Арнайы операция, архив

Атырауда "Бүркіт" жасағы арнайы операция өткізді видео

1230
Ұйымдастырушыларды ұстауға ішкі істер министрлігінің "Бүркіт" арнайы мақсаттағы жасағы тартылды

АЛМАТЫ, 5 қазан – Sputnik. Атырауда экономикалық тергеу департаменті казино ұйымдастырғандарды анықтады, деп хабарлады қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметі.

Оларды ұстауға ішкі істер министрлігінің "Бүркіт" арнайы мақсаттағы жасағы тартылды. 

"Бүркіт" арнайы мақсаттағы жасағының қатысуымен жүргізген жедел-іздестіру іс-шарасы нәтижесінде "Бомонд" дәмханасының VIP залында орналасқан жасырын казино қызметі анықталды. Ұйымдастырушылар өз мақсаттары үшін ойыншыларды тарту арқылы пандемия кезінде карантин режимін бұзып, казино түрінде заңсыз ойын бизнесін жасырын жүзеге асырған", - делінген ақпаратта.

Оқиға орнын тексеру барысында арнайы кенеп, ойын карталары, "Техас Холдем" покер ойынына арналған чиптер, чиптерге арналған стендтер секілді қылмыс құралдары табылып, тәркіленді.

Ойын фишкалары жасырын казино ұйымдастырушыларына тиесілі Kaspi gold картасына ақша аудару арқылы сатып алынған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от КФМ МФ РК (@kfm_mf.rk)

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодексінің 307-бабы 1-бөлігі (заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру) негізінде сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған күдіктілерге ірі айыппұл салу немесе бас бостандығын шектеу немесе мүлкі тәркіленіп, екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

1230
Кілт сөздер:
видео, казино, Атырау
Тақырып бойынша
Атырау облысында бір апта "тұрмыста" болған 13 жасар қалыңдық үйіне қайтарылды
Тоғыз адам көз жұмды: Атырау облысында жантүршігерлік апат болды
ҰҚК бірнеше қалада арнайы операция өткізді – видео
"Мұндай ешқашан болған емес": Атырау облысында бірнеше қабір қиратылды
Арнайы операция: полиция 10 адамды ұстады

Түркістанда Абай мен әл-Фарабидің ескерткіші орнатылды

41
(Жаңартылды 20:36 23.10.2020)
Абай Құнанбайұлының ескерткіші қаладағы "Оқушылар сарайы" ғимаратының алдына орнатылған. Әлемнің екінші ұстазы атанған әл-Фарабидің ескерткіші жаңадан бой көтерген "Облыстық драма театр" алдына қойылды

АЛМАТЫ, 23 қазан – Sputnik. Түркістан қаласында қазақтың ұлы ақыны Абай мен ойшыл Әбу Насыр әл-Фарабиге арналған ескерткіш орнатылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Абай Құнанбайұлының ескерткіші қаладағы "Оқушылар сарайы" ғимаратының алдына орнатылған. Әлемнің екінші ұстазы атанған Әбу Насыр әл-Фарабидің ескерткіші жаңадан бой көтерген "Облыстық драма театр" алдына қойылды. 

Абайдың ескерткіші
© Photo : Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі ұсынды
Абай ескерткіші қаладағы "Оқушылар сарайы" ғимаратының алдына орнатылған

Демеушілер есебінен жасалған екі ескерткіштің де авторы – мүсінші Гүлфия Мелдеш. 

"Түркістан дербес облыс ретінде өркендеп, тарихи шаһар жасарып, жаңаруда. Түркістан бар қазақтың басын қосып, ел болып бәтуа жасаған тарихи алқап. Осы екі рухани тұлғаға арналған ескерткіштердің рухани астанамыз Түркістанда тұруы заңдылық. Өйткені бұл ескерткіштер жаңа тәуелсіздік заманында біздің рухани жаңғыруымызға қолдаушы әрі куәгер болады деген үміттен шыққан ниет", - деді мемлекеттік хатшы шара барысында.

Әл-Фараби ескерткіші
© Photo : Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі ұсынды
Әлемнің екінші ұстазы атанған әл-Фарабидің ескерткіші жаңадан бой көтерген Облыстық драма театр алдына қойылды

Ал облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев өркениет көшіндегі әйгілі ойшылдардың мерейтойы қатар келген биылғы жылдың еліміз үшін елеулі жылға айналуын атап өтті.

"Біз бұл тойларды мемлекет басшысы айтқандай, ысырапшылдықпен емес, ынсап пен тәлім-тәрбиенің төңірегінде атап өтудеміз. Биылғы жылдың ауыр болғанына қарамастан біз ұлт руханиятына берері мол, рухани-мәдени бағыттағы біршама жұмыстар атқардық. Елеулі еңбектің бірі – бүгінгі тұғырға қонған бабаларымыздың бейнесі", - деді облыс әкімі.

Айта кетейік, қоладан құйылған қос ескерткіштің биіктігі 4 метр, салмағы 1,5 тонна. 3,5 метрлік тұғырға орнатылған.

