Кілт, иллюстративті фото

Түркістан облысында пара беріп баспаналы болғандар үйді босатуға мәжбүр

247
(Жаңартылды 11:24 14.09.2020)
Үш тұрғын жаңа ғимараттан пәтер алу кезегін ілгерілету үшін тұрғын үй инспекциясының қызметкеріне пара берген

НҰР-СҰЛТАН, 14 қыркүйек – Sputnik. Түркістан облысында кезектен тыс пәтерге қол жеткізген тұрғындар 10 күн ішінде баспананы босатып беруі тиіс. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Әкімдіктің мәлімдеуінше, 2017 жылдың желтоқсан айында "Отырар" шағын ауданының үш тұрғыны жаңа ғимараттардан пәтер алу кезегін алға жылжыту мақсатында тұрғын үй инспекциясының қызметкеріне пара бергені белгілі болды.

Аталған факті бойынша қызметкерге қатысты Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігі 1-тармағы ("Ірі көлемдегі алаяқтық") бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ал заңда мұндай іске кінәлілердің мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру қарастырылған. Сондай-ақ, пара бергендер жазасыз қалмайды.

Оқи отырыңыз: Зейнетақы жинағына баспана алу шарттары белгілі болды

Осыған байланысты сот орындаушылары заңсыз үй алғандарға 10 күн ішінде пәтерді босату туралы хабарлама берді. Олай болмаған жағдайда пәтер "иелерін" қылмыстық жауапкершілікке тартып, қосымша шаралар қолданылады.

Жергілікті билік өкілдері қазіргі кезде тұрғын үй кезегі мемлекеттік деңгейде бақыланатынын айтады. Сонымен қатар, оған қандай да бір негізсіз өзгеріс енгізу мүмкін еместігін де ескертеді.

247
Кілт сөздер:
Түркістан облысы, баспана
Тақырып бойынша
Карантин баспана бағасына қалай әсер етті?
Баспана алуға арналған бағдарламалар: мамандар жиі қайталанатын қателікті атады
Әкімдікте баспана кезегі болмайды - "Отбасы банкі" қалай жұмыс істейді 
Алматылық жастар үшін баспана алу шарты жеңілдеді
2021 жылы салымшылар зейнетақы жинағының бір бөлігін баспана сатып алуға пайдалана алады
Қашықтан оқу

Ақтөбе облыстық білім басқармасының былығы ашылды

62
Ақтөбе облысының білім басқармасы 5 000 ноутбуктың әрбіреуін 250 000 теңгеге сатып алған. Алайда ол кезде оның нарықтық бағасы 149 000 теңге болған  

НҰР-СҰЛТАН, 26 қазан – Sputnik. Ақтөбе облыстық білім басқармасының жұмысын тексерген арнайы бақылау тобы оқушыларға арналған ноутбуктерді жоғары бағамен сатып алу фактісін анықтады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "Ақтөбе - адалдық алаңы" жобалық кеңсесіне сілтеме жасап.

Ресми мәліметке сәйкес, осыдан екі жыл бұрын облыстық білім басқармасы мен жекеменшік компания арасында компьютерлік техниканың 5 000 данасын жеткізу туралы келісімшарт рәсімделген. Сол кезде әрбір компьютердің бағасы 149 мың теңге болған.

"Алайда білім басқармасы әрбір компьютерді  250 мың теңгеден қабылдапты. Барлық лот бойынша келісімшарттардың жалпы сомасы 1 миллиард 250 миллион теңгеден асып кеткен. Компьютерлердің конфигурациясы әлсіз болған. Оған қоса, сервистік қызмет көрсетілмеген. Ал пандемия кезінде ондай қызметтің болғаны маңызды", - дейді мамандар.

Оқи отырыңыз: Шымкентте білім саласындағы бірқатар басшы істі болды 

Сонымен қатар, техникалық сипаттама бойынша барлық компьютерде үш жылдық сервистік қызмет көрсетуге кепілдік болған. Соған қарамастан, білім басқармасы қажет болған жағдайда техникаға қызмет көрсету үшін тағы бюджеттен ақша бөлген.   

