Өңірлер

Синоптиктер демалыс күндері ауа райы қандай болатынын айтты

© Sputnik / Тимур БатыршинСнег в Алматы
Снег в Алматы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазгидромет мамандарының болжамына сәйкес, алдағы үш күнде елімізде ауа райы күрт өзгереді. Жаңбыр жауып, арты қарға ұласуы мүмкін

АЛМАТЫ, 2 қазан – Sputnik. Қазақстанда алдағы үш күнде ауа температурасы төмендейді, соған сай күн суытады, деп хабарлады Қазгидромет.

"4 қазанда солтүстік-батыс, солтүстік аймақта, бесінші қазанда Қазақстанның орталығы мен шығысы циклон жырасының ықпалында болады. Бұл циклонның орталығы Таймыр түбегінің үстінде орналасқан. Ол арты қарға ұласатын жаңбыр әкеледі. Еліміздің қалған аумағы Баренц теңізі аудандарынан келетін кең антициклонның ықпалында болады", - деп хабарлады мамандар.

Республика бойынша ауа температурасы біртіндеп төмендеп, кей жерлерде тұман, жел күшейеді. Солтүстікте, орталықта және шығыста  көктайғақ болып, төмен бұрқасын болады.

Ал қазанның басында ауа райы жылы болады, 10 қазаннан кейін еліміздің барлық аумағында ауа температурасы төмендейді.

Жаңалықтар
0