Өңірлер

Алматыда күзде әскерге мың жарым адам шақырылады

© Sputnik / Тимур БатыршинТоржественное мероприятии в честь Дня защитника отечества, 7 мая, в парке имени 28 гвардейцев-панфиловцев
Торжественное мероприятии в честь Дня защитника  отечества, 7 мая, в парке имени 28 гвардейцев-панфиловцев  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әскерге шақырылғандар ПТР-тест тапсырады. Сонымен қатар медициналық комиссия құрамына инфекционист дәрігер қосылды

АЛМАТЫ, 14  қыркүйек – Sputnik. 2020 жылы күзде мерзімдік әскери қызметке Алматыдан шамамен мың жарым адам шақырылады. Бұл туралы қалалық қорғаныс істері департаментінің басшысы Амантай Өсербаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

2020 жылдың қыркүйегі мен желтоқсаны арасында жасы 18 бен 27 аралығындағы азаматтар заңды түрде мерзімдік әскери қызметке шақырылады.

Департамент басшысының айтуынша, мерзімдік қызметке шақыруға байланысты комиссия құрылды. Оның төрағасы – қала әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапанов. Комиссия құрамында құқық қорғау органдары мен қоғамдық бірлестіктер өкілдері бар.

"Әскери қызметке шақырудың негізгі ерекшелігі – әскерге шақырылғандар ПТР-тест тапсырады. Сонымен қатар медициналық комиссия құрамына инфекционист дәрігер қосылды. Қорғаныс министрлігінің тапсырмасы бойынша әскерге шақыру пункттерінде санитарлық-эпидемиологиялық шаралар күшейтілген. Әрбір шақырылушының арасында арақашықтықты сақтау ерекше бақылауға алынған", - деді Өсербаев.

Медициналық тексеріс кезінде екі метр арақашықтық сақталады. Әскерге шақырылушыларға ПТР зерттеуі екі рет: біріншісі әскерге шақыру кезінде жиын пункттерінде, екіншісі жас буын әскери бөлімдерге келген кезде жүргізіледі.

Әскерге шақырылушылардан респираторлы ауруларға тән белгілер анықталған жағдайда әрекет ету әдісі жеке қарастырылады.

"Мерзімдік әскерге шақырылушы ең алдымен аудандық медициналық тексеруден өтеді. Аудандық медициналық комиссия әскерге жарамды деп таныса, азамат қалалық медициналық комиссияға жіберіледі. Содан кейін ғана әскер қатарына қабылданады. Тексеру барысында емді қажет ететін азаматтар табылып жатса, олар жергілікті емхана жіберіледі, әскерге шақырудан уақытша босатылады", - деді ол.

Оқи отырыңыз: Әскери борышты өтеу мерзімі ұзартылды деген рас па? 

Өсербаевтың айтуынша, әскерге шақыру жұмыстарына пандемияға байланысты бірқатар өзгеріс енгізілді. Бұған дейін шақыру күнінде ата-аналар бірге шақырылып, салтанатты түрде шығарып салу жұмыстары ұйымдастырылған. Пандемияға байланысты осы жұмыстарға шектеу қойылды.

"Соған қарамастан, шақыру пунктінен кетер алдында әскерге шақырылғандар ата-анасымен жүздесе алады", - деп толықтырды департамент басшысы.

Сонымен қатар Амантай Өсербаев "әскерге баруды кейінге қалдыру", "әскерден босату" секілді барлық жұмысты арнайы құрылған комиссия шешетінін жеткізді. Айтуынша, жергілікті атқарушы органдар бұл мәселені шеше алмайды. Сол себепті алаяқтардың арбауына түсіп қалмауға шақырды. Сондай-ақ, әскерге бару туралы қандай да бір сұрақ болса, қорғаныс министрлігі, қорғаныс істері департаментіне хабарласу қажет.

Жаңалықтар
0