймыр аудандарынан суық ауа келіп, нәтижесінде ауа температурасы төмендейді.

Ірі қалалардағы ауа райы

Нұр-Сұлтан

5 қыркүйекте астанада ауа райы бұлтты болып, аздаған жаңбыр жауады, желдің жылдамдығы секундына – 3-7 метр. Түнде ауа температурасы 8-11 градус, күндіз – 10-12 градус жылы.

6 қыркүйекте ауа райы бұлтты болып, аздаған жаңбыр жауады, желдің жылдамдығы секундына – 4-10 метр. Түнде ауа температурасы 8-9 градус, күндіз 12-13 градус болады.

7 қыркүйекте көшпелі бұлт шығып, жаңбыр жауады, жылдамдығы 6-13 м\с жел соғады. Түнде ауа температурасы 8-9 градус, күндіз – 9-10 градус.

Алматы

Синоптиктер 5 қыркүйекте Алматыда ауа райы ашық болады деп болжады. Желдің екпіні секундына 1-5 метрге жетуі мүмкін. Түнде ауа температурасы +18-20 градус, күндіз 25-27 градус жылы болады.

6 қыркүйекте көшпелі бұлт шығады, аздаған жаңбыр жауады. Екпіні секундына 1-6 метр болатын жел соғады. Түнде ауа температурасы 19 градус, күндіз 24-25 градус жылы болады.

7 қыркүйекте көшпелі бұлт шығады, аздап жаңбыр жауады. Секундына 2-10 метр екпінмен жел соғады. Түнде ауа температурасы 15-16 градус, күндіз – 18-20.

Шымкент

5 қыркүйекте Шымкентте жауын-шашынсыз ашық ауа райы сақталады. Екпіні секундына 2-7 метр жел соғады. Түнде ауа температурасы 19-21 градус, күндіз 29-30 градус болады.

6 қыркүйекте дәл солай жауын-шашынсыз ашық ауа райы сақталады. Желдің екпіні – секундына 4-10 метр. Түнде ауа температурасы 19-21 градус, күндіз 24-25 градус жылы болады.

7 қыркүйекте ауа райы жауын-шашынсыз болады деп болжанды. Желдің екпіні – секундына 2-12 метр. Түнде ауа температурасы 12-14 градус, күндіз 21-24 градус жылы болады.

Жаңалықтар
0