Шыны алдындағы алақан

Балалары бірге тұрудан бас тартқан ананың әрекеті жаға ұстатты видео

1524
Арызданушының әрекетін көрген полицейлер егер балалар бірге барудан бас тартса, оларды ешкім мәжбүрлей алмайтынын ескерткен

НҰР-СҰЛТАН, 5 қазан – Sputnik. Маңғыстау облысының Басқұдық ауылында отбасылық жанжал түсірілген видео әлеуметтік желіде кең таралды. Ажырасып кеткен әйел күйеуімен бірге тұрып жатқан балаларын алып кетуге келген. Алайда, жасөспірімдер анасымен бірге тұрудан бас тартқанымен, әйел оларды алып кету үшін күш қолданған, деп хабарлайды жергілікті lada.kz сайты.

Полицейлердің мәлімдеуінше, даудан кейін үш бала да әкесінің жанында қалған. Ал әйелдің қолында балалар өзімен бірге болуы керектігі жөнінде сот шешімі болған.

"Бұл оқиға 2 қазан күні Басқұдық ауылында болды. Әйел қолында сот шешімі болғанымен, бұрынғы күйеуім балаларымды бермеді деп учаскелік полицейге арызданған. Кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі инспектор мен учаскелік инспектордың көмекшісі балалардың тұрғылықты жеріне барды. Ал балалардың таңдауы анасы қалағандай болмай шықты", – делінген ақпаратта.

Құқық қорғаушылар егер балалар өзімен бірге барудан бас тартса, оларды ешкім мәжбүрлей алмайтынын және олардың психикасына зақым келтірмеу керектігін арызданушы әйелге ескерткен. Оған қорғаншылық бөліміне хабарласуға кеңес берілгенімен, әйел ондай ұсыныстан бас тартқан.

"Қазіргі кезде балалар әкесімен бірге тұрып жатыр. Полиция қызметкерлері балалардың анасымен бірге барғысы келмейтінін көрген соң, арызданушы мен оның адвокатына сот орындаушыларымен бірге келуді сұрады", – делінген Маңғыстау облысы полиция департаментінің хабарламасында.

Оқи отырыңыз: Әбден әлсіреген балалар Қордай ауруханасына түсті: дәрігерлер мән-жайды айтты

 

1524
Кілт сөздер:
Маңғыстау облысы, балалар құқығы, балалар
Тақырып бойынша
Батыс Қазақстандағы трагедия: көлікпен бірге суға батып кеткен балалар өлімінің мән-жайы
Павлодарда 5 жасар қыз өгей әкесі емес, атасы зорлағанын айтып жаға ұстатты
Бір апта бойы ас-сусыз қалған: Үш жасар қыздың өлімі жаға ұстатты
"Айдалаға сүйреп апара жатыр": полиция жаға ұстатарлық видео туралы ақпарат таратты
Сәби кімге қалады: Алматыдағы асырап алушы мен ананың дауы тығырыққа тірелді
Полиция Казахстана. Архивное фото

"Шығарып тастаңдар!": Қарағандыда жүздеген адам жиналды, ғимарат қоршауға алынды видео

1587
Қарағандыға ЛГБТқауымдастығының өкілдері келіп, Абай көшесіндегі ғимаратта тренинг өткізбекші болды

НҰР-СҰЛТАН, 29 шілде – Sputnik. Қарағанды қаласында жүздеген адам бизнес орталықтың алдына жиналып, ЛГБТ қауымдастығы өткізген тренингке қарсылық білдірді, деп хабарлады Polisia.kz.

Порталда жарияланған видеодан арнайы жасақтың ғимаратты қоршауға алғанын көруге болады. Ер адамдар:  "Сыртқа шығарып тастаңдар! Аллаху әкбар!", - деп айқайлайды. Ал полиция қызметкерлері дауыс зорайтқыш арқылы оларды сабырға шақырады. Одан кейін ғимараттан бірнеше адам шығып, көлікке отыра бастады. Осы кезде жиналғандар одан да қатты айқайлайды. "Міне, жігіттер! Бәрі шықты! Енді сабыр етіңдер! Болды енді", - дейді полицейлер.

Ресми мәліметке сәйкес, 28 шілде күні Қарағандыға ЛГБТ қауымдастығының өкілдері келген. Олар Абай көшесінде орналасқан бизнес орталықта кабинет жалдап, тренинг өткізбекші болыпты. Бірақ оны естіген жергілікті тұрғындар наразылық білдіріп, тренингті тоқтатуды талап етті. Ал тәртіп сақшылары жағдайды ушықтырмау үшін арнайы жасақтың көмегімен ғимаратты қоршауға алды. Сосын ЛГБТ өкілдерін көлікке отырғызып, қауіпсіз жерге шығарды.

Қазіргі кезде қауымдастықтың белсенді өкілдері Қарағанды облысынан кетіп қалған.

1587
Ақтөбе облысында жол апаты болды

Ақтөбе облысында өзбектер мінген көлік бірнеше рет аударылды

601
Жол апатынан көлік жүргушісі және сегіз жолаушы жарақат алып, Айтеке би ауданының орталық ауруханасына жеткізілді

НҰР-СҰЛТАН, 29 шілде – Sputnik. Ақтөбе облысында жол апатынан жүргізуші мен 8 шетел азаматы зардап шекті, деп хабарлады Polisia.kz.

Ресми мәліметке сәйкес, Атырау облысының 36 жастағы тұрғыны 8 шетел азаматын Toyota Previa көлігіне отырғызып, Самара-Шымкент тас жолына шыққан. Таңғы сағат 07:10-де Қарабұтақ кентіне жақын жерде көлік жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолдан ұшып кетті. Көлік бірнеше рет аударылды.  

"Жол апатынан көлік жүргушісі және сегіз жолаушы жарақат алып, Айтеке би ауданының орталық ауруханасына жеткізілді. Шетелдіктердің бәрі – Өзбекстан азаматтары. Олар Түркістан облысындағы "Жібек Жолы" бақылау-өткізу бекеті арқылы Қазақстанға кіріп, Атырау облысына жұмысқа бара жатқан", - дейді полицейлер.

Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 345-бабы, 2-бөлігі (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Бұл бап 160 АЕК-ке дейiнгi мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не жүз алпыс сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тарту не қырық тәулікке дейінгі мерзімге қамау алу жазасын қарастырады.

Жыл басынан бері Ақтөбе облысында 32 жол апаты болып, 7 адам қайтыс болды. Бұдан бөлек, 34 адам зардап шекті.

601
Гүл

Жас жазушы Аягүл Мантай қайтыс болды

0
(Жаңартылды 14:10 29.07.2021)
Аягүл Мантайдың неден көз жұмғаны әзірге белгісіз

АЛМАТЫ, 29 шілде – Sputnik. Қазақстандық жас жазушы Аягүл Мантай өмірден өтті. Қаралы хабарды марқұмның әріптесі, ақын Сүндет Сейітов растады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Аягүл Мантай Түркістан облысы Мақтарал ауданы Байқоныс ауылында дүниеге келген.

Ресей халықтар достығы университетінде оқыды.

2009 жылы "Жалын" баспасынан "Жаңбырлы көктем" атты әңгімелер жинағы жарық көрген. "Жүрекке оралу" кітабының авторы.

"Серпер" жастар сыйлығының лауреаты. 2010 жылы Әдебиет номинациясы бойынша президент стипендиясының иегері атанды.

Танымал қазақстандық режиссер Болат Атабаев қайтыс болды

0