41
Кілт сөздер:
ескерткіш, Әбу Насыр әл-Фараби, Түркістан, Абай
Тақырып бойынша
Қазақстанда қанша Абай Құнанбайұлы бар – статистика белгілі болды
"Абай айт­қан жал­қаулық жиі кездесетіні қынжылтады": Тоқаев мақала жариялады
Тоқаевтың "Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан" атты мақаласы жарияланды
Келешекте Абай институттарын ашамыз деп ойлаймын – президент
Елбасы Әл-Фараби атындағы университетті не үшін мақтады?
Алматылықтар, архивтегі сурет

Бекшин Алматыда инфекция жұқтырғандар неге көбейгенін айтты

93
(Жаңартылды 16:30 23.10.2020)
Әлемдегі эпидемиологиялық жағдай нашарлап бара жатыр. Ал қалада науқастардың көбеюіне көпшілік шаралардың ұйымдастырылуы себеп, деді ол

АЛМАТЫ, 23 қазан – Sputnik. Алматыда эпидемиологиялық жағдай шиеленісе түсті және инфекция жұқтырғандар саны өсіп жатыр. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Алматы қаласы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мәліметінше, Алматы қаласында 23  қазандағы жағдай бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 14 607 адамға жетті. Оның ішінде 8762 адамда ауру белгілері бар, қалған 5845 науқас симптомсыз.

"Соңғы тәулікте 44 адамның COVID-19 жұқтырғаны анықталды. Сондай-ақ, бес адам пневмонияға шалдықты. Тәуліктегі ауру жұқтыру өсімі – 0,3%, жұқтыру коэффициенті – 1,37 құрады. Қаладағы жағдай шиеленісе түсуде және аурушаңдықтың өсіп келе жатқаны байқалады", - деп атап өтті Жандарбек Бекшин.

Бекшиннің айтуынша, әлемдегі эпидемиологиялық жағдай нашарлап бара жатыр. Ал қалада науқастардың көбеюіне көпшілік шаралардың ұйымдастырылуы себеп болып отыр. 

"Той, ас беру шараларын өткізу аса қауіпті, өйткені ондай жиындарға көп адам жиналады. Олар желдетілуі нашар жабық үй-жайларда өткізіледі. Мұндай шараларда қонақтар ұзақ уақыт отыратыны белгілі", - деді Бекшин.

Айтуынша, қалада науқастар санының артуына тұрғындардың қоғамдық көлікте бетперде тақпауы да себеп болып отыр. 

"Сондықтан біз бетперде мен қолғап кию режимін қатаң сақтауды талап етеміз", - деді қаланың бас санитар дәрігері.

Инфекция таралуының тағы бір себебі – көп адам жұмыс істейтін ұйымдарда қызметкерлерді қашықтан жұмыс істеу режиміне ауыстырмау.

"Науқастар санының өсуінің тағы бір себебі – отбасында қайта жұқтыру тіркелуі. Ересектер, әсіресе, жастар түнгі клубтар мен тамақтану орындарына барғанда инфекция жұқтырады. Ал үйінде қарт кісілер мен балалар, ата-анасы бар. Ауру солай тарап жатыр". – деді Бекшин.

Айта кетейік, Алматыда 2020 жылдың 8 қазанынан бастап карантин шараларын сақтау бойынша мониторингтік топтардың жұмысы күшейтілді.

93
Кілт сөздер:
инфекция, коронавирус, Алматы, Жандарбек Бекшин
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Көп адам өлер еді: ҰҚК Алматыда жоспарланған терактіге қатысты мән-жайды айтты
Алматыда карантин күшейтіле ме – бас санитар дәрігердің жауабы
ҰҚК Алматыда қылмыстық топ ұсталғанын хабарлады
Алматыда мәйітхана директорын ұстаған сәттің видеосы жарияланды
Алматы блок бекетіндегі апат: прокурор экс-полицейді 10 жылға соттауды сұрады
Мишустин мен Мамин

Мишустин Маминді құттықтады

0
Тараптар телефон арқылы екі елдің сауда-экономикалық байланысын дамыту мәселесін талқылағаны хабарланды

НҰР-СҰЛТАН, 23 қазан — Sputnik. Жұма күні Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин мен Ресейдің үкімет басшысы Михаил Мишустин телефон арқылы сөйлесті.

"Михаил Мишустин Асқар Маминді 55 жасқа толуымен құттықтады. Денсаулық пен береке мен жаңа жетістіктер тіледі", - деп хабарлады Ресей үкіметінің баспасөз қызметі.

Екі елдің премьерлері сауда-экономикалық байланыс мен Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы бірлескен жұмысты талқылады. 

Сондай-ақ, үкімет желісі бойынша алдағы келісімшарттар сөз болды.

Асқар Мамин 1965 жылы Целиноградта дүниеге келді. Целиноград инженерлік-құрылыс институтын, инженер-құрылысшы, экономист мамандығы бойынша Г. В. Плеханов атындағы Ресей экономикалық академиясын тәмамдаған. 2019 жылдың 25 ақпанында Қазақстанның премьер-министрі қызметіне тағайындалды.

0