62
Кілт сөздер:
Ақтөбе облысы, білім күні
Тақырып бойынша
Әжетханаға камера орнатқан: Павлодар білім басқармасының басшысы өз әрекетін түсіндірді
Оқушыларға берілген роутердің интернет трафигі неге тез таусылып қалады
Нұрсұлтан Назарбаев әуежайы, жолаушыларды тіркеу

Бекшин коронавирус жұқтырғандардың қай елдерден көп келетінін айтты

85
COVID-19 инфекциясын жұқтырғандардың барлығы демалыс орындарынан келіп жатыр, деп атап өтті Жандарбек Бекшин

АЛМАТЫ, 26 қазан – Sputnik. Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин шетелден коронавирус жұқтырып келгендердің көбісі Мысыр, Түркия және Біріккен Араб Әмірліктерінде болғанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Инфекция жұқтырғандардың барлығы демалыс орындарынан келіп жатыр. Мысырдан келген 14 адамнан коронавирус табылды. Екінші орында Түркия тұр. Анталия, Ыстамбұл қаласынан келген сегіз адам ауру жұқтырған. Үшінші орында Біріккен Араб Әмірліктері тұр. Бұл жақтан оралған 6 қазақстандықтан инфекция табылды", - деді Жандарбек Бекшин.

Айтуынша, барлығы инфекциялық стационарға оқшауланған. Олармен байланыста болғандар тексеріліп, медициналық бақылауға алынды.

Оқи отырыңыз: Алматыда бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы шықты 

Айта кетейік, 26 қазанда Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің жаңа қаулысы шықты. Оған сәйкес, шетелден дене қызуы көтеріліп келген жолаушылар стационарға жатқызылып, зертханалық тексерістен өтеді.

Сондай-ақ, коронавирустың бар-жоғын анықтайтын ПТР-тестен өтпеген қазақстандықтар карантиндік стационарларға орналастырылады.

85
Кілт сөздер:
коронавирус, Жандарбек Бекшин
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Кинотеатрға екі қаланың тұрғындары ғана бара алады  
Нұр-Сұлтанға келген 100-ден астам жолаушы карантинге жіберілді
Тоқаев карантин енгізген кезде кәсіпкерлердің мүддесін ескеруді тапсырды
Бекшин Алматыдағы кинотеатрлардың жұмыс істеу тәртібін түсіндірді
Төбелес, архивтегі сурет

Қарағандыда жаппай төбелес болғаны хабарланды

352
(Жаңартылды 09:27 27.10.2020)
Ер адамдар пабта отырған, мекеме жабылған соң жанжал туындап соңы жаппай төбелеске дейін жетті

НҰР-СҰЛТАН, 27 қазан — Sputnik. Қарағандыда болған жаппай төбелес салдарынан үш ер адам жарақат алды, пышақ тиген. Біреуі ауруханада жатыр.

Олар қаладағы барлардың бірінде отырған. Бірге бармағаны хабарланып отыр. Паб жабылған соң далада жанжал туындаған, деп хабарлайды Astana телеарнасы.

Оқиға орнына жеткен полицейлер төбелесті тоқтатты. Қарағанды облысы полиция департаментінің ақпаратына сәйкес, жанжалға не себеп болғаны анықталып жатыр.

"Полиция қызметкерлері оқиғаға қатысы барларды ұстап, полиция бөліміне жеткізді. Үшеуі жарақат алып, ауруханаға түсті. Біреуі ем қабылдап жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда", - деді полиция департаментінің баспасөз хатшысы Жанатай Сембеков.

Ауруханада жатқан ер адамның бауырына пышақ тиген. Қазіргі уақытта жағдайы тұрақты.

Қару қолданумен болған "бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

352
Кілт сөздер:
жаппай төбелес, Қарағанды
Тақырып бойынша
Алматы облысында қытайлармен төбелеске не себеп болғаны айтылды
Шымкентте жаппай төбелес кезінде ауыр жарақат алған жігіт қайтыс болды
"Ұр дедім!": балаларды төбелестірген қарағандылық жұрттың ашуына тиді – видео
Нұр-Сұлтанда жаппай төбелес видеоға түсіп қалды – полиция түсініктеме берді
Алматы облысында түрмеде төбелес шықты