Өңірлер

Құс тұмауы оңтүстік өңірлерге де жетті

© Sputnik / Елена БережнаяВ Северо- Казахстанской области продолжает свирепствовать птичий грипп: падеж птицы дошел и до птицефабрик региона
В Северо- Казахстанской области продолжает свирепствовать птичий грипп: падеж птицы дошел и до птицефабрик региона - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Өңірлердегі құс тұмауының алдын алу үшін қосымша вакцина дозалары сатып алынып, 1 қазанға дейін тиісті жерлерге жеткізіледі

НҰР-СҰЛТАН, 24 қыркүйек – Sputnik. Бүгінде құс тұмауы жеті облыста тіркелген. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады.

Ресми мәліметке сәйкес, соңғы бір тәулікте құс тұмауынан кейбір аймақтарда құстардың қырылуы тіркелген жоқ.

  • Ақмола облысында жеке қосалқы шаруашылықтарда 703 бас құс қырылды (соңғы тәулікте – 0);
  • Жамбыл облысында – жеке қосалқы шаруашылықтарда 238 құс (соңғы тәулікте – 6);
  • Қарағанды облысында – жеке қосалқы шаруашылықтарда 102 құс (соңғы тәулікте – 12);
  • Қостанай облысында – жеке қосалқы шаруашылықтарда 2 218 құс және құс фабрикасында 109 567 құс (тиісінше бір тәулікте – 1 112 және 109 567);
  • Павлодар облысында – жеке қосалқы шаруашылықтарда 2 753 бас құс (соңғы тәулікте – 0);
  • Солтүстік Қазақстан облысында – жеке қосалқы шаруашылықтарда 13 806 құс және құс фабрикасында 93 849 құс (тиісінше бір тәулікте 1 143 және 39 535);
  • Түркістан облысында – жеке қосалқы шаруашылықтарда 273 бас құс (соңғы тәулікте – 196).
"Жалпы, жеке аулаларда 20 мың құс және екі құс фабрикасында 203 мың құс қырылды. Олар – "Бескөл құс фабрикасы" ЖШС (93 849 бас) және "Агроинтерптица" (109 567 бас)", – дейді министрлік мамандары.

Құс тұмауына қарсы вакцинамен қалай қамтамасыз етіледі

Министрлік мәліметіне сәйкес, жануарлардың аса қауіпті ауруларының алдын алу бойынша жыл басынан бері құс тұмауына қарсы вакциналардың 3 377 900 дозасы бөлінді.

Құс тұмауының тіркелуіне байланысты республикалық қордан қосымша 1 359 148 доза вакцина шығарылды (СҚО үшін – 873 мың доза, Қостанай облысы үшін – 21 мың, Павлодар облысы үшін – 465 мың доза).

Оқи отырыңыз: Құс тұмауы адам үшін қауіпті ме - ауыл шаруашылығы министрлігі жауап берді

Сондай-ақ, 2020 жылғы 22-23 қыркүйекте өңірлерге қосымша 1 015 518 вакцина таратылды. Олар:

  • Ақмола облысы – 510 300 доза;
  • Қостанай облысы – 345 218 доза;
  • Қарағанды облысы – 100 000 доза;
  • Жамбыл облысы – 60 000 доза.

Сондай-ақ, қосымша 699 355 вакцина сатып алынып, олар 1 қазанға дейін тиісті жерлерге жеткізіледі.

Жаңалықтар
0