Астана көрінісі

Қазақстанның бірнеше өңірінде қар жаууы мүмкін

1741
(Жаңартылды 12:56 05.10.2020)
Тек республиканың солтүстік және шығыс өңірлері ғана солтүстік циклон ықпалында болады. Мұнда жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түседі, екпінді жел мен көктайғақ

АЛМАТЫ, 5 қазан – Sputnik. Қазақстанда 6-8 қазанда республиканың көптеген өңірінде ауа температурасы минусқа дейін төмендейді. Ал солтүстік және шығыс өңірлерде жаңбыр мен қар жаууы мүмкін, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Қазгидрометке сілтеме жасап.

"Қазақстанның көптеген өңіріндегі ауа райына солтүстік-батыстан жақындап келетін суық антициклон әсер ететін болады. Осыған байланысты түнде ауа температурасы салқындап, нөлден төмендейді", - делінген ақпаратта.

Тек республиканың солтүстік және шығыс өңірлері ғана солтүстік циклон ықпал етеді. Мұнда жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түседі, екпінді жел, көктайғақ болады.

Синоптиктердің хабарлауынша, бұл аймақта түнде және таңертең тұман түседі.

Айта кетейік, 10 қазаннан кейін еліміздің барлық өңірінде ауа температурасы төмендейді.

1741
Кілт сөздер:
қар, өңірлер, Қазақстан
Павлодар қаласының көрінісі

Қол алысуға болмайды: Павлодар облысында жаңа қаулы шықты

7
Қаулыға сәйкес, мекемелер штатында 30 адамнан артық қызметкер болған жағдайда олардың 70 проценті қашықтан жұмыс істеуге жіберілуі керек

НҰР-СҰЛТАН, 27 қазан – Sputnik. Павлодар облысының бас санитар дәрігерінің орынбасары Замзагүл Дощанов жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Құжатта санитарлық нормаларды сақтау шараларына басымдық берілген. Соның ішінде бетперде кию мен әлеуметтік арақашықтықты сақтау бар. Тіпті, санитар дәрігерлер қол алысып амандаспауға кеңес беріп отыр.

"Объектілер мен қоғамдық көлікте, сондай-ақ жұмыс орындарында азаматтардың қол алысуын болдырмау, адамдар арасында екі метр әлеуметтік арақашықтықты сақтау мен бетперделерді дұрыс кию қамтамасыз етілсін. Жеке гигиена, түшкіру мен жөтелу этикетін сақтау қажет", – делінген қаулыда.

Бұдан бөлек, респираторлық инфекцияның алғашқы белгілері пайда болғанда бірден жедел жәрдем шақыру керек. Осы орайда облыстық бас санитар дәрігер орынбасары емханаға бармай, үйде медициналық көмекке шұғыл жүгінуге кеңес береді.

Қаулыға сәйкес, мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор, ұлттық компаниялар, сондай-ақ, кәсіпкерлік нысандар штатында 30 адамнан артық қызметкер болған жағдайда олардың 70 проценті қашықтан жұмыс істеуге жіберілуі керек.

ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді

"Азаматтарға арналған үкімет" корпорациясына қарасты халыққа қызмет көрсету орталықтары мен 1414 байланыс қызметінің жұмыс кестесі сағат 09:00-ден бастап 17:00-ге дейін, ал сенбі 14:00-ге дейін белгіленді. Мамандырылған ХҚКО да солай жұмыс істейді.

Жексенбі күндері қоғамдық көлік қозғалысы тоқтатылады. Сондай-ақ, 500 шаршы метрден асатын сауда ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері мен жабық базарлар жұмыс істемейді.

Жабық үй-жайларда, сондай-ақ ашық орындарда ойын-сауық, спорттық және отбасылық шараларды өткізуге тыйым салынған. Ойын-сауық мекемелері де жұмыс істемейді. Олардың қатарында караоке, бильярд, компьютер клубтары, букмекер кеңселері, түнгі клубтар, боулинг орталықтары, кинотеатрлар мен тағы басқа адам көп жиналатын орындар бар.

50 адамға дейін шектеу қойылды

Ал кітапхана мен музей сияқты мәдениет нысандары жұмыс істейді. Бірақ ішінде жүргендердің саны 30 адамнан аспауы тиіс. Театрларда 50 адамға дейінгі шектеу қойылған. Діни нысандар да ашылады. Алайда ұжымдық шараларды өткізуге рұқсат жоқ.

Сауда орталықтары, сауда үйлері мен азық-түлік дүкендері түнгі сағат 22:00-ге дейін жұмыс істесе, азық-түлік тауарлары сатылатын жабық базарлар мен азық-түлік сатпайтын дүкендер кешкі сағат 18:00-де жабылады.

Мейрамханалар мен дәмханалар, ойын-сауық сауда орталықтарында орналасқан қоғамдық тамақтану орындары жұмыс істей береді. Сұлулық салондары, шаштараздар, СПА-орталықтар, моншалар мен сауналар кешкі сағат 20:00-ге дейін ашық болады.

Оқи отырыңыз: Биыл біз қатаң шектеу шараларынан айналып өте аламыз – Тоқаев

Облыстық командаларды даярлау үшін оқу-жаттығу жиындарын қайта бастауға рұқсат берілді. Бірақ бір мезгілде 30 адамнан артық жиналмау қажет. Спорт кешендері мен бассейіндер жұмыс істейді.

7
Кілт сөздер:
Павлодар, шектеу, карантин
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин
Тақырып бойынша
Тоқаев карантин енгізген кезде кәсіпкерлердің мүддесін ескеруді тапсырды
Нұр-Сұлтанда карантин күшейтіле ме – әкім астаналықтарға үндеу жасады
Қазақстан Ресеймен шекарада неге шектеу енгізді?
Қазақстанда карантин жеңілдетілді – қандай шектеу сақталады
Қандай жағдайда алматылық кәсіпорындар қызметіне шектеу қойылатыны белгілі болды
Зертхана қызметкерінің қолындағы пробирка

Семейде зертхананың әрбір екінші COVID анализі қате болып шықты

32
(Жаңартылды 10:23 27.10.2020)
Зертханада оң нәтиже көрсетілген 40 сынаманың 21-і немесе 52,5% қате болып шықты. Қайта тексеру кезінде олардан COVID-19 анықталмаған

НҰР-СҰЛТАН, 27 қазан – Sputnik. Қазақстанның шығысында коронавирусты анықтау қызметіне арнайы комиссия тексеру жүргізіп, қате тапты. Пациенттер алған әрбір екінші оң нәтиже дұрыс емес болып шықты, хабарлайды КТК арнасы.

"Облыстық репродуктивті медицина орталығындағы зертханалық ПТР зерттемелердің сыртқы анализіне тексеріс жүргізу нәтижесінде, сәйкес келмейтін оң үлгілердің республика бойынша ең жоғары пайызға ие екендігі анықталды. Семейдегі жекеменшік зертханада оң нәтиже көрсетілген 40 сынаманың 21-і немесе 52,5% қате болып шықты. Қайта тексеру кезінде олардан COVID-19 анықталмады", – дейді облыстағы тауарлар мен қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз хатшысы Бағлан Тауанова.

Осындай олқылықтар анықталғаннан кейін аймақтағы жалпы статистика қайта қарала ма, жоқ па? Ол жағы қазірше белгісіз.

Айта кетейік, бүгінгі таңда Шығыс Қазақстан облысы коронавирустың анықталуы бойынша республика бойынша алдыңғы орында.

Ресми мәліметтерге сәйкес, облыста індет жұқтыру дерегі 9 167 адамда расталған.

Оқи отырыңыз: Ғалымдар коронавирус қалай таралатынын видео арқылы көрсетті

 

32
Кілт сөздер:
індет, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Коронавирус ақша мен телефон экранында қанша уақыт сақталады – ғалымдар зерттеу жасады
Қара бұрыш коронавирустан қалай қорғайды – ғалымдар жауабын айтты
Бекшин коронавирус жұқтырғандардың қай елдерден көп келетінін айтты
Ғалымдар ауадағы коронавирусты анықтайтын құрылғы ойлап тапты
Республикалық ветеринарлық зертхана қызметінің бастығы ұсталды – видео
Қонаев ескерткішінің құрылысы тоқтатылды

Алматы облысында Қонаев ескерткішінің құрылысы тоқтатылды

4
20 қазанда әлеуметтік желіде Дінмұхамед Қонаев ескерткішінің суреті мен видеосы тарады. Мүсіншілер мен желі қолданушылары жаңа монументті сынға алды

АЛМАТЫ, 27 қазан – Sputnik. Алматы облысында Дінмұхамед Қонаевқа арналған ескерткіштің құрылыс жұмыстары тоқтатылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Облыстың мәдениет басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, 21 қазанда эскиздегі ескерткіш пен желіде тараған сурет арасында айырмашылық болуына байланысты құрылған арнайы жұмыс тобы құрылысты тоқтату туралы шешім қабылдады. Сонымен қатар ескерткішке қатысты барлық ескертуді жоюға екі апта уақыт берді.

"21 қазанда құрылған жұмыс тобы заңбұзушылықтарды анықтау үшін Балқаш ауданына барды. Барлық жауапты тұлғаны, соның ішінде мүсіншіні жинап, жұмыс тобы ескерткішті орнатуға қатысты құрылыс жұмысын тоқтатты. Сондай-ақ, ескерткіш бойынша барлық ескертуді екі апта ішінде жоюға нұсқау берілді", - деп мәлімдеді облыстың мәдениет басқармасы.

Енді Балқаш ауданының әкімдігі тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі облыстық комиссияның қарауына құжаттар мен эскиздік жобаларды қайта ұсынуы қажет.

"2020 жылдың 15 қазанында мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың ескерткішін орнату жөніндегі барлық тиісті құжат тексерілді. Тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау жөніндегі облыстық комиссия мақұлдады. Содан кейін барлық тиісті құжат Нұр-Сұлтан қаласындағы мемлекеттік комиссияның қарауына жіберілді. 20 қазанда әлеуметтік желі арқылы Қонаевтың ескерткіші мемлекеттік комиссия шешімін күтпестен орнатылғаны белгілі болды", - делінген ақпаратта.

Айта кетейік, 20 қазанда әлеуметтік желіде Дінмұхамед Қонаев ескерткішінің фотосы мен видеосы тарады. Мүсіншілер мен желі қолданушылар жаңа монументті сынға алды. Оның талғамсыз жасалғанын жазды.

Бұдан соң облыстың мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы Дінмұхамед Қонаевтың ескерткішін орнатуға бюджеттен ақша бөлінбегенін хабарлады. Барлығы демеушілер қаржысына жасалған.

Айта кетейік, мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаев ескерткішін Алматы облысы Балқаш ауданы Бақанас ауылындағы Қонаев саябағына орнатуды Балқаш аудандық әкімдігі ұсынған.

4
Кілт сөздер:
құрылыс, ескерткіш, Дінмұхамед Қонаев
Тақырып бойынша
"Ол мені қорғап қалды" Дінмұхамед Қонаев туралы не білеміз?
Қонаевтың ескерткіші желіде қызу талқыланып жатыр: арнайы тексеріс болады
Қонаевтың жаңа ескерткіші төңірегінде дау туды – видео 
Нұрғали Нүсіпжанов Дінмұхамед Қонаевтың өзіне не дегенін айтты
Нұр-Сұлтанда мектепке Қонаевтың есімін беру ұсынылды – әкім не дейді?