Өңірлер

Солтүстік Қазақстанда оқушы-вандалдар зират ескерткіштерін қиратты

© Sputnik / Илья Питалев / Медиабанкке өтуДеревянные кресты на кладбище
Деревянные кресты на кладбище - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жасөспірімдер қабірге қойылған құлпытас, ескерткіштерді қиратып, кіші шіркеудің терезелерін шаққан

НҰР-СҰЛТАН, 15 қыркүйек – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында мектеп оқушылары зираттағы ескерткіштерді қиратып, құлпытастардың үстіне бояу төккен, деп хабарлады жергілікті полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бұзақылар Айыртау ауданындағы зираттардың бірін қиратқаны белгілі болды.

© Photo : департамент полиции Северо-Казахстанской областиСолтүстік Қазақстан облысындағы зиратта қиратылған құлпытастар
Солтүстік Қазақстанда оқушы-вандалдар зират ескерткіштерін қиратты - Sputnik Қазақстан
Солтүстік Қазақстан облысындағы зиратта қиратылған құлпытастар

"Ең алдымен қабір құрылыстарының бүлінгенін жергілікті тұрғындар байқаған. Кейіннен оқиға орнына келген жедел-тергеу тобының қызметкерлері 12 құлпытас пен қоршаудың зақымдалғанын тіркеді. Бір құлпытасқа акрилді бояу төккен. Сонымен қатар зират маңында орналасқан кіші шіркеудің терезелерін сындырған", - делінген полиция хабарламасында.

© Photo : департамент полиции Северо-Казахстанской областиБұзақылар кіші шіркеуді де бүлдірген
Солтүстік Қазақстанда оқушы-вандалдар зират ескерткіштерін қиратты - Sputnik Қазақстан
Бұзақылар кіші шіркеуді де бүлдірген

Тергеу әрекеттері нәтижесінде, полицейлер бірнеше күн бұрын зират маңында жүрген 10-12 жастағы үш жасөспірімді анықтады. Олар өздерінің бұл фактіге қатысы бар екенін растады.

© Photo : департамент полиции Северо-Казахстанской областиКіші шіркеудің терезелерін шаққан
Солтүстік Қазақстанда оқушы-вандалдар зират ескерткіштерін қиратты - Sputnik Қазақстан
Кіші шіркеудің терезелерін шаққан

Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу аясында қосымша тергеу әрекеттері жүргізілуде. Соның нәтижесіне қарай соңғы процессуалдық шешім қабылданатын болады. Ал осы оқиғаға байланысты іс Қылмыстық кодекстің 314-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне енгізілді.

© Photo : департамент полиции Северо-Казахстанской областиҚабір басындағы қиратылған ескерткіштер
Солтүстік Қазақстанда оқушы-вандалдар зират ескерткіштерін қиратты - Sputnik Қазақстан
Қабір басындағы қиратылған ескерткіштер
Жаңалықтар